Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар, бақалар. Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі76,9 Kb.
#28257
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар, бақалар.

Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қосмекенділер туралы түсінік алу. Бақаның өзіне тән қандай белгілері бар екенің және олардың түрлерін қарастыру.

Білімділік:     Оқушыларды  компьютерлік  графика ұғымымен таныстыра отырып,   графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін  қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқылған материалды сараптауда өзіндік ой пікірдің қалыптасуы, өз ойын шығармашылық тұрғыда жеткізу.

Дамытушылық:    Оқушылардың компьютерлік  графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы  теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары өз бетінше ізденіп,алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиелік:  Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану,  барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Топпен, жеке жұмыс,баяндау,сұрақ – жауап, репродуктивті, СТО технологиясының элементтері

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Көрнекі құралдар: слайд , үлестірмелі қағаздар, суреттер,тірек-сызбалар.

Сабақтың құрылымы:

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық. «КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ?» Көңіл - күйді анықтау.


Әр оқушы өзінің көңіл - күйін білдіретін суретті парақшаны көтереді

Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру.Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.



«5»-тік баға алған оқушы купе вагонымен;

«4» -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;

«3» -тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,

ал «2» -лік баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.

Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше

купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.

Сәт сапар тілейміз!

Өткен материалды тереңдетіп тексеру.

Сәйкесін тап

Шеміршекті балықтардың денесін қаптайды.

Желбезек

Компьютерлік графика дегеніміз?

Екі өшемді: векторлық, растрлық, фракталдық

Сүйекті балық

Шаншарлы скат

Компьютерлік графика түрлері?

Компьютердін көмегімен жасалатын барлық суреттер, анимациялар, диаграммаларды, кестелерді айтады

Тік ішектің кеңейген бөлігі

Ихтиология

Векторлық графиканың негізгі элементі?

Графика өлшемі математикалық формулармен анықталады

Балықтарды зерттейтін сала

Плакоидты қабыршақ

Растрлық графика көбіне қайда қолданылады?

Нүкте болып табылады

Балықтардың тынысалу мүшесі

Клоака

Фракталды графика өлшемі немен анықталады?

Графика көбіне интернетте қолданылады

Шеміршекті балық

Табан

Растрлық кескіндердің негізгі элементі

Негізгі элементі сызық, доға, геометриялық фигуралар

Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі Балықтарға және қосмекенділерге қатысты жұмбақ жасыру.

Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секендеп.

Шыбын –шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп. (бақа)



Жаңа материалмен танысу

1 топ: Баяндаушы топ. Жаңа тақырыпты баяндап беру. Қосмекен

1 топ: Paint бағдарламаларын пайдалана отырып бірнеше өзгерістер енгізіп, мәтін, түс т.б. бір кескінді жасап шығару
2 топ: Түсінік беруші топ. Жаңа тақырып ішіндегі сөздіктерге түсінік беру.

2 топ: бағдарламасын пайдалана отырып, компьютердің экран бетімен жұмыс жасап, біреулерге нұсқау ретінде геометриялық фигураларды пайдаланып, кейіпкердің суретін салу. 

3 топ: Ізденуші топ. Қосмекенділер жөнінде қосымша материал жинақтау

3 топ: Векторлық графикаға байланысты суреттер табу


Сергіту сәті
Жаңа материалды түсінгендерін тексеру

1-деңгей «Биологиялық диктант»

  1. Бақаның тоқ ішегінің соңғы бөлігі ............ ішек деп аталады.

  2. Бақалар ............. қосмекенділер отрядына жатады.

  3. Қажетсіз заттар арқылы ....................... сыртқа шығарылады.

2-деңгей «Сұрақ-жауап»

Векторлық графиканың

Артықшылықтары

  • Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.

  • Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

  • Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

  • Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.

3-деңгей Тест жұмысы 10 сұрақ

1.Итшабақ дегеніміз:

А/ Бақаның дернәсілі В/Жас балық С/ Уылдырық

2. Құйрықсыз қосмекенділерге қайсысы жатады:

А/ тритон В/ көл бақа С/ саламандра

3. Ересек қосмекенділер қандай мүшелер арқылы тыныс алады:

А/ өкпе және тері В/ Тек тері С/ тек желбезек

4. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құрбақа

А) жасыл құрбақа В)кәдімгі құрбақа С) даната құрбақасы

5. Бақаның қан айналымы неше шеңберлі болады:

А/ бір В/ екі С/ үш

6. Компьютерлік екі өлшемді графика:

А/ растрлық, іскерлік, фракталдық

В/ растрлық, фракталдық, векторлық *

С/ іскерлік, ғылыми, көркемдік

7. Компьютерлік үш өлшемді графика:

А/ растрлық, іскерлік, фракталдық

В/ растрлық, фракталдық, векторлық

С/ іскерлік, ғылыми, көркемдік *

8. Векторлық графика?

А/ негізгі элементі сызық, доға. геометриялық фигуралар

В/ негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі *

С/ негізгі элементі математикалық формулар бола алатын графика

9. Растрлық графика?

А/ негізгі элементі нүкте болып келетін графиканы түрі *

В/ негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі

С/ негізгі элементі математикалық формулар бола алатын графика

10. Фракталдық графика?

А/ негізгі элементі нүкте болып келетін графиканы түрі

В/ негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі

С/ негізгі элементі математикалық формулар бола алатын графика *
Жаңа материалды бекіту.

Paint бағдарламасы арқылы бақаның суретін фигуралар арқылы құрастыр. Бақаға ассоциация





Қорытынды.

Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Биология:

§53 оқу. Іздену жұмысы:Эссе. “Қосмекенділердің пайдасы мен маңызы”.



Информатика:

Векторлык компьютерлік графика түрлері презентация жасап акелу. § 26-27 оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет