Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Көркем шығарма
Тақырыбы:
«Отан сүйер ұланбыз»
Пән мұғалімі : Кулманова З.С.
Класы: 4
2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Отан сүйер ұланбыз (қайталау сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жазушысы Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, бастауыш кластарға арналған әңгімелерін жүйелеу.
2.Дамытушылық: Түрлі бағыттағы тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік: Елжандылыққа,отансүйгіштікке,ержүректілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
Көрнекілігі: 1. Б.Момышұлының портреті
2. Б.Момышұлының шығармалары
3.Сабақтың жоспары
4.Түрлі ойындар, сөзжұмбақтар мен бейнелі сөздер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Дәстүрлі той тәлімі
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған қазақ ауылындағы той.
1.Кіріспе сөз. Балалар , елдің өткені мен бүгініне көз жіберер болсақ ,тарих көшінде небір оқиғалар болды. Биылғы жыл еліміз үшін тарихи мерекелі жыл болмақ. Ел басымыз биылғы жолдауында 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықтау жылы деп жариялады. .Бұл үлкен қуаныш,зор мәртебе.Осы атаулы мерекеге байланысты біздің класта той болғалы отыр. Сендер де осы тойға шақырылған қонақсыңдар. Халқымыздың дәстүрінде тойға шақырылған қонақтар шашу әкеледі.Сендер де осы тойға шашумен келіп отырсыңдар.Шашуларың сендердің алған білімдерің.Әрбір оқушының осы тойға қосар үлесі бар.Біздің дайындығымыз қандай? Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
-Бауыржан кім? Оның өскен ортасы туралы не білеміз?
- Өзімізге таныс қандай шығармасын білеміз?
Қазақ ауылындағы той. Ол қалай өткен? Ел намысын, ру намысын қорғаған қазақ халқы алдын – ала сауын айтып, хабар берген. Хабарды естісімен бәйгеге қосар тұлпарларын, жауырыны жерге тимеген балуандарын, айтыскер ақындарын, көкпаршыларын дайындаған. Біздер де екі ауылдың атынан шығып, Бауыржан атамыздың шығармалары бойынша алған білімдеріміз жөнінен күш сынасамыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдық құрметіне батыр аталар атымен бір топты «Бауыржан ата ауылы», екінші топты « Қожабай ата ауылы» деп жарысқа түсейік.
«Жүйрігін сынау үшін – жарыс керек» демекші көкпар сайысы, аламан бәйге айтыс ақындары мен палуандардың сайысы өтеді.
Алдымен «Бауыржан ата ауылы», «Қожабай ата ауылы» өздері туралы мағлұмат берсін.
Бауыржан ата – өмір жолы туралы деректер
Қожабай ата –өмір жолы туралы деректер
Көкпарды , құрбан төліңді,
Тартқанмен көңіл қошында,
Тартысып өткен елімнің
Таңбасы жатыр осында! – деп көкпар сайысын бастаймыз.Көкпар – қазақтың ұлттық ойыны.Көкпарға көбіне лақ тартылады. Лақ – «Батырлар ерлігі- өшпес тарих» тақырыбында шығармашылық жұмыс.Кім жақсы жауап берсе, сол ауыл жеңіске жетеді.
Бауыржан ата ауылы шығармашылық жұмыс
Қожабай ата ауылы шығармашылық жұмыс
Қазақ топырағында той айтыссыз өтпейді.Айтыс десе, делебесі қозбайтын қазақ жоқ. «Өнер алды – қызыл тіл» деген халқымыз бұл өнерді ерекше бағалаған.Айтыстың бәрі дерлік ойын – сауықта, ас – тойларда өтетін болған.Әділ төрелік ететін билер мен ауыл ақсақалдары.Төрешілердің тауып айтқан сөзіне дау айтуы орынсыз. «Аталы сөзге арсыз ғана жауап қайтарады, »дейді халқымыз.Айтысымызды бастаймыз.Ол үшін Бауыржан атамыз бен Қожабай атамыздың жазған ерлік туралы айтылған қанатты сөздерін еске түсірейік.
Өзі өмірдің адамды тірестірген
Бірі жаңа тірестің бірі ескірген
Алқақотан отырып, иісі қазақ
Азаматын өзара күрестірген – дей отырып,ортаға мықты деген палуандарымызды шақырамыз.Сұрақтарға жауап беріп, күш сынасады.
Сұрақтар:
Бауыржан ата ауылының палуанына
1.Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген,дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар.Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата – аналарымның бейнесі елестейді.Солардың уағызы басымырақ бола береді.(Қандай шығарма? Ұшқан ұя.Б.Момышұлы)
2.Ерлік туралы мақал - мәтел
Қожабай батыр ата ауылының палуанына
1.Cоңғы сабақтан шыққан Қожабай кабинетіне келіп класс журналын столдың суырмасына салды да, аз – кем тыныстайын деп терезенің жақтауына сүйенген күйі, сыртқа көз жіберді.Ақ қырау әшекейлеген әйнектің алақандай ашық жерінен әлгінде тарап, үйді – үйіне кетіп бара жатқан кішкентай шәкірттері көрінді. Көбісі сырт киімдерінің жағасын көтеріп алған. ( Қандай шығарма? Ерлік басында М.Құрманалин)
2.Ерлік туралы мақал – мәтел
«Ат шабыс, аламан» десе ішкен асын жерге қояр жұрт соңғы жылдары байтақ елдің әр шалғайында дүркіреп өтіп жатқан ұлы тойлардың тұсында оның біршама қызығын тамашашалап үлгерді.Әрқайсысымыз өзімізді осы аламан бәйгеге қосылған тұлпармыз деп есептейік.Ұзақтығы – он шақырым, яғни он сұрақ.Әркім өзіне ұпай жинайды.
Сұрақтар:
Бауыржан ата ауылы
1.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945)
2. Бауыржан ата неше жасында майданға шақырылды? (31 жасында)
3.Өзінің қандай шығармалары бар?(Ұшқан ұя, Москва үшін шайқас,Жауынгердің тұлғасы,Майдандағы кездесулер,Т.Тоқтаров т.б)
4. Бауыржан ата туралы жазылған қандай шығармаларды білесің?(Ақиқат пен аңыз,Шуақты күндер, Арпалыс)
5. Бауыржан атаның есімі қандай жерлерге берілген ? (№45 мектеп –гимназия Алматы қаласы,Ескерткіш Алматы қаласында ,100 жылдығына деректі фильм,Жамбыл облысында Бауыржан ауданы, Астана,Алматы, Тараз,Атырау,Семей)
6. Кеңес Одағының Батыры атағын қай уақытта алды? (1990ж 11 желтоқсан)
7. Биыл жеңіске неше жыл ? (70 жыл)
8. Батыр туралы түсірілген деректі фильм? (Қазақтың Бауыржаны)
9. «Ғасыр адамы» атағы қай жылы берілді? (2000 жыл)
10.Қай жылы дүниеден озды?(1982 ж,10маусым 71 жасында)
Қожабай ата ауылы
1. Жеңіс күні қай күн? ( 1945 жыл 9мамыр)
2. Қожабай ата неше жасында майданға шақырылды?(22 жасында)
3. Қожабай ата туралы қандай шығармалар білесің? (ерліктің мәңгілік алауы2000 ж, біз білетін бір батыр2010 ж).
4. Жазықов атындағы шәкірт ақы иегері кім? (Қоңыратбай Тоғжан)
5. Есімі қай жерлерде берілген?(мектепке, көшеге Ақтөбе қаласында )
6. Мектебімізге батыр есімі қай жылы берілді? (1995ж сәуір айы)
7. Кеңес Одағының Батыры атағын қай уақытта алды?(1945 ж 28 .04)
8.Соғыстан кейін қандай қызмет атқарды?(мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі)
.9. Батыр ата ұрпақтарын білесің бе?(Балғали,Мақпал,Тамара,Лаура,Темірғали)
10. Қай жылы дүниеден озды? (1982ж).
ІІІ.Сабақты қорытындылау Осымен тоймыз аяқталды.Қазақтың тойы той тарқармен аяқталады. Тойтарқар ретінде сөзжұмбақты шешейік.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
А
|
Т
|
Ы
|
Р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
А
|
Қ
|
Ы
|
Т
|
Ж
|
А
|
Н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Л
|
А
|
У
|
Р
|
А
|
|
Ж
|
А
|
М
|
Б
|
Ы
|
Л
|
|
|
|
|
|
|
Қ
|
Ұ
|
Р
|
М
|
А
|
Н
|
А
|
Л
|
И
|
Н
|
|
|
|
|
|
|
Ж
|
е
|
Т
|
П
|
І
|
С
|
Ә
|
З
|
І
|
Л
|
Х
|
А
|
Н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н
|
ұ
|
р
|
ж
|
а
|
н
|
1.Ержүрек,мықты
2. Бауыржан атаның ұлы
3.Қожабай атаның қызы
4.Бауыржанның туған жері
5.Қожабай ата туралы жазған шығарма авторы?
6.Жеңістің шеше жылдығы?
7. «Ақиқат пен аңыз» кітабының авторы
8.Қожабай ата немересі?
Бағалау.
Үйге тапсырма.Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы мәліметтер жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |