Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Қазақ тілі Т2
|
Бөлім: 3. «Мәдени мұра»
|
Күні :
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сынып: 4
|
Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :
|
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық мереке
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
4.3.1.1* мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.3.3.1* мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
|
Сабақтың мақсаты :
|
Оқушылардың барлығы: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды,
мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтайды
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ертеңгілік шеңбер.
«Мен саған тілеймін»
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және
мақсатымен таныстыру.
|
Барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы жақсы тілек айтады.
Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!
|
Қолпаштау
|
|
Сабақтың ортасы
|
1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:
Жаңа сөздер:
Кимешек-
Шапан-
Тақия-
Қамзол-
Қосетек көйлек
Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру жаттығуы:
2. 1-тапсырма
Көрсетейік және айтайық
Суреттерге қара. Суреттерді саусағыңмен жүргізіп, атауларын қос.
3. Айтылым
Суреттерде берілген киімдерді сипатта
4. Айтылым
2-тапсырма.
Көрсетейік және айтайық
|
Тыңдалым,айтылым.
Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін құрастырады. Мысалы:
Анамда өте әдемі қосетек көйлегі бар.
Айтылым/Оқылым
Суретке қарап, жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.
Керекті сөздер: тақия,қамзол,қосетек көйлек,кимешек,шапан,кебіс.
Суреттерде берілген киімдерді сипаттайды.
Үлгі: Кимешек өте әдемі. Ол мақтадан тігіледі. Кимешектің шетінде қызыл оюлар бар. Әжемнің кимешегі өте сәнді.
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап береді.
1. Отбасы қандай тойға әзірленіп жатыр?
2. Отбасы мүшелері қандай киім киген?
|
«Бас бармақ»
Дескриптор:
-сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, сұрақтарға жауап береді
Дескриптор:
Суреттерде берілген киімдерді сипаттайды
Дескриптор:
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Слайд
Слайд
Оқулық 87 бет
Слайд
Оқулық
88-89 бет
|
|
Сергіту сәті
|
|
|
6. Тыңдалым.Жазылым. Айтылым.
4-тапсырма а) Мәтінді тыңда және оқы. Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықтап, дәптерге жазып алыңдар.
Отбасылық мереке
Бүгін біздің үйде той болады. Менің қарындасымның
тұсауын кесеміз. Міне, қараңыз. Үйдегі адамдардың бәрі
ұлттық киімдерін киген. Әжемнің кимешегі өзіне сондай
жарасады. Қамзолдың ою-өрнегі қандай әдемі! Атам-
ның шапаны да өте әдемі. Оның қалпағы өзіне жарасады.
Әкемнің тақиясы мен менің тақиям бірдей. Анау – біз-
дің үйдің ерке қызы. Оның жанындағы – кіндік шешесі.
Ол Томиристің тұсауын кеседі. Томириске қараңыздар-
шы, сондай сүйкімді! Ол үстіне қосетек көйлек, басына
тақия, аяғына былғары кебіс киген.
Дескриптор:
Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықтап, дәптерге жазып алады.
орфографиялық нормаларды сақтайды
Ә) Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Болаттың отбасында қанша адам бар?
2. Болаттың үйіне кімдер қонаққа келді?
3. Болаттың қарындасының аты – кім?
4. Болаттың үйінде болатын «отбасылық мереке»
қалай аталады?
Дескриптор:
Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша, сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
7. Жазылым.
6-тапсырма а) Берілген сөздермен сөйлем құрап жаз.
Кимешек, тақия, қалпақ, қамзол, шапан, қосетек көйлек.
Ә) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жаз.
|
Жазылым.
А)Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады.
Үлгі: Менің кіндік шешемнің аты – Сәруар. Ол был-
ғарыдан кебіс тігеді.
Ә)
1. Менің әжем... қамзолы әдемі.
2. Сенің атаң... қалпағы бар ма?
3. Сіздің әкең... тақиясы әдемі екен.
4. Томирис... кіндік шешесі келіпті.
5. Біз... отбасымыз өте үлкен емес.
6. Бүгін үйде отбасылық мереке болады. Той... қонағы
болыңыз.
|
Дескриптор: − Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады.
- Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жазады.
|
|
Сабақтың соңы
|
Үйге: 89 бет 7-тапсырма
|
|
|
Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төрт-бұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады.
Алма ағашы Бәйтерек Тікенек
|
|