Мысалы: кім? – әке, ...
4-тапсырма. Суреттер бойынша мәтін мазмұнын болжаңыз.
Қажетті сөздер:
әке мен бала, ескі таға,
әкесінің ақылы, еріну, еңбекке үйрету
Ықтимал жауап: әкесі баласына ақыл айтады, әкесі ескі таға тауып алады, әкесі баласын
еңбекке үйретеді.
Мәтінмен жұмыс.
1.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір
ескі
тағасын көріп, баласына айтты:
–
Анау тағаны, балам, ала жүр,– деп.
Бала әкесіне:
–
Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,– деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші
ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға
сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие
сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен
өзі бірем-бірем алып жеп,
баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң,
әкесінің қолынан бір шие
жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен
шиені
жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз
өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты
рет иіліп, жерден алып жеді.Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
– Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,
енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің.
Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың; азға
қанағат ете білмесең – көптен де құры боласың – деді.
(
Ы.Алтынсарин/https://surak.baribar.kz/290512/)
2.Үйренген сөздерді қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз
көзқарасыңызды
білдіріңіз.
Тірек сөздер:
әке, бала, ескі таға, ұста, иілу, еріну, қанағат, еңбек
3.Сұрақ құрастырыңыз. Сұраққа жауап беріңіз.
Ықтимал сұрақ:
1.Әкесі мен баласы қайдан келе жатты?
2.Әкесі жолда не көрді?
3.Әкесі баласына не айтты?
4.Бала не деді?
5.Тағаны кім иіліп алды?
6.Әкесі тағаны кімге сатады?
7.Ақшаға не сатып алады?
8.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
9.Әңгіменің басты идеясы неде?
Ықтимал жауап:
1.Әкесі мен баласы егіннен келе жатты.
2.Әкесі жолдан аттың бір ескі тағасын көреді.
3.Әкесі баласына: «Анау тағаны, балам, ала жүр», - дейді.
4.Бала: «Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын»,- деді.
5.Тағаны әкесі иіліп алады.
6.Әкесі тағаны ұстаға үш тыйынға сатады.
7.Ақшаға шие сатып алады.
8.Әкесі баласына: «Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты
қыйынсынсаң - көп жұмысқа
тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың»,- дейді.
9.Әңгіменің басты идеясы – еңбекті сүю.
Достарыңызбен бөлісу: