Сабақтың тақырыбы Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру



Дата21.12.2022
өлшемі136,53 Kb.
#163592
түріСабақ
Байланысты:
Жылулық машиналар және экология

Жылулық машиналар және экология

Сабақтың тақырыбы

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

Термодинамиканың екінші бастамасы;

Термодинамиканың екінші заңы нені көрсетеді?

Процесстер нешеге бөлінеді?

Қайтымды процесс дегеніміз не?

Қайтымсыз процесс дегеніміз не?

Табиғаттағы процесстер қандай процесстерге жатады?

Р. Клаузиус термодинамиканың екінші заңын қалай тұжырымдады?

Термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайтып келетіндей түрде жүретін термодинамикалық процестердің жиынтығын тұйық процесс немесе цикл деп атайды.

Тұйық процестер немесе циклдер барлық жылу машиналарының жұмыс істеу принципінің негізі болып табылады.

Заттардың ішкі энергиясын энергияның кез келген түріне айналдыратын механизмдерді жылу машиналары деп атайды.

Жылу машиналарына

іштен жану двигательдері;

пар немесе газ турбиналары; салқындатқыштар және т.б. қондырғылар жатады.

Негізінен жылу машиналары Карно циклімен жұмыс атқарады. Карно циклі 2 изотермадан және 2 адиабатадан тұрады.

1 – 2 – изотермиялық ұлғаю.

2 – 3 – адиабаталық ұлғаю.

3 – 4 – изотермиялық сығылу.

4 – 1 – адиабаталық сығылу.

Карно циклімен жұмыс істейтін кез-келген жұмыс машинасы температурасы Т1 қыздырғыштан (1), жұмыс денесінен (3) және температурасы Т2 салқындатқыштан (2) тұрады.

Бір циклде жұмыс денесі қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерін алады, салқындатқышқа Q2 жылу мөлшері береді және сыртқы денелермен А жұмыс атқарады:

Кез-келген қондырғының тиімділігі - пайдалы әсер коэффициентімен анықталады:

Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті бір цикл кезінде атқарылған пайдалы жұмысының қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасына тең болады.

Студенттің өзіндік жұмысы:

Сынып екі топшаға бөлінеді;

Екі топшаның оқушылары «Жылу двигательдері және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында пікірталас жүргізеді.

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

Қандай процестер тұйық процестер деп аталады?

Жылу машиналары дегеніміз не?

Жылу машиналарына қандай қондырғылар жатады?

Жылу машиналары қалай жұмыс істейді?

Жылу машинасының ПӘК формуласы?

Жылу машиналарының ПӘК-і қандай шамаларға тәуелді?

Үйге тапсырма:



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет