Молжигитова Киуа Пазилбекқызы.
География – биология пәнінің мұғалімі.
Еңбекшіқазақ ауданы. Есік қаласы.
Р.Тоқатаев орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі.Өтілген басқа материктермен салыстыру,неліктен Оңтүстік Америка деп аталады.
Дамыту: Сыни тұрғысынан ойлауға, салыстырмалы,логикалық ойлауы, есте сақтау қабілетін дамыту, сабақта А.К.Т.- құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат,әңгімелеу,ойын,сайыс
Әдіс – тәсілдері:Топпен, жұппен, жеке оқушымен жұмыс. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы және стратегиялары.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің,Оңтүстік Американың физикалық картасы,атлас, интерактивті тақтаға сканерленген үлкейтілген кескін карта, кеменің суреті тақтаның қаламын пайдаланып, саяхатшылардың жолын сызу, глобус.Әдебиеттер
Ә.Бірмағанбетовтің «Саяхаттар және географиялық ашылулар» кітаптары. Қ.Д.Карпеков. Ш.Айтақынова. «Материктер мен мұхиттаргеографиясы» әдістемелік нұсқау. Матвиенко Н.Н. Кругликова С.В. жұмыс дәптер.
1.Ұйымдастыру.Сынып оқушыларын топқа бөліп,тапсырмалар беру,карталарды іліп дайындау,оқушы білімін бағалау және сабақты қорытындылау парақтарын таратып беру.
Сабақтың эпиграфы: Естігенімді - ұмытып қаламын
Көргенімді –есте сақтаймын.
Ізденсем – түсініп аламын.
3.Білімді тереңдету. «Қызығушылығын ояту»
«Миға шабуыл» стратегиясы.Жедел сұрақтар.
1.Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық.
2.170 -млн. жыл бұрын Оңтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық.
3.170-млн.жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық.
4.Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған материктер.
5.Ежелгі Гондвана құрлығының құрамында болған материктер.
6.Геологтар осы материктердің бір кездері бірігіп жатқанына дәлелдер іздеуде.Қазба байлықтарына байланысты қандай фактілер осы болжамды дәлелдейді.
4.Мақсат қою: Оңтүстік Американың географиялық орны,
шектесетін мұхиттар,ашылу мен зерттелуін түсіндіру.
5.Жаңа білімді меңгерту
Мен сабағымда «сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын» пайдалану оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздеймін.
Сыни ойлау – өзіндік және жеке ойлау.Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады.Топта өз пікірін еркін айту, өзгенің пікірін сынамай, шыдамдалықпен айтылған ойдан қажеттілікті табуға ұмтылу, бірлесе ойланып, ортақ шешім шығару.
Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ қойып, жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.
Оқыту технологияларында менің аса көңіл бөлетінім дидактикалық көрсетілімдер мен құралдарды орнымен,уақытымен пайдалануға көңіл бөліп, мақсат қоямын.
а)білім алушының танымдық белсенділігін арттыру;
ә)пәнге қызығушылығын арттыру;
б)өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
в)зерттеу икемділігін дамыту;
г)сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
5.Жаңа білімді меңгерту. (2-кезең.Мағынаны тану)
«ДЖИК СО немесе Бедергі пышқы» стратегиясы.
Топ.Оңтүстік Американың географиялық орны.
Топ.Оңтүстік Американың ашылуы.
Топ.Оңтүстік Американың зерттелуі.
1-топ.Оңтүстік Американың географиялық орны.
«Теңізде жүзу саяхаты»
«Мені білесің бе?» атты ойыны.
1.Интерактивті тақтадан 6 материктің контуры көрсетілген оқушылар материктің атын және жер көлемін жазады.Бүгінгі танысатын материгіміз Оңтүстік Американың көлемі, алатын орнын анықтайды.
2.Экваторға қатысты орны. Экватор сызығы Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарға бөледі. Оңтүстік Америка оңтүстік жарты шарда орналасқан,сондықтан Оңтүстік Америка деп аталады.
3.Бастапқы меридианаға қатысты орны.Гринвич меридинасы дегеніміз не? Жер шарын батыс(00-1800 б.б.) және шығыс(00-1800ш.б.) екі жарты шарға бөледі.
4.Материктердің географиялық орнын анықтағанда олардың шеткі нүктелерін табуға көңіл бөлеміз.Материк пішіні солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсайды. Ең енді жері 50о.е. бойына сәйкес келеді.Бұл материктің табиғатына қандай әсерін тигізеді. 4 шеткі нүктелері мен координаталарын интерактивті тақтада дайын жауаптар берілген, олардың сәйкестігін табады.
5.Жағалауларына ұласатын мұхиттар мен теңіздердің аттарын жазып, олардың материкке әсерін оқулықтан оқиды. Жылы, суық ағыстардың әсері.Атакама шөлінің пайда болуын түсіндіру.
6.Оңтүстік Америкаға жақын материктер.Олардың аты,
бөліп тұратын бұғаздар мен теңіздер, аралдар,канал.
Оқушылар бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастыру мақсатындағы әрекеттерден тұрады.
Сабағымда жаңа білімді меңгерту кезеңінде сыныптағы оқушыларды 5-6 дан топқа бөліп, тапсырмаларын бердім.
Топ мүшелері өзара тапсырманы ақылдасып орындайды.
Сабақтың бірінші мақсаты- жаңа тақырып жайлы оқушының не біліп, нені айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асырылады.
Сабақтың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға түсіреді, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Оқушы жаңа білімді меңгеру барысында материктің географиялық орны, шеткі нүктелерін, координаттарын табу оңайға түседі.Сонымен бірге шектесіп жатқан теңіздер мен мұхиттар және арал,бұғаз,т.б. анық болды.
Топтар сайысы.
«Сәйкестігін анықта» Интерактивті тақтамен жұмыс.
1.Оңтүстік Америка шеткі нүктелері:
|
|
1.солтүстік
|
|
2.оңтүстік
|
Кариб
|
3.шығыс
|
Панама
|
4.батыс
|
Дрейк
|
5.Солтүстік пен Оңтүстік Американы байланыстыратын канал
|
|
6.Материкпен Отты жер аралын бөліп тұрған бұғаз
|
|
7.Батыс жағалауында шектесетін мұхит
|
Магеллан
|
8.Солтүстігінде шектесетін теңіз
|
|
9.Отты жер аралы мен Антарктида қандай бұғаз арқылы бөлініп тұр
|
Батысында
|
10.Материктің қай бөлігіне Голфьстрим ағысының әсері мол
|
|
11.Оңтүстік Америка Гринвич меридиананың қай бөлігінде
|
Шығысында
|
12.
|
|
Ашылулар мен зерттелуін әрбір топ дүние жүзі жарты шарлар және атлас карта,оқулық мәтіндегі саяхатшылардың маршруттарымен саяхаттап шығады.Өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жоспар жасайды.Жолындағы жаңа жерлерді және жаңа сөздерді жазады.
2-топ.»Атауы мен ашылуы қате материк»
«Теңізде жүзу саяхаты»
1.Х.Колумб саяхаты, маңызы.
2.А.Веспуччи саяхат, маңызы.
3.Ф.Магеллан саяхаты.
4.Ф.Дрейк саяхаты, маңызы.
«Кім жылдам?» ойыны.
1.Х.Колумб Оңтүстік Америкаға өле-өлгенше 4 рет саяхат жасап,неліктен Үндістанға бардым деп ойлады.
2.Сол кезде неліктен Үндістанға бару маңызды болды.
3.»Атауы мен Ашылуы қате материк» туралы не білесің?
4.Ф.Магелланның саяхатының ғылыми маңыздылығы.
5.»Тынық» мұхиты тыныш па, қалай ойлайсың?
6.Тынық пен Атлант мұхиттарларын бөліп тұрған бұғаз.
3- топ. Зерттеушілер. «Менің табиғатым алуан түрлі»
1.18ғ.Шарл Лакондамин зерттеуі.
2.А.Гумбольдт, Э.Бонплан зерттеулері.
3.19ғ.басында Н.Г.Рубцов пен Г.И.Лангдорф еңбектері.
4.Орыс климатологы А.И.Воейковтың зерттеуі.
5.Орыс ботанигі Н.И.Вавиловтың еңбегі.
6.Француз зерттеушісі Жак ив Кусто жаңалығы.
«Кім жылдам?» топтар сайысы. Интерактивті тақтамен жұмыс.
1.Оңтүстік Американың алғашқы геологиялық картасын жасаған ғалымдар.
2.Анд тауының биіктік белдеулік заңдылығын зерттеген.
3.Оңтүстік Американың табиғаты туралы 30 томдық
еңбегі бар.
4.1874ж Оңтүстік Америаның климатын зерттеген.
5.Өзен бифуркация құбылысын ашқан ғалым.
6.Бразилияның табиғатын зерттеушілер.
7.Оңтүстік Америка жүгері, қызанақ, картоптың
Отаны екендігін анықтаған ғалым.
6.Жаңа сабақты бекіту.(Ой – толғаныс)
1.»Кім тапқыр?» ойыны. 3 конвертті 3топқа беріледі.
1-конверт.Бұл жемістің отаны Оңтүстік Америка.
Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, өз отанында арам шөп саналған. Италия тілінен аударғанда «алтын алма»
дегенді білдіреді. Қандай жеміс?
2-конверт. Бұл жемістің отаны Оңтүстік Америка.
Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «малс»
деп атаған.Оны Колумб Испан короліне сыйға тартады.
Ол қандай жеміс?
3-конверт.Отаны Оңтүстік және Орталық Америка таулары.
Еуропаға 1565жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде
«екінші нан» деп атайды. Қандай жеміс?
2.Венн диаграммасын орыдау.
3.Географиялық диктантты орындау.
7.Қорытындылау.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы.
Әр топ парағын оқып, сабақты қорытындылаймыз.
8.Үйге тапсырма.Топтардың жинаған ұпайары, БББ парағы
Бұл әдіс мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
«БББ» немесе маркировка кестесі стратегиясы
Білеміз
|
Білдік
|
Білгіміз
келеді
|
Материк көлемі,аты,
Географиялық орны,т.б
|
Материктердің
географиялық орнын салыстыру,оның
табиғатына әсері.Жер, су,өсімдік т.б.
атаулардың шығу тарихы,
Табиғи құбылыстар, жаңа сөздермен
таныстық.
|
Үлкен адам аяғы
баспаған,табиғаты
зерттелмеген,құпия
толы аудандарын
Қазіргі жетілдірілген
құралдар арқылы
тамашалағымыз
келеді.
Амазонияның
мүлгіген жасыл ну
ормандарына саяхат жасағымыз
келеді.
Интернеттен бифуркация құбылысымен толығырақ таныссақ.
|
Соңында қорытынды, әдістің тиімділігі- сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,ойын айтып беру арқылы оқушының тілі дамиды, өз-өзіне деген сенімділігі артады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.
Бұл әдіс үшінші ой- толғаныс кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы одан алған әсерін, не үйренгенін, нені үйрену керек екендігін яғни өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады,оған ұжым алдында баға береді.
Венн диаграммасы
Оңтүстік Америка
|
Ұқсастығы
|
Аустралия
|
1.18,3 млн.км2
2.Экватор және оңтүстік тропика сызығы кесіп өтеді.
3.Батыс жарты шарда орналасқан.
4.Солтүстік Америкамен солтүстігінде Панама каналы арқылы байланыса,оңтүстігінде Отты Жер аралы,Дрейк
бұғазы арқылы Антарк
тидамен бөлініп тұр.
|
Екі
материкте
оңтүстік
шарда
орналасқан.
Екі материктіде оңтүстік тропика
сызығы кесіп өтеді.
|
1.9млн.км2
2.Оңтүстік тропика кесіп өтеді
3.Шығыс жарты
шарда орналасқан
4.Басқа материктерден алыс орналасқан
5.Экватордың оңтүстігінде орналасқан
6.Климаты өте
ыстық,құрғақ.
|
Венн диаграммасын сабақта пайдалануда маңызы зор. Себебі оқушының салыстырмалы ойлау қабілетін дамытады.Материктердің географиялық орнын салыстыруда географиялық заңдылықтарды үйренеді, қандай мұхиттармен шектесуі оның климаты мен табиғат зонасының қалыптасуына әсерін тигізетіндігін түсінеді.
Географиялық диктант
1.Оңтүстік Американың жер көлемі ..........................................
2.Солтүстік және Оңтүстік Американы бөліп тұрған
канал ................................................
3.Жүгерінің,картоптың және қызанақтың Оңтүстік Америкадан шыққанын дәлелдеген ғалым ..........................
4.Сол саяхатшының қателігінен Американың байырғы халқын «үндістер» деп атап кеткен .................................
5.Оңтүстік Америкадағы бұғаздың біріне аты берілген
саяхатшы ...........................................
6.Отты Жер аралы мен Антарктиканың арасындағы бұғаз оның есімімен аталады ..............................................
7.Колумбтан алған картаның арқасында ол Венесуэла менГвиананың жағалауларын жүзіп өтті ..............................
8.Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктерін
зерттеген орыс ғалымы ...........................................
9.Оңтүстік Американың табиғатының ерекшеліктерін зерттеумен айналысқан ботаник ......................................
10.Амазонка мен Ориноко өзендерінің суайрығында екі жаққа бірдей ағатын құбылыс ..........................................
11.Француз зерттеушісі Жак ив Кусто Оңтүстік Америкадағы Титикака көлінен байлықтың орнына нені тапты
.................................................
12.Оңтүстік Американы тағы қалай атауға болады,
себебі ..............................................................................
Сабағымызды қорытындылаймыз.
Sinkuein – немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.
1-жол.1 сөз.Зат есім
Кім?Не?
|
Материк
|
2-жол.2сөз. Сын есім
Қандай?
|
Таулы, жазықты
|
3-жол. 3 сөз. Етістік
Не істейді?
|
Қозғалады,жылжиды, бөлінеді
|
4- жол.4 сөзбен
Ойды түйіндеу
|
Планета – біреу,
Материк - алтау
|
5- жол.1 сөз. Синоним
|
Құрлық
|
4.Үйге тапсырма.
5.Бағалау. Оқушыларға бағалау парағы таратылады. Бағалау критерийлері түсіндіріледі.Ұпай жинау үшін жеке оқушыларға түрлі-түсті карточкалар беріледі.
Қорытынды.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан
басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі оқушыға өзінің шығармашылық ойлауына мүмкіндік беріледі, ізденіс пен шешімге баулу бағдары
беріледі. Жаңа технологияның нәтижиесінде оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижиесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |