"Оңтүстік Американың табиғат зоналары" география пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
ІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен, кестемен, электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.
ІІІ Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, таратпа материалдар, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.
Сабақ тың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
· Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
· Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Ішкі сулары
Географиялық диктант.
1.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – (Анхель )
2.Амазонкадағы ең ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200кг (арапаима)
3.Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)
4. … су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)
5.Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда … деп аталады. (Қалайы алаңы)
6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – … (Игуасу)
7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады. (Поопо)
Үлестірмелі материалдар:
ІІІ Өткен сабақты бекіту
ІV Жаңа сабақтың мақсатын қою
V Жаңа сабақты түсіндіру
Сергіту сәті. Бейне -сюжет
Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады:
1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);
2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар;
3. Саванналар мен сирек ормандар;
4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;
5. Жалпақ жапырақты ормандар;
6. Субтропиктік дала (пампа);
7. Шөлейт және шөл;
8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Достарыңызбен бөлісу: |