А. Ж. Рахышева 2017 о ж. География пәнінен ашық сабақ



бет1/6
Дата04.07.2018
өлшемі2,47 Mb.
#46523
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Атырау энергетика және құрылыс колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ____________ А.Ж.Рахышева «_____»________2017 о.ж.



География пәнінен

ашық сабақ жоспары
Тақырыбы:§11.Атмосфераның құрамы мен құрлысы

Тобы: 21-топ


Мамандығы: Техник-құрылысшы
Тарих және география пәні оқытушысы: Көшербаева Б.А.

Атырау 2017 жыл



Тақырыбы:§11.Атмосфераның құрамы мен құрлысы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Жердің ауа қабаты – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру. Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. 
Дамытушылығы: Студенттердің ауа қабықтары туралы дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру. қоршаған орта туралы ой – өрістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындау барысында студенттерді ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: химия, тарих, биология, математика
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакат, кеспе қағаздар,стикерлер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті (3 мин): Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу. Студенттерді топтастырып отырғызып, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:(15 мин) « Кубик» ойыны және сөзжұмбақ арқылы литосфера тақырыбын қайталау , сұрақтарға жауап беру.

Тапсырма-1



  1. Литосфера дегеніміз не?

  2. Платформа дегеніміз не?

  3. Карта дегеніміз не?

  4. Ядроның неше қабаты бар және ол қандай заттардан тұрады?

  5. География дегеніміз не?

  6. Литосфераның тақталардың қалыңдығы неше км? Жылына неше см жылдамдықпен қозғалады?

  7. Жердің ішкі құрылысы нешеге бөлінеді? Қандай?

  8. Жердің қабықтарын атаңыз?

Тапсырма-2



1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал) 
2.Магмалық тау жынысы (гранит) 
3.Тигір,Эфрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия) 
4.Дүние жүзіндегі ең биәк тау шыңы (Джомолунгма) 
5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус) 
6.Башқұртстанның астанасы (Уфа) 
7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер) 
8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер) 
9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)

Үй тапсырмасы сұралып, аяқталған соң студенттерді «Орыны ауысқан» әріптер әдісін қолдана отырып топқа бөлу

Топтың аттары: Тарихшылар, метеролог, химиктер, экологтар





ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:(20 мин) «Атмосфераның құрамы мен құрылысы»

 Атмосфераның құрамы мен құрлысы туралы ғаламтордан алынған бейнеролик көрсетілді.

Қамтылатын сұрақтар

1. Атмосфераның құрамы.


2. Атмосфера қабаттары.
3. Атмосфераның маңызы.
4.Атмосфераны зерттеу жолдары.

5.Атмосфераны қорғау.



Мұғалім сөзі Атмосфера (грекше: atmos — бу және sphaira шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфера бірнеше газдардың қосындысынан тұрады.Олардың ішіндегі негізгілері: азот,-79%, оттегі- 21%, көмірқышқыл газы- 1%.Атмосфераның құрамдас бөлігі- азот пен оттегінің мөлшері тұрақты болады. Жер бетінен 100-120 км биіктікке дейін ауа араласып жатқандықтан, атмосфера құрамы біртектес болып келеді.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымынан тұрады; тропосфера, стратосфера, мезосфера,термосфера.


Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге созылатын Стратосфера қабаты орналасқан. Стратосфера (лат.stratum-қабат) деген мағынаны білдіреді Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы кабатта жинақталған, озон Күннің улыракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С -қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның кабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан. Жер шары үшін атмосфераның маңызы орасан зор. Ол жерді күндіз қатты қызып, түнде қатты суып кетуден сақтайды. Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.Атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары-ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, т.б.зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау.


IV. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар. (35 мин)

1. Cтуденттердің видеороликтен және көрген, естіген және бұрыннан білетін ақпараттарын ойларына жинақтап, графикалық түрде қағаз бетіне түсіріп постер құрайды.



2. Студенттер бүгінгі сабақтан алған білімдерін есте сақтай отырып атмосфераның қабаттарын, биіктіктерін кестеге жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет