Сабақтың тақырыбы Оттектің қасиеттері Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет24/47
Дата19.06.2020
өлшемі387,98 Kb.
#74031
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
10-сынып үйірме

3 газ (оттек, сутек, азот)

5 жер (ізбес, магнезия, барит, глинозем, кремнезем)

6 металл емес (күкірт, фосфор, көміртек, мурий радикалы-хлор, балқытқыш фтор, бура)

17 металл кіреді: Аg, As, Bi, Co, Cu, Sn, Fe, Mn, Hg, Mo, Ni, Au, Pt, W, Zn

XVII ғасырда элементтер туралы ілім одан әрі дамыды.Лавуазье тізіміне кірген элементтерден басқа теллур, титан, уран, цирконий, хром ашылды.Қышқыл, негіз, тұздар жайлы білім бір жүйеге түсті.Химияның қол жеткен табыстарын баяндайтын химия тілі қажет болды. Химия тілі- бұл символдардан, номенклатурадан, терминологиядан тұратын күрделі құбылыс. Химиялық кітаптарда «алхимия» таңбалары кеңінен қолданылды. Лавуазьенің тапсыруымен француз ғалымдары Ж.А.Асенфранц және П.О.Аде химиялық таңба жасауға кірісті. Ғылыми номенклатура керек болды. Белгілі заттардың саны артқан сайын алхимиктердің де таңбалары да өсіп, бірнеше мыңға жетті.Оның үстіне таңба жасаудың қатаң тәртібі болмаған соң, әр түрлі зат бір таңбамен 1 зат түрліше таңбамен белгіленді.Ол кезде сынаптың 60 түрлі, мыстың 50 түрлі таңбасы болған, оларды есте сақтау қиынға түсті.



А. ЛавуазьеМасса Тұрақтылық Заңы, масса сақталу заңы, реакцияға қатысқан заттар (реагенттер) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті.


Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.

Оны тәжірибе жүзінде орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз ғалымы А. Лавуазье де 1789 жылы осындай қорытындыға келген. Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор, химия ғылымында сандық катынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді.


1. Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде кұрылады.
2. Бүл заң жаратылыстың жалпы заңының бір көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді.
3. Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.[1]

1774 — 1789 жылдары француз химигі Антуан Лавуазье, өзі жасаған күрделі тәжірибелерге сүйене отырып, тұжырымдаған. Мыс., 32 г оттек пен 4 г сутек қосылғанда 36 г су түзіледі; 2Н2+О2=2Н2О. Мұндағы реакцияға түскен реагенттердің жалпы массасы (36 г) реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массасына (36 г) тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет