Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ
Ашық сабақ
Өткізген: химия пәнінің мұғалімі
Жургалиева А.С
Тайпақ 2013
Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функцоналдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіндіру, спирттер туралы ұғым қалыптастыру.
Б) дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.
В) тәрбиелілік: салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтағы тәсілдер мен әдістер: түсіндіру, сұрау, есептер шығару, интерактивті әдіс, СТО әдісінің элементтері
Құрал-жабдықтар: «Спирттер» презентация, флипчарт, АКТ, интерактивті тақта, « А. Е. Темірболатова » есептер жинағы, шар стерженьді модельдер.
Сабақтың жоспары:
I.“Қызығушылықты ояту”
II. “Мағынаны тану”
IV. “Ой толғау”
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
«Мұнайды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары» тақырыбы бойынша оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:
Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінің қалдықтарынан қорғау үшін қандай мәселе қою қажет?
Қазақстанда мұнай өнімдерін тиімді пайдаланудың қандай әдістерін ұсынар едіңіздер?
Үйге берілген тақырыптан 10 сұрақ берілген парақты оқушыларға үлестремін.
Мұнай өнімдерін өңдеу, табиғи көздері.
Тест
Көмірсутектердің табиғи көздері:
А) крахмал, глюкоза Б) бензол, толуол В) тас көмір, мұнай
Табиғи газдың құрамы:
А) 30-35% (метан) Б) 70-80% (метан) В) 80-98% (метан)
Кокс –
а) көмірсутектердің қоспасынан б) көмірсудан в) таза көміртектен
Қара түсті мұнай өнімі
а) мазут б) керосин в) бензин
Мүнайдан алынатын өнімдер:
А) мазут, керосин, газоиль б) метан газы, табиғи мұнайға серік газдар в) көмірсутектер
Мұнайды өңдеуге арналған қондырғының бөліктері:
а) түтікті пеш, атмосфералық қондырғы б) түтікті пеш, ректификациялық колонна
в) ректификациялық колонна, атмосфералық қондырғы
Крекингтің қандай түрлерін білесің?
а) термиялық, атмосфералық б) атмосфералық, катализдік в) катализдік, термиялық
Термиялық крекинг –
А) өршіткі қатысынды жүреді;
Б) өршіткі ретінде асыл металдарды қолдану;
В) жоғары температура және жоғары қысымда жүреді;
Катализдік крекинг –
А) өршіткі қатысынды жүреді;
Б) өршіткі ретінде асыл металдарды қолдану;
В) жоғары температура және жоғары қысымда жүреді;
Егер өршіткі ретінде асыл металдар қолданылса, ол –
А) детонация б) крекинг в) риформинг
Жауабы: 1.В 2.В 3.В 4. А 5. А 6. Б 7. А 8.В 9.А 10. В
І. «Қызығушылықты ояту»
Оқушылар бүгінгі танысатын жаңа сабағымыз спирттер туралы болмақ.
Оқушыларға сұрақ: Спирттің көне шығу тарихы туралы не білеміз?
«Шараптың шығуы жайында хикаят»
Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетеді. Оны уәзірлеріне беріп ескертеді. Ол өсімдік болып жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш – төрт жылдан кейін жеміс береді, таң қалады, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күнен кейін көріп, одан да мөлдір сұйық пайда болғанын көрген уәзірлер патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісін сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын айтады. Сонда патша ішіп, ең алғаш «Патша шарабы» шыққан екен деседі.
Адамдар спирттердің мастандыратын қасиетін біздің ғасырымызға дейінгі
8000 жыл бұрын – жеміс шырынынан, жабайы жүзімнен және балдан жасалынатын алкогольдік ішімдіктерді дайындауға мүмкіндік беретін керамикалық ыдыстардың шығуымен қатар білген. .
Батыс Европада алғаш рет спиртті алған итальяндық монах алхимик Валентиус болды. Ол: « кәріні жасартатын, шаршағанды сергітетін, күйінгенді жұбататын эликсир»,- деп атады. Арабтар таза спиртті 6-7 ғасырларда ала бастады және оны « әл-кугул » деп атай бастады.
Дмитрий Иванович Менделеев
1865 жылы «Спирттің сумен қосылысы туралы пайымдаулар» тақырыбына докторлық диссертация қорғады.
АЛКОГОЛЬ ( АРАБша alkohol – майда үнтақ)
«шарап рухы» (aqua vitae) – ең мықты дәрі
Этил спиртін орта ғасырларда осылай атаған. Кейіннен алкогольдік қосылыстар спирттер класына біріктірілді..
II. “Мағынаны тану”
Сендер осыған дейін көміртек және сутектен ғана түзілген қосылыстар –көмірсутектер жайлы оқып-үйрендіңдер. Енді молекула құрамына оттек атомдары күретін оттекті органикалық қосыолыстармен танысасыңдар. Оттекті органикалық қосылыстар құрамында оттек бар функцоналдық топтарға байланысты әртүрлі заттар қатарын түзеді.
Спирттер - құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары. Мысалы: метил спирті СН3ОН метанның СН4 туындысы
этил спирті С2H5OH этанның C2H6 туындысы; этиленгликоль С2H4(OH)2 этанның C2H6 туындысы;
ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына -ол деген жұрнақ қосып атайды. СН3ОН метанол. С2H5OH этанол және т.б.
СН3 – OH метанол
Спирттердің шар өзекті моделін көрсетемін.
H H
│ │
H – C – C - O- H
│ │
H H
Спирттердің гомологтық қатарының жалпы формуласы: R-OH, R- көмірсутек радикалы немесе CnH2n+1OH
Ой шақыру үшін радикал дегеніміз не?
Гидроксил тобының сутегісі басқа 5 сутек атомына қарағанда қозғалғыш болып келеді, оның себебі бұл сутек көміртекпен оттек атомы арқылы байланысқан. Сондықтан гидроксил тобындағы сутек атомы металға аламаса алады.
Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты өзара жіктеледі:
Біз біратомды спирттердің қасиеттерін оның жиі кездесетін өкілі – этанолды мысалға алып қарасытрайық.
Әсіресе орталық жүйке жүйесі қызметін бұзады. Этил спирті медицинада, парфюмерияда, органикалық синтезде шикізат ретінде пайдаланылады.
Алынуы: техникада этил спиртін этиленді күкірт қышқылы қатысында гидраттап алады:
Н2SO4
СН2=СН2 + Н2О → H3C – CH2OH
Этанол
Тамақ өнеркәсібінде этил спиртін көмірсуларды спирттік ашыту арқылы алады. Бұл процесс ашытқы саңырауқұлақтарының қатысуымен жүреді:
С6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2
Глюкоза
Өндірісте этил спритінің көп мөлерлерін құрамында крахмалы бар өсімдіктерден (картоп, дәнді дақылдар) алады.
Химиялық қасиеттері: Сендер лабораторияда бір затты қыздыру керек болғанда, спирт шамын пайдаланасыңдар, демек, спирт жанады:
C2H5OH + 3О2 →2CO2 + 3Н2О
Этил спиртінің молекуласында гидроксотоп болғандықтан, ол белсенді металл натрий әрекеттеседі:
2C2H5OH + 2Na →2C2H5ONa + Н2
Этанол Натрий этилаты
Спирттердің өздеріне тән тағы бір қасиеті тотығып, альдегидтер деп аталатын жаңа заттар түзуі. Осы тәжірибені жасап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |