Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
«Дың-дың» -қоңыраумын,
«Дың -дың» -соғыламын,
«Дың -дың» -қағыламын,
Мектептен табыламын.
Балаларға қайталатып, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Балалардың назарын көрнекіліктерге аударып, сөздік жұмысын жүргізу.
Сөздік жұмыс :
қалам –ручка, қарындаш –карандаш, дәптер –тетрадь, кітап –книга,
сызғыш –ленейка
Таңғажайып сәт: Қонаққа Алдар көсе келеді.
-Сәлеметсіңдер ме!
-Мен сендердің оқу құралдарын айтып жатқандарыңды естіп келдім.
-Сендермен бірге сабаққа қатысуға бола ма?
Дыбыстық жаттығу:
-қа –қа –қа –қалам
-кі –кі –кі –кітап
-дә –дә –дә –дәптер
-сы –сы –сы –сызғыш
Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Ойын «Бұл не?»
Шарты: Баланың көзін жабамын.Ол қолына ойыншық алады және оның атауын қазақша айтады.Балалар келіседі немесе келіспейді. Иә / жоқ
|
Балалар тақпақты қайталайды
Балалар жаңа сөздерді қайталайды
-Әрине қатысуға болады
Балалар Алдар көсемен бірге дыбыстық жаттығу жасайды
-Балалар сергіту сәтін айтып қимылмен көрсетеді
-Балалар ойын ойнайды
|
Рефлексті -түзетушілік
|
Балалар, бүгін сабақта қандай жаңа сөздер үйрендік?
Ойын «Не жетіспейді?»
Үстел үстінде оқу құралдары жатады.барлық балалар қарап еске сақтайды.Сосын бір бала артқа бұрылады ал қалғандары бір затты тығып қояды.Ал бұрылып отырған бала қай заттың жоқ екенін табады.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!
|
қалам –ручка, қарындаш –карандаш, дәптер –тетрадь, кітап –книга,
сызғыш –ленейка
Сау болыңыз!
|