Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары



Дата31.01.2018
өлшемі33,98 Kb.
#36546
түріСабақ
Күні:

Топ:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты: Балаларды оқу құралдарын дұрыс атауды үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суретті сөздіктер, оқу құралдары

Сөздік жұмыс :

Билингвальді компонент: қалам –ручка, қарындаш –карандаш, дәптер –тетрадь, кітап –книга, сызғыш –ленейка

Оқу іс -әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті


Балалардың іс -әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


-Сәлеметсіңдер ме!

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын күніміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.


-Сәлеметсіз бе!
Балалар қайталайды, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік



«Дың-дың» -қоңыраумын,

«Дың -дың» -соғыламын,

«Дың -дың» -қағыламын,

Мектептен табыламын.

Балаларға қайталатып, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Балалардың назарын көрнекіліктерге аударып, сөздік жұмысын жүргізу.

Сөздік жұмыс :

қалам –ручка, қарындаш –карандаш, дәптер –тетрадь, кітап –книга,

сызғыш –ленейка

Таңғажайып сәт: Қонаққа Алдар көсе келеді.

-Сәлеметсіңдер ме!

-Мен сендердің оқу құралдарын айтып жатқандарыңды естіп келдім.

-Сендермен бірге сабаққа қатысуға бола ма?

Дыбыстық жаттығу:

-қа –қа –қа –қалам

-кі –кі –кі –кітап

-дә –дә –дә –дәптер

-сы –сы –сы –сызғыш


Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Ойын «Бұл не?»

Шарты: Баланың көзін жабамын.Ол қолына ойыншық алады және оның атауын қазақша айтады.Балалар келіседі немесе келіспейді. Иә / жоқ



Балалар тақпақты қайталайды

Балалар жаңа сөздерді қайталайды

-Әрине қатысуға болады


Балалар Алдар көсемен бірге дыбыстық жаттығу жасайды


-Балалар сергіту сәтін айтып қимылмен көрсетеді

-Балалар ойын ойнайды


Рефлексті -түзетушілік


Балалар, бүгін сабақта қандай жаңа сөздер үйрендік?

Ойын «Не жетіспейді?»

Үстел үстінде оқу құралдары жатады.барлық балалар қарап еске сақтайды.Сосын бір бала артқа бұрылады ал қалғандары бір затты тығып қояды.Ал бұрылып отырған бала қай заттың жоқ екенін табады.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!



қалам –ручка, қарындаш –карандаш, дәптер –тетрадь, кітап –книга,

сызғыш –ленейка


Сау болыңыз!

Біледі: Балалар оқу құралдарын дұрыс атауды үйренді;

Игереді: Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

Меңгереді: Оқу құралдарын ұқыпты, таза ұстау керектігін меңгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет