мектебі
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуіне арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: 5-ші сынып оқушыларына психологиялық көмек беру
Міндеттері:
1.Оқу мативациясының тұрақтылығын қалыптастыру
2. Балаларға өзін-өзі сенімді ұстауға және қорқыныш сезімдерін төмендету.
3. Ортамен қарым-қытынас дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезең дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән.Оқу жағдайының өзгеруіни ғана емес, сонымен бірге 10-11 жастағы балалардың жас ерекшеліктерін және қажеттіліктерін де есепке алу өте маңызды. Сол себепті, оқушылардың дезадаптациялық жағдайларын анықтау мақсатында диагностика жүргізілді, бейімделу кезеңінде оқушылармен психологиялық көмек ретінде жұмыстар жүргізіледі. Оқушыларда қандай қиындықтар туындап жатқанын анықтау үшін, мынандай сұрақтардан тұратын сауаланма беріледі:
«Мектепке қарым-қатынасым» сауалнама
1.Сізге қай пән ерекше ұнайды?
2.Қай пәннен үй тапсырмасын орындағанда қиын?
3.Өзіңе ең жақын мқғалімің?
4. Сабаққа қандай көңіл күймен келесің?
«Социометрия» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын, тәрбиелей отырып, үнемі бір-бірімен жақсы байланыста болуға үйрету
1. Сыныпта кіммен бақылау жұмысына дайындалғың келеді?
2. Сынып оқушыларынан кімді туған күніңе шақырғың келеді? «Н.Г.Лусканова» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың оқу мативациясын анықтау.
Оқу іс-әрекет мотивациясы оқуға бағытталғандықтан, сонымен қатар таным белсенділігімен және іс-әрекеттілігімен ерекшеленеді.
Оқушының жүріс-тұрысының мотивтерін білмей, оны тәрбиелеуге болмайды.Өйткені сол бір мінеө-құлық, оқушыны ынталандыратын мотивтерге байланысты, түрлі қнегелі болуы мүмкін.
10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарымқатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары.
1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде
қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген
оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың
ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9. Сенің сыныпта достарың көп пе?
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар
қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп
дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы
оң динамикасын білдіреді.
«Менің сыныбым» әдістемесі
Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген.
Осы суреттегі оқушылар ішінен өзіңді тауып ал да, атыңды жаз.Содан соң
суреттен өзіңнің досыңды тап та, атын жаз.
Нұсқау: «Балалар! Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген. Ортанғы
орындықта апайың (мұғалім) отыр, апайдың айналасындағы оқушылар
өздерінің жұмыстарымен шұғылдануда. Ал, қалған балалар ауланың сыртында
ойын ойнауда. Осы суреттегі оқушылардың ішінен өзіңді тауып алып белгілеп,
жанына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Өзіңді белгілеп болған соң суреттен өзіңнің
досыңды тап та жанына аты-жөнін жаз».
Талдау нәтежесі:
1. «Мұғалімнен алыста» позициясында тұрған болса – баланың сынып ұжымына
бейімделуінде қиындықтардың бар екенін көрсетеді.
2. Өзге баллармен өзін теңестіру, жұп болып тұруы, ойыншылармен бірге –
баланың бейімделуі жақсы деңгейде.
3. Мұғаліммен бірге: бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі.
4. Ойын позициясы: оқу позициясымен сәйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |