Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
1. Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
|
Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.
|
Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Сандықша, қағаз қиындылары.
|
4. Топтастыру
|
|
«Құпия сандық» әдісі
Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді.
1-топ: «Информатика»
2-топ: «Компьютер»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады.
5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
|
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі.
|
Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
Қалаға саяхаттан қандай әсер алдың?
Бұл қалаға қандай атау бересің?
Суретте мектептің қай кабинеті бейнеленген?
|
Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
|
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.
|
Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз.
|
|