Халық өлшемдері.
1адым-1метр. 100м – әй дейтін жер. Шақырым – 1км. Иек астында – 4-5км.
Таяқ тастам жер- 10-15м. Ат шаптырым жер – 10-15км.
Қас қаым сәт – 1сек. Сүт пісірім – 10-15 мин. Айшылық жол,ит өлген жер – өте қашық жол.
Студенттер мен сабақ бастамас бұрын сіздерді үш топқа бөліп аламын.
1-топ. «Қашықтық» 2-топ. «Жылдамдық» 3-топ. «Уақыт»
1-топқа сұрақ.
Қашықтық дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
Қашықтық – жүрілген жолдың ұзындығы немесе арақашықтығы. Оны табу үшін Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз.
Формуласы: S=V*t
Мысал келтір:
Шаңғышының жылдамдығы 12км/сағ. Шаңғышы 3сағатта қанша жол жүреді? (36км жол жүреді)
2-топқа сұрақ.
1.Жылдамдық дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
Жылдамдық дегеніміз – 1сағатта жүріп өткен қашықтығы қозғалыс жылдамдығы деп аталады.
Формуласы: V=S:t
Мысал келтір:
Салт атты ұзындығы 75км. жолды 3сағат жүріп өтті. Салт аттының жылдамдығын тап. (25км/сағ)
3-топқа сұрақ.
1.Уақытты қалай табамыз? Жүрілген жлға кеткен уақыт. Оны табу үшін, жүрілген жол ұзындығын жылдамдыққа бөлеміз.
Формуласы: t=S:V
Мысал келтір:
Машинаның жылдамдығы 90км/сағ. Осындай жылдамдықпен 180км. жолды жолды жүру үшін қанша уақыт керек?
Достарыңызбен бөлісу: |