Сабақтың тақырыбы Өзіңді таны



бет1/25
Дата04.12.2019
өлшемі1,67 Mb.
#53005
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1 сын Музыка ҚМЖ (1)

1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзіңді таны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Музыка, музыкалық дыбыстар туралы білімді түсінеді.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

СӘЛЕМ ПРИВЕТ HELLO!

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Сабақ басталар алдында «Мектебім» Б.Бейсенованың әні орындалып тұрады.

Сыныпта ілулі тұрған Ы.Алтынсарин өлеңінің тазмұнымен таныстыру.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:

Сәлеметсіңдер ме , балалар! – Здравствуйте, дети! – Hello, children!

Оқушыларды оқулық мұқабасымен, алғашқы беттегі арнау сөзбен, шартты белгілерімен, тарауға берілген сурет мазмұнымен таныстыру. Оқулық арқылы не үйренетіндіктерін айту.

ҚР Мемлекеттік Гимнінің композиторымен және сөзін жазған авторларымен таныстыру, аудиожазбадан тыңдау.

Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.


Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

8 минут


1 минут

5 минут

3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

Әр елде әртүрлі сәлемдеседі.

Топта түсіндіру

  1. Музыка дегеніміз-ән,әуен,ырғақ. Әдемі әуені бар сазды дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейміз.

  2. Дыбыстарды қол қимылы арқылы орындау жүйесін ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж. Кервен енгізді.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

Сызбаны оқушыларға түсіндіру

Ой қозғау

- «Мектебім» әнінің мазмұны, көңіл-күйі саған қандай әсер қалдырды?

(Ұ,Ж) Ән әуенінен алған әсерін, сезімін сипаттап беруін сұраңыз (көңілді, жайдары, шаттана т.б)

Әдемі әуені бар сазды дыбыстардың музыкалық дыбыстар деп аталатынын түсіндіру.



(Ұ) Үштілділік: «Сәлем! – Привет! - Hello »;

«әуен –мелодия - melody» сөздерін үш тілде бірге қайталау.

Ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж.Кервеннің дыбыстарды қол қимылымен көрсету тәсілімен таныстыру. Қолдың әр қимылының қандай дыбысты білдіретінін сурет арқылы көрсету.



(Ұ,Қ) Музыка тыңдау: «Сәлемдесу» әнінің әуенін соль, ми дыбыстарымен айтып көрсетіп, биік, төмен дыбыстар туралы түсінік беру. Оқушылар биік, төмен дыбысты қол қимылымен кқрсетеді, айырмашылығын сезеді. Бірге қосылып қайталау.

(МК,Ұ) Соль, ми (G және E) ноталарында қарапайым әндерді қол қимылымен көрсету. Мұғалім Curwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады. Кітапта берілген суретке қарай отырып әр дыбыстың көрсету ерекшелігін түсіндіру.

(Ұ,Қ) Оқушылар «біркелкі соққы» түсінігімен танысады, тізелерін және иықтарын ұрғылай отырып біркелкі соққы үлгілерін көрсетеді.

(Ұ,Қ) Әрбір оқушыға ұрмалы аспап беру. Оларға осы аспаппен «Сәлемдесу» әнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсету. Әннің ырғағын қандай екеніні анықтау.

Барлық сынып оқушылары шеңберге тұрып, музыка ырғағын марш екпінінде көрсетеді.

Енді біз төмендегі сәлемдесу сөздерін соль және ми дыбыстарымен айтып көрейік.

СӘЛЕМ ПРИВЕТ HELLO!

Музыканың әр сабағын осындай амандасумен бастаймыз.




Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.

Оқулық, дәптерлер.

Сызба парақшалары.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.






Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет