Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: Өзімшіл болмауға, тәртіпті, көпшіл, қауымшыл болуға тәрбиелеу.
ә) дамытушылық: логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа танымдық қабылдауын арттыруға дағдыландыру.
б) тәрбиелік :өзін ғана ойламай, көпшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздары, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер
Оқушыларды айналдыра тырғызып, барлығы бір-бірімен «Сәлем, ал сендер әлі білмейсіндер.....».Мысалы: «Сәлем, сендер әлі білмейсіндер бүгінгі сабақта не болады»
Жаңа ақпарат.
Оқушыларға Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін-өзі тану пәнін сыйлаған Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кеңінен мағлұмат беру.
Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |