Пәні: БАТП: «Өзін –өзі тану» пән» бойынша тәрбиеші
Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Курсы: ІІІ
Тобы:133 «а» 11кл.
Семестрі: ҮІ.
Сағат саны:2.
Күні: 19.05.2020 ж.
Уақыты:10.10
Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ата-аналарға психологиялық семинар өткізу.
Сабақтың жоспары:
1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ата-аналарға психологиялық семинар өткізудің педагогикалық мәні.
2. Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.
Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: ата-аналар.
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу, желім, плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Жанұя бақыты» жаттығу.
3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
4. Сергіту сәті «Өтінемін» ойыны
5. Жағдаят шешу
6. Жаттығу: «Тілек шамы».
7. «Сиқырлы жүрек» ой – түйін
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.
І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Мен дарынды – Дидармын.
Психолог келесі сұрақтарды қояды:
— Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?
— Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?
— Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?
— Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?
— Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Конфеттер арқылы 2 топқа бөлеміз: «ӘКЕ» және «АНА»
ІІ. «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
ІІІ. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
ІҮ. Сергіту сәті: «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін- бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңдер
— Оң аяқтарыңды көтеріндер
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар
— Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңыздар.
— т.б.
Ү. Жағдаяттарды шешу. Алтын күздің соңғы жапырақтарын жинайық.
Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өзара түсіністіктерін қалыптастыру.
ҮІ. «Тілек шамы». /Балауыз шамы арқылы/
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
ҮІІ. Ата-аналар қажеттіліктерді түсіне отырып, ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу және әр тұлғаны тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеу мақсатында ата-аналарға арналған жадынама таратылады.
ҮІІІ. Қорытынды
Ой — түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.
Қорытынды.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ата-аналарға психологиялық семинар өткізудің педагогикалық мәні неде?
2. Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңестің ерекшелігі қандай?
Үйге тапсырма: Оқу ақпаратын толықтыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |