Сабақтың тақырыбы: «Падишадан кем емес,Ер Төлеген келбеті».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жырыдағы Төлегеннің жарық дүниеге келуі туралы түсінік беру, мазмұны мен көркемдік ерекшелігін ашып талдау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға мазмұндық ерекшелігін айта отырып, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту ,өз пікірлерін жүйелі жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушы бойына адамгершілік, бірлік, салт-дәстүрді бағалай білу,Отанын сүю қасиеттерін қалыптастыру:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың өткізілуі туралы жоспары,сабаққа қажетті сөз жазылған плакат.
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Саламатсыздар ма? Отырыңыздар. Дәптер, кітабымызды алып, сабаққа дайындалайық. Назарымызды сабаққа бұрамыз.
Өткен тақырыпты қайталау:
1. Жыр дегеніміздің өзі нешеге бөлінетін еді?
Оқушы жауабы:
- Екіге. Лиро-эпостық және эпостық жыр деп бөлінеді.
Эпостық жырларға батырлар жыры жатады.
Негізігі тақырыбы неде?
Негізігі тақырыбы-елді сыртқы жаулардан қорғау.
Ал, лиро-эпостық жыр дегенімізді қалай өнерлеп бере екенсіңбер?
Ал, лиро-эпостық жыр дегеніміз екі жастың арасындағы ғашықтық, сүйіспеншілік, мұңды арман, ынтызарлық.
4. Лиро-эпостық жырлар бізге қалай жетті?
-Лиро-эпостық жырлар да халық арасында ерте заманнан бері ауыздан-ауызға көшіп, біреуден-біреу жаттап алып ,кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
5. «Қыз Жібек» жырынан басқа лиро-эпостық жырға қандай жырлар жатады?
«Қыз Жібек» жырынан басқа лиро-эпостық жырға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Мақпал мен Сегіз» жырлары да жатады.
6. Халықтың тұрмыс-салты кең және шебер суреттелген жыр – «Қыз Жібек» жыры деген,оны қалай дәлелдеп бересіздер?
Халықтың тұрмыс-салты кең және шебер суреттелген жыр – «Қыз Жібек». «Қыз Жібек» жырында қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы (құда түсу, қыз айттыру т.б) халықтың мінез-құлқы, киім киісі, жүріс- тұрысына дейін шынайы өте бай, кең қамтылады.
Үй тапсырмасын сұрап,жауап алу:
1. Бақылау сұрақтары арқылы негізгі кейіпкерлерге тоқталайық.
Төлеген -жырдағы басты кейіпкер, тағы қандай кейіпкерлер бар ?
Атап беріңдер Қыз Жібек, Шеге, Қаршыға, Бекежан, Базарбай, Сырлыбай, Сансызбай, Хорен, т.б.
Жырдың негізгі идеясы не? Ашып алайық.
-Жырға өзек болған оқиға – Төлеген мен Қыз Жібектің арасындағы шынайы махаббат.
-Жырда Төлеген мен Қыз Жібек қалай табысатын еді?
-Төлеген елінен не мақсатпен жолға шығады?
Жаңа сабақ.
Алдын ала оқу әдісі бойынша «Лиро-эпостық жыр» Қыз Жібек жырын үйден оқып келу тапсырылған болатын. Бүгінгі сабағымызда ТРИЗ әдісі - өнертапқыштықты шешу арқылы жырды талдаймыз.
Кітабымызды ашып мына өлең жолдарына қараймыз:
Періште сипатты бір ұл берді құдай,
Жүргенде көзі толып қанды жасқа.
Құдай артық жаратқан оның затын,
Баланы сипат қылып айтып болмас.
Көрген жұрт ақылынан бір танатын- деген жыр жолдарынан біз кімнің бейнесін көреміз? (Төлегенді)
1.Төлеген қалай өседі?
2.Төлеген неге Ақжайық сұлуларына ынтық болады?
3.Төлеген не үшін бір-бір жорғаларды береді?
4.Қаршыға
-Жырда Төлеген неше көш өтіп барып Жібекке кездеседі? (11 көштен өтеді)
Төлеген Жібекпен бірден тіл табысып кете алды ма?
Жыршы Жібектің сипатын қалай бейлейді?
Қаршыға Жібектің иін жібітіп,Төлегенмен кездесуге көндіргенде Жібек Қаршығаға қалай тіл қатады?
Сол арқылы Төлегенді Жібекке ынтықтырып қояды.
Төлегеннің Сырлыбаймен кездесуін, Төлегеннің ел бірлігі үшін әрекетін көрсетеміз.
Бекежанның күймеге келуі).
Достарыңызбен бөлісу: |