Сабақтың тақырыбы: «paint графикалық редакторы»



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі0,71 Mb.
#42929
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.

  • Редакторды іске қоса алады.

  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.

  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

  • Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.

Сабақтың жоспары:


  • PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

  • PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

  • PAINT графикалық редакторының құралдары

  • Редактордың командалары

  • Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

  • Суретті қағазға басып шығару


Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1. Оқушылар Алдарындағы Activate құралын пайдалана отырып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді (10 сұрақ)


2. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.

Оқушылар өз ойларын айтады.



Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.



Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет