PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым
суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT
Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек
Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)
дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады
-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады
Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек
-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек
-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады
-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау
үшін қолданылады.
-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған
-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін
пайдаланылады
Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады. Ол үшін Правка Отменить(орындатпау) командасын орындау қажет. Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе, Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.
4.Редактордың командалары
Суретті қалай сақтайды?
Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.
PAINT программасының құжатын бірінші
рет сақтап қою үшін
«Файл-сохранитькак» командасын орындау керек.
Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.
Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.
Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Үзіндіні жылжыту және көшіру
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.
«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.
«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні көбейтудегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.
Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып,Shift батырмасын басып отырып,үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.
Үзіндіні өшіру
Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.
1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;
2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;
3. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 90,180,270 бұруға болады
Үзіндіні еңкейту және созу
Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.
6.Суретті қағазға басып шығару
Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл-печать» командасын орындаймыз.Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп
«Число копий» өрісіне қажетті дана санын енгіземіз де ОК батырмасын шертеміз.