Сабақтың тақырыбы: «paint графикалық редакторы»



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі328,52 Kb.
#42932
түріСабақ
  1   2
Петровка орта мектебі

Ашық сабақ


Paint графикалық

редакторы



Өткізген: Нурдуллаев Е.Г.

Сынып: 5 «А»

2016-2017 оқу жылы

Сынып: 5 «А» Мерзімі: 12.01.2017ж

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, компьютер, презентация

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.

  • Редакторды іске қоса алады.

  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.

  • Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.

Сабақтың жоспары:
«Суреттер сыр шертеді» атты Paint графикалық редакторынының көрмесе сабағы

І. Ұйымдастыру кезең;

ІІ. Билет алу (сұрақтар);

ІІІ. Суреттер көрмесі (пікір);

ІV. Мағынаны ашу. Жаңа сабақ;

V. Құлап қалған суретті құрастыру (бекіту сұрақтары);

VІ. Шығармашылық бөлмесі (практикалық жұмыс);

VІІ. Қорытынды кезең:

  • Бағалау;

  • Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, сынып журналын толтыру, оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ. Билет алу (сұрақтар)

1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау
В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру
С) Пернелерді ақырын басу
Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.

2. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру
В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу
С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау
Д) Арасында мониторды өшіріп отыру.

3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А) 10 – 15 см
В) 20 – 30 см
С) 40 – 50 см
Д) 55 – 65 см.

4. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?
А) сезу және көрудің
В) иіскеу мен естудің
С) есту мен көрудің
Д) көру және дәмін тату арқылы.

5. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағазды
В) дискіні
С) тасты
Д) суды.

6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?
А) кітап
В) радио
С) журнал
Д) плакат.

7. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) Бит
В) Байт
С) 1
Д) Әріп.

8. Бір байт – ол:
А) 10 бит
В) 16 бит
С) 8 бит
Д) 4 бит.

9. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады?
А) Суперкомпьютер
В) Үлкен компьютер
С) Дербес компьютер
Д) Сервер.

10. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
А) Сканер
В) Принтер
С) Монитор
Д) Пернетақта.

11. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?
А) Монитор
В) Колонкалар
С) Сканер
Д) Микрофон

12. Принтер қандай құрылғы?
А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын
В) Графикалық ақпаратты енгізетін
С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын
Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын.

ІІІ. Суреттер көрмесі (пікір). Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.



Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге) Оқушылар өз ойларын айтады.


Мұғалімнің түсіндірмесі. Ерте кезден - ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
- Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз «PAINT графикалық редакторы».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет