Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Сабақтың мақсаты



Дата12.08.2017
өлшемі385,76 Kb.
#23279
түріСабақ
7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының

құралдары.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыра отырып, олардың білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың білімін кеңейтіп, тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы: Paint графикалық редакторы жайында негізгі түсініктерін және сурет салу кезеңдерін көрсете отырып, оқушылардың ой- өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, көрсете түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, слайдтар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасы.

(сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Жаңа қапшықтарды қалай құрамыз?

  3. Дискілерді қалай пішімдейміз?

  4. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  5. Сурет салу алаңын қалай атаймыз?

  6. Түстер палитрасы көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады, қандай?(сурет салатын түс және қосымша тус)

  7. Paint графикалық редакторы дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ..

Paint сурет салу бағдарламасы әр-түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл смуреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез-келген нүстесіне түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр- түрлі жуандықта сызуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.



Кистінің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадаға қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышынорналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.



Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске маус нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)



Ал, енді сурет саламыз.

Сурет салуға қажетті құралдарды маус нұсқағышының көмегімен таңдауымызға болады. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, түрлі- түсті сурет саламыз.


IV. Қорытынды бөлім.

Компьютерлеріңе кітаптарыңыздағы



2-сурет «Тік төртбұрышты салу»

3-сурет «Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыштар салу»

4-сурет «Шеңберлер мен эллипстер салу» тапсырмасын орындаңдар.

Бұл тапсырманы орындап болғандарың, «Өзің орында» практикалық жұмысқа арналған суреттер.5,7,10,12,14,16- суреттерді салыңдар.Соған қарап бағалаймын.


V. Үйге тапсырма

4.2 тақырып . Paint графикалық редакторының құралдарын оқып,

Олардың әр қайсысы қандай міндет атқаратынын

жатқа айту.



VI. Бағалау, мадақтау.

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Word- тың графикалық мүмкіндіктері.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Microsoft Word- тың графикалық мүмкіндіктерімен таныстырып, мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру барысында, қауіпсіздік ережесін есте сақтай отырып, техникамен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан-жақты қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. Кесте құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

(Таблица/ Вставить таблицу)

  1. Жол санын көбейту үшін қандай әрекет жасаймыз?

( Таблица/ Добавить строки)

  1. Кестеге баған санын қосу үшін қандай команданы орындаймыз? ( Таблица/ Добавить столбец)

  2. Ұяшықтарды біріктіру үшін қандай команданы орындаймыз?

(таблица/ Объяденить ячейки)

  1. Беттерді нөмерлеу үшін қандай әрекет жасаймыз?

( Вставка/ Номера страниц)

  1. Құжаттарды баспаға шығару үшін қандай әрекеттер орындаймыз? (Файл /Печать)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Microsoft Word-та мәтінге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында өздерің салған суреттеріңді кірістірудің мүмкіндігі бар.

Егер сендер Paint графикалық редакторында сурет салған болсаңдар, онда оны мәтіндеріңе алмастыру буферінің көмегімен

көшірудің сол командаларын пайдаланып, кірістірулеріңе болады.

Кез-келген Microsoft Word терезесін ашып меню жолындағы Вставка/ Рисунок/ Картинки командасын таңдасаңдар, сонда біздерге Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок опциясын таңдаймыз. Онда бізге суреттері бар терезе ашылады, соның ішінен бір суретті таңдап алып, Вставить батырмасын шертеміз, сонда сурет мәтінге кірістіріледі.

Егер сендерге суреттің өлшемі ұнамаса, онда оны кішірейтіңдер немес үлкейтіңдер.

Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалогтік терезесіндегі Положение қосымшасын шертіңдер де, Поверх текста опциясынан жалаушасын алып тастаймыз.

Кірістірілген сурет мәтіннің оң немесе сол жағында орналасуы үшін Обтекание қосымшасын таңдау керек, содан кейін вокруг рамки және по большой стороне шаршыларын және ОК-ді шертіңдер. Кітаптарыңдағы 9.17-9.18 суреттерін қараңыздар.



Wort Art диалогтік терезесін ашу үшін, экран бетіндегі астыңғы жағындағы құрал- саймандар тақтасынан қисайып тұрған А әрпін таңдасаңдар, сіздерге түрлі стильдегі Wort Art терезесі ашылады. Одан сендер өздеріңе ұнаған стильді таңдасаңдар болғаны сендерге Изменение текста Wort Art диалогтік терезесі пайда болады. Шрифтіні өзгертіп, Arial немесе Times New Roman сөзін ашып, кірістіріп қоясыңдар. Содан кейін шрифтін размерін таңдап, текстерімізді енгіземіз.мысалы: Роза ОК-ді шертеміз.

Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар. Мәтіндеріңді сол атпен сақтап қойыңдар.



IV. Практикалық жұмыс

1-тапсырма.

Графикалық объектілерді қою.

Өздеріңе белгілі Word- та құттықтау және жарнама хабарландыруларын жасаңыз. (әр-түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдаланамыз).



2-тапсырма.

Өздеріңнің ойларыңнан (фантазияларыңнан) түрлі графикалық бейнелерді қойып, 14- ақпан валентин күніне, бір-біріне открытка жасап, құттықтыңдар.



3-тапсырма.

Өздерің «Реферат» деп мәтіндік текстін жазып, безендіріңдер.




V. Қорытынды бөлім

«Сөз жұмбақ»





1








Т


е


р


е


з


е







2








Ш

е

е


к


а


р


а


л


а


р















ж


ұ


м


ы


с


3


а


й


м


а


ғ


ы
















м


е


н


ю


4


ж


о


л


ы
















т


а


қ


ы


р


ы


п


5


ж


о


л


ы













ж


ү


й


е


л


і


к


6


б


е


л


г


і


ш


е


с


і










а


й


н


а


л


д


ы


р


у


7


ж


о


л


а


ғ


ы













қ


а


л


ы


п


*


к


ү


й


8


ж


о


л


ы
















б


а


с


п


а


9


б


а


т


ы


р


м


а


с


ы


Сұрақтары:

  1. Windows ортасының негізгі ұғымы. Жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты сигменті.

  2. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды не деп атаймыз?

  3. Объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.

  4. Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең жолақ бар, ол қалай аталады?

  5. Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан жолды қалай атаймыз?

  6. Тақырып жолының сол жағында қандай белгіше орналасқан?

  7. терезеннің жанында орналасқан сырғытпаны басқаш қалай атаймыз?

  8. терезенің астыңғы бөлігіндегі ұзын жолақты қандай жол деп атаймыз?

  9. Құжатты принтерге шығару функциясын орындайды, ол қандай батырма.


VI. Үйге тапсырма.

Word- тың графикалық мүмкіндіктері.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру тақырыбын оқып келесіңдер.
VII. Бағалау.

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың үзінділермен жүргізілетін әрекеттері туралы толықтай түсінік беру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың білімін кеңейтіп, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Paint графикалық редактордағы үзінділермен жүргізілетін әрекеттерін меңгерте отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

(сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Paint графикалық редакторының командалары нешеу және оларды ата? (орындатпау, қайталау командалары)

  2. Орындатпау командасы дегеніміз не?(Правка/ Отменить)

  3. Қайталау командасы дегеніміз не?(Правка/ Повторить)

  4. Суреттерді қалай сақтаймыз?(Файл/ Сохранить как)

  5. Мәтіні бар суреттерді салу, суреттің үстіне мәтін жазу үшін, қандай құрал таңдаймыз?(А).

  6. Сақтаған суреттерді қалай ашады?(Файл /Открыть)

  7. Paint графикалық редакторда неше құрал бар?(16 құрал)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар: Үзіндіні жылжыту мен көшіру;

Үзіндіні көбейту;

Үзіндіні өшіру (жою);

Үзіндіні бейнелеу мен бұру.

Үзіндіні еңкейту мен созу.

Суретті қарап шығу режимі.

Түстер палитрасын өзгерту.

Суретті қағазға басып шығару.

Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктердің өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік вертикаль бағытта айналдыруға т.б опцияларды орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажетті бөлігін бөліп алу керек.

Суреттің бөлінген бөлігін үзінді деп атаймыз.Үзінді мына құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді: Белгілеу (бөліп алу) батырмасы (выделение) төртбұрышты үзіндіні таңдаймыз. Кез-келген (ерікті) аймақты бөліп алу (выделение произвольной области) батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.


Үзіндіні жылжыту мен көшіру.

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін Правка менюінен Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалану керек. Вырезать командасын таңдағанда, үзіндіні суреттен алып жойылады. Ал егер Копировать командасы пайдаланылса, онда сурет өзгермейді, алмасу буферіне оның көшірмесі орналастырылады.



Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілейміз.

  2. Правка/ Копировать командасын орындаймыз.

  3. Правка/ Вставить командасын орындаймыз. Сонда үзінді терезенің сол жақ бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні мауспен іліп алып, қажетті орынға апарамыз.

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілейміз.

  2. Правка/ Вырезать командасын орындаймыз, бұл жағадайда қиып алған суретіміз жоқ болып кетеді.

  3. Правка/ Вставить командасын орындаймыз. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні мауспен іліп алып, тиісті орынға апарамыз.

Үзіндіні көбейту.

Үзіндіні көбейту үшін, оны белгілеп «барлығы басталатын» жерге апарып қоямыз, содан кейін оны мауспен іліп аламыз да, Shift батырмасын басып отырып, үзіндіні сурет салу аймағына жылжытамыз.

Үзіндіні көбейту дегеніміз- экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

Үзіндіні өшіру (жою)

Үзіндін өшіру (жою) үшін, мынандай 3-тәсіл қолданылады.



1-тәсіл

Үзіндіні белгілеу Правка/ Очистить выделение (Түзету/ белгілеуді тазалау) командасын орындау қажет.



2- тәсіл

Үзіндіні белгілеу



Правка/ Вырезать (Түзету/ Қиып алу) командасын орындау арқылы жүзеге асырылады.

3-тәсіл

Меню жолында Рисунок/ Очистить (Сурет/ Тазалау) командасын орындау қажет. Сурет түгел жойылады.




Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.

Отразить/ Повернуть командасының көмегімен үзіндіні тік немесе көлденең осьтеріне 90,180,270 градусқа бұруға болады.

Кез-келген жануардың немесе өсімдіктің суретін алып, бейнелеу немесе бұру командасын орындап көрейік.



  1. Арыстанның суретін үзінді түрінде белгілейміз.

  2. Рисунок/ Отразить Повернуть клмандасын орындаңдар.

  3. Диалог терезесі пайда болады.

  4. Отразить слево направо опциясын таңдап, ОК батырмасын шертеміз.

  5. Маусты Отразить сверху вниз опциясын таңдап,ОК батырмасын шертсек, онда суретіміз аяғынан басына аударылып түседі.

  6. Повернуть на угол опциясын таңдап, ОК батырмасын бассақ, онда арыстаннаң суреті 90 градусқа бұрылады.


Үзіндіні еңкейту мен созу.

Растянуть/ Наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

  1. Арыстанның суретін үзінді түрінде белгілейміз.

  2. Рисунок →Растянуть/ Наклонить командасын таңдаймыз.

  3. Диалог терезесі пайда болады.

  4. Бұл терезеден өзімізге қажет әрекеттімізді таңдаймыз по горизонтали немесе по вертикали өрісіне\, оған қажетті градус санын енгізіп, ОК батырмасын таңдаймыз. Сурет горизоталь ось бойынша 30-қа еңкейтіледі.

Суретті қарап шығу режимі.

Суреттің бейнелеу масштабын өзгерту үшін, Вид/ Масштаб командасын орындаймыз. Бұл кезде пайда болған бағыныңқы менюден: Крупный , Выбрать командаларының бірін таңдаймыз немесе Масштаб батырмасында шертеміз.

Кәдімгі масштабты қалпына келтіру үшін, Вид→Масштаб→Обычный командасын орындаймыз.
Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану.


  1. Суреттеріңді салыңдар.

  2. Оны сақтап қоямыз.

  3. Файл→Заполнить рабочий стол Windows немесе в центре рабочего стола командасын орындаймыз.


Түстер палитрасын өзгерту.

Paint графикалық редакторындағы түстер палитрасын өзгерту немесе палитрада жоқ, бірақ өздеріңе ұнайтынтүстерді қосу үшін, төмендегілерді орындау керек.



  1. Paint графикалық редакторын ашамыз.

  2. Палитраның ауыстырылған түсіне шертеміз де, Палитра→Изменить палитру командасын орындаймыз. Немесе палитраның кез-келген түсінде екі рет шертеміз.

  3. Изменение палитры диалог терезесі Определить цвет батырмасын шертеміз.

  4. Изменение палитры диалог терезесінде спектрі ашылады.

Түстер спектріне меңзерлерді жылжытып отырып, Цвет/ Заливка

жақтауына пайда болған қай түсті болсын таңдап, Добавить в набор батырмасын шертеміз.



Суретті қағазға басып шығару.

Суретті қағазға басып шығару үшін, Файл→Печать командасын орыңдаңдар. Бұнда бізге Баспа (Печать) диалог терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгіземіз , содан соң ОК батырмасын шертеміз.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл → Предворительный просмотр командасын орындаймыз.
IV. Практикалық жұмыстар.
1-тапсырма

1. Соқпақ жолға шырша отырғыз.

2. Көшіру арқылы осындац үш шырша отырғыз.

3. Шыршалармен осындай тағы үш соқпақ жол жаса.

4. Ортаңғы шыршалары бар соқпақ жолды кішірейт.

2- тапсырма.

1. Үй мен көше сал.

2. Көшіру арқылы тағы үш үй, содан кейін осындай үш көшеде тұратын ауыл сал.

3. Ортаңғы көшені кішірейіт.

153-беттегі Өзің орында 1,2,3,4-тапсырмаларын орыңдаңдар.
V.Қорытынды бөлім


  1. Paint графикалық редактордың терезенің төменгі жағында не орналасқан.(палитра)

  2. Суреттің бөлінген бөлігін қалай атаймыз?(Үзінді)

  3. Белгілі бір атауы бар орынды қалай атаймыз?(Файл)

  4. Суретті жылжыту үшін, қандай команда орындаймыз.(Копировать).

  5. Суретті көшіру үшін, қандай команданы орындаймыз?(Вырезать)

  6. Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал? (масштаб)

  7. Сызықты әр- түрлі қалыңдықта сызуға арналған құрал қалай аталады?(Қарындаш)

  8. Ерікті сызықтарды салуға арналған құралды ата? (Кисть)

  9. Отразить/ Повернуть командасын орындау үшін қайда барамыз? (Рисунок)

  10. Shift батырмасын баса отырып, тышқанның нұсқағышы жылжыту арқылы не істеуге болады? (Көбейту)

  11. Сурет ішіне мәтін орналастырау құралы.(Надпись)


VI. Үйге тапсырма

4.4-тақырып Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.


VII. Бағалау.

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердегі кестелік есептеулер.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға компьютердегі кестелік есептеулерді, деректерді кестелік түрде ұсыну. Деректердің типтері. Формула жазу ережелерімен таныстыра отырып, оларды қолдана білу технологиясын үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушылардың білімін кеңейтіп, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Дамытушылығы: Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясын меңгерте отырып, оқушылардың ой- өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Тест сұрақтары.

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп алып, экранға шығаратын құрылғы.

А) принтер; Б) монитор; В) Сканер;

2. Ақпараттарды зерттейтін құрылғы.

А) процессор; Б) Информатика; В) Информация;

3. Кесте құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

А) Таблица/ Вставить таблицу / Формат;

Б) Таблица/ Вставить таблицу;

В) Таблица/ Вставить/ Рисунок;

4. Жол санын көбейту үшін, қандай команданы орындаймыз?

А) Файл/Печать

Б) Таблица/ Объяденить ячейки

В) Таблица/ Добавить строки

5. Жолдар мен бағандар қиылысып нені құрайд

А) Қапшық; Б) Кесте; В) Ұяшық;

6. Беттерді нөмірлеу үшін, қандай әрекетті орындаймыз?

А) Вставка/Номера страниц

Б) Вставка/ Отменить;

В) Формат/ Номера страниц

7. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру үшін, қай әрекетті орындаймыз?

А) Вставка/ Рисунок;

Б) Формат/ Рисунок / Картинки;

В) Вставка / Рисунок/ Картинки;

8. Ұяшықтарды біріктіргенде нәтижесі өздеріңе ұнамаса, онда қандай команда орындаймыз?

А) Таблица / Удалить строки;

Б) Таблица/ Удалить столбцы;

В) Правка/ Отменить объединение ячеек.

9. Мәзір орысша қалай аталады?

А) папка; Б) Меню; В) Документы;

10. Құжатты сақтау үшін, қандай әрекет орындаймыз.

А) Файл/ Сохранить как;

Б) Файл/ Открыть/ Сохранить;

В) Файл/ Сохранить;

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар: Деректерді кестелік түрде ұсыну.

Электрондық кестелер.

Деректердің типтері.

Формула жазу ережесі.

Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.
Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі. Мыс: Еңбекақыны есептеу тізімдемесі, смета құру, сатылған өнім туралы есеп беру және т.б.

Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.

Мынандай мысал келтірейік. Оқу жылының аяғында мектептеріңде жөндеу жұмысын жүргізуде қаржы табу мақсатымен жәрменке өткізу туралы шешім қабылдаңдар, оны ұйымдастырудың дайындығына кірістіңдер және бұл жұмыстан 10 мың тенге табыс табуды жоспарлаңдар.

Жәрмеңкеде оқушылардың еңбек сабағында жасаған тағамдары мен бұйымдары сатылатын болды.

Тәтті тоқаштың біреуі-10 тг

Самсаның бдіреуі-10 тг

Шырынның бір стаканы-10 тг

Ет,нан турайтын тақтайша-50 тг

Еден жуғыштың біреуі-100 тг

Орындықтың біреуі-200 тг бағаланды.


Нәтижесінде мынандай кесте құрылады.

Жәрмеңкеден түскен түсімдер.



Тауар

Саны

Бағасы

Жалпы сомасы

Тәтті тоқаш

130

10

1300

Самса

130

10

1300

Шырын

140

10

1400

Тақтайша

50

50

2500

Еден жуғыш

15

100

1500

Орындық

10

200

2000

Барлығы:







10.000

Кестеде тек бір ғана жол болуы да мүмкін, мұгндай кестені сызықтық кесте деп атайды.

Бірнеше жолдардан тұратын кестені Тіктөртбұрышты кесте деп атаймыз.

Кесте- ақпараттық жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

Жол- көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.



Ұяшық- дерек салатын орын.
Электрондық кестелер.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кеңінен таралған.



Электрондық кесте (ЭК) –ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

Кестенің электрондық бейнесі- Графалар(бағандар) алфавит әріптерімен белгіленеді және бағандар деп аталады, ал жолджар сандармен белгіленеді. Көптеген ЭК-де бағандары «А»-дан «Z»-ке дейінгі латын әріптерімен белгіленеді.

Деректердің типтері.

ЭК мәндер мынандай типтерде: Мәтіндік, сандық, формулалар, датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін. Кейбір кестелік процессорларда үтірдің басталуы орнына нүкте қойылады (978.326)

Қазіргі кестелік процессорларда дата мен уақыт жұмыс істей алады. Дата мен уақытты бір ұяшыққа көрсетуге болады, онда оларды бос орынмен бөлу керек.

13/11/04 15:23

Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды де енгізуге болады.

Формулаларды математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады. 1 математикалық операторлар

2 салыстыру операторлар
Формула жазу ережесі.
Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін, қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтамыз. Д2/Д7 блогын есептеу үшін, ұяшықтар блогын қосқан кезде мысалы: Д2+Д3+Д4+Д5+Д6+Д7 формуласының орнына =СУММ (Д2/Д7) енгізуге болады.

Формула, математикалық, статистикалық қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді.

Бірнеше статиститкалық СРЗНАЧ, МИН, МАКС және СУММ функцияларын қарастырайық.

СРЗНАЧ функциясы бірқатар мәндердің арифметикалық ортасын есептейді. Ол үшін мына түрде жазылады.

= СРЗНАЧ (1-мән, 2-мән, 3-мән.... соңғы мән) Мыс: =СРЗНАЧ (1300; 1300;1400; 2500; 1500; 2000) өрнегі 1666,6667 деген нәтиже береді. Сол сияқты = СРЗНАЧ (Д2; Д7) өрнегі Д2;Д7 ұяшықтарында сақталған сандардың орта мәнін есептейді.

Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.


Кестелік процессорды іске қосу.



Кестенің жаңа жұмыс бетін құру.

Деректерді енгізу

Алдын-ала құрылған жұмыс кітабын ашу.

Деректерді редакциялау.

Енгізілген объектілер жұмыс істеу.

Кестені пішімдеу.

Құжатты сақтау

Құжатты басу.

IV.Сабақты қорытындылау.

  1. Кесте, жол, баған, ұяшық сөздеріне түсінік бер.

  2. Қандай кесте төртбұрышты деп аталады?

  3. Электрондық кесте дегеніміз не?

  4. Электрондық кестені қандай мақсаттарда қолдануға болады?

  5. Электрондық кестедегі формула деп нені атаймыз?


V. Үйге тапсырма

Компьютердегі электрондық кестелерді есептеу тақырыбын оқып келу.



VI. Бағалау, мадақтау.

8-сынып.

Сабақтың тақырыбы:

Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel-де деректермен жұмыс істеу.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой-өрісін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

(сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?(бірнеше жолдардан тұрады)

  2. Кесте дегеніміз не?(ақпараттық жолдар мен бағандардардан тұрады)

  3. Электрондық кесте дегеніміз не?(мәтіндер мен сандардың кестелік компьютерлік бейнесі)

  4. Электрондық кестені қандай мақсаттарда қолданылады?

  5. Ұяшық ауқымы дегеніміз не?

  6. Баған, Жол, ұяшық дегеніміз не?

  7. Электрондық кестедегі формула деп нені атайды?(есептеу үшін қолданған кәдімгі математикалық өрнектерді атайды)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр-түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.



  1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.

  2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.

  3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.

  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.

  5. Жол, баған немес ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.

  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.

  7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.

  8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.

  9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.

10.Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.
Microsoft Excel-ді іске қосу және жұмыс кестенің элементтері.

Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:



Пуск /Программы/ Microsoft Excel

Microsoft Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.



Жұмыс кестесінің элементтері:

  1. Айналдыру жолағы.

  2. Бөлудің кішкене белгісі.

  3. Жол нөмірі.

  4. Баған тақырыбы.

  5. Кестелік меңзер.

  6. таңбалар.

  7. Стандартты аспаптар панелі.

  8. Пішімдеу панелі.

  9. Формулалар жолы.

10.Қалып-куй жолы.

11.Айналдыру батырмасы


Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады.Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әр-бір бет 256 бағаннан және 65,536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның А,В,С,Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар нөмірленеді.

Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.

Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.



  1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.

  2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшық тың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.

Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту.

Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:



  1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.

  2. Переменовать командасын таңдаймыз.Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді

  3. Жаңа атауын енгіземіз.

  4. Кестенің кез-келген ұяшығына шертіңдер.


Microsoft Excel-дегі деректермен жұмыс істеу.

Деректерді Excel-де енгізу.
IV. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Жұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер. Мыс:Табл1, План сведения (1-кесте, Жоспар, мәлімет)



2-тапсырма

1. Пуск/Программы/ Microsoft Excel командасын орындаңдар.

2. А1, В1, С1, Д1 ұяшықтарына баған аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.

3. А1 ұяшықтан А8 ұяшығын қоса жол аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.

4. А,В және Д бағандарының енін маус көмегімен өзгертіңдер.

3-тапсырма

Кітаптарыңа пароль қойыңдар.




V.Қорытынды бөлім.

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?

  2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар

  3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?

  4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?

  5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?


VI. Үйге тапсырма

Microsoft Excel кестелік процессоры.

Excel –дегі деректермен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.

И VII.Бағалау.



8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Excel –дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, диаграммалар салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректердің орнын ауыстыруы және көшірмелеуді үйрету.

Тәрбиелігі: жаңа сабақты игере отырып, оқушылырды ұқыптылық пен шапшаңдыққа баулу.

Дамытушылығы: Excel –де графикалық мүмкіндіктерін көрсету және диаграммалар тұрғызу мақсатында оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

(сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға болады?

  2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар.

  3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?

  4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?

  5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Деректерді өңдеу формулалары.

Microsoft Excel-де барлық формулалар «әрқашан теңдік белгісінен басталады». Егер оны тастап кетсек, онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады.

Формула енгізгенде, олар формула жолында белгілінеді. Функция мастерін шақыру үшін аспаптар панеліндегі Вставка функций батырмасын шертеміз немесе Вставка /Функций командасын орындаймыз.

Категория тізімінен формулаға қоятын формуланы таңдап, Далее батырмасын шертеміз. Егер жұмыс кестесінің барлық формуласын бірден көру керек болса, онда Сервис және Параметры командасын орындап, параметры диалог терезесіндегі Вид қосымшасын таңдап, Параметры окна бөлімінде Формулы опциясының жалаушысын таңдап, ОК батырмасын шертеміз.



Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Ақпараттың орнын ауыстыру мен көшірмелеу принципі бұл маустың көмегімен «алып барып қою» және Вырезать, Копировать және Вставить командаларын бірге алмастыру буферін қолдану әдісі.

Барлық формулаларды бірден көру үшін.

Сервис/ Параметры/ Формулы/ ОК әрекеттер тізбегін орындаңдар.

Маустың көмегімен жылжыту үшін:


  1. Д 8 ұяшығын белгіліңдер.

  2. Меңзерді белгіленген жақтауға орналастыр, маустың сол жақ батырмасын басып, ұяшықты жаңа орынға-Д11 ұяшығына апарыңдар.

  3. Маустың батырмасын басыңдар.

  4. Ұяшықтың ішіндегісін бұрынғы орынға апарыңдар.

Жұмыс кестесінің автоматты түрде пішімделуі.

Кестенің пішімін өзгерту үшін яғни бағандарының тақырыптарының астын сызу «айдар» деп аталатын кестенің бүйір жақтарын сызықпен бөліп алу үшін автоматты түрде пішімделуі операциясын қолданамыз.



Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу.

Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. Диаграммалардың мынандай типтері болады:



  • Бағандық (гистограмма)

  • Сызықтық

  • Дөңгелек

  • Нүктелік

  • Сақиналық

  • Көпіршіген

  • Жапырақшалық

  • Цилиндрлік

  • Конустық

  • Пирамидалық т.с.с

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі горизонталь немесе категориялар осі және вертикаль немесе мәндер осі болады. Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар осі қосылады.

Диаграммалар мынандай элемсенттерден тұрады.(тор, тақырып және аңыз)

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.



Графикалық обьектілерді біріктіру.

  1. Меңзерді А1 ұяшығын орналастырыңдар, өйткені суретті бос А бағанына кірістіру.

  2. Ол үшін Вставка/ Столбцы командасын оындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.

  3. Вставка /Рисунок/ Картинки командасын орындаймыз.

  4. Картинки опциясын сурет таңдап, Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.


IV. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Кітаптарыңыздағы 177 беттегі «Өзің орында» тапсырмасын орындаңдар.



2-тапсырма.

180 беттегі «бір кестеден басқа кестеге ақпаратты көшірмелеу әрекетін»орындап көріңдер, нәтижесігн маған көрсетіңдер.



3-тапсырма

Диаграммалардың неше түрі бар? Соларды топтастырып, дәптерлеріңе сызып,к өрсетіңдер.


V. Қорытынды бөлім.

  1. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?

  2. Заполнить командасы арқылы қандай әрекет орындауымызға болады.

  3. Жұмыс кестесінің автоматты түрде пішімделуі үшін қандай әрекет орындаймыз. (Формат/ Автоформат)

  4. Кестелерді баспаға шығару үшін не істейміз?

  5. Диаграммалардың неше түрі бар? Оларды атаңдар.

  6. Диаграммалар қандай элементтерден тұрады. (тор, тақырып, аңыз)


VI. Үйге тапсырма

Microsoft Excel-дегі графикалық мүмкіндіктерін және диаграммалар тұрғызу тақырыбын оқып келесіңдер.



VII. Бағалау, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет