Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі103,2 Kb.
#26814
түріСабақ
Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Катпина Асем Шопбаевна

Дүниетану 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау. 
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру. 
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу. 
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ. 
Қолданылатын жаңа технология: ?
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: ?талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест 
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану 
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: ? сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар,ҚР картасы 
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, маркерлер 

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі : Психологиялық дайындық. 

Табиғат - біздің анамыз, 


Табиғатқа баламыз. 
Табиғатты қорғайтын, 
Біз әдепті баламыз. 
Жер байлығы көп екен, 
Меңгеруді қалайды. 
Осының бәрін меңгертер, 
Дүниетану сабағы. 

ІІ. Топқа бөліну Билеу арқылы (2,3,4,5,6,7) жұптасып, топтасып топқа бөліну

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? (құм, саз, тас, әк)


2. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? (тас көмір, мұнай, газ)
3. үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады? (мыс, темір, қорғасын, алюминий)
4. Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)
5. Пайдалы қазба деген не?(Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды)

ІҮ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу.

Қызуын аямайды, 


Көлікке азық жасайды. /Мұнай/ 
Қара түсті, отын, 
Жанады жарқын. /Көмір/ 
Мөлдір, әрі түссіз, 
Өзі табиғи отын. /Газ/ 

-Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/ 

- Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

- Дұрыс. Кенді, кенсіз, жанғыш пайдалы қазбалар



Ү. Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді іштей оқыту.

- Жұпта талқылау

- Топта талқылау

- Ойларын ортаға салу

1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.


2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі. 1833 жылы алғаш көмірді тапқан Апақ Байжанов. 1856 жылы сол жерде кен орыны ашылып, жұмыс істей бастады.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.


3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны тыңайтқышын өндіреді. Гранит - өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Бірақ граниттің бәрінің бүліну процесі бірдей емес, ірі қиыршықтысы тез, майда қиыршықтысы өте баяу бүлінсе, ал сұр гранит бүлінбейді десе де болады. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді. Бұл оны бүлінуден қорғайды. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.

- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?


- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының Қ.И. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.



Пайдалы қазбалар
қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен». Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар. 493 кен орыны белгілі.


Сәйкестендіру тесті

Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен сәйкестендіру

Алтын -

Алюминий-

Тас көмір-

Мұнай -

Мыс -

Газ -

Тұз -

Саз -

Әктас -

Тұз - А
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:

- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.

Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -

Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А


Ү. Тәжірибе көрсету
ҮІ. Топтық жұмыс

І топ – Семантикалық карта



Пайдалы қазбалар

Мұ-най

әктас

мыс

алюми-ний

газ

тұз

көмір

жез

мәрмәр

қола

Кенді































Кенсіз































Жанғыш































ІІ топ – «Пайдалы қазбалар» деген сөзге ассоциация жазу

ІІІ топ – Венн диаграммасы (кенді, кенсіз)

Мұнай ------------- жылтыр, қатты, суға батады
Көмір -------------- құбырмен жіберіледі, ілеспе түрі бар
Гранит ------------- қатты, кенді
Темір -------------- шпат, кварц, слюдадан тұрады.
Газ ------------------ сұйық, жанғыш
5 жолды өлең.
Мұнай
Сұйық, жанғыш
Өңдейді, бұрғылайды, атқылайды.
Мұнай – қызулы отын.
Қара алтын

Тас көмір


Тығыз, жанғыш
Қазады, шахтада өндіреді.
Қарағанды - тас көмірдің ірі кен орны.
Қара алтын.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Сөздік диктант.

Пайдалы қазба атауларын жаз.

- Жеңіл, ылғал тартады, жақсы жанады, малға төсеніш, тыңайтқыш қызметін атқарады. (Шымтезек)

- Шахтада өндіріледі, ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады. (Темір кені)

- Қара түсті, аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. (Таскөмір)

- Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкіи Бірнеше минерал бөлшектерден, шпат, кварц, слюдадан тұрады (Гранит)

- Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, бензин мен мазут алынады. (Мұнай)

- Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)

- Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады, (Саз)

Есте сақта!

«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»


«Бәйге» ойыны арқылы сабақты бекіту.
1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
3. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
4. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
6. Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
7. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
8. Пайдалы қазба дегеніміз не?
9. Қазақтың тұңғыш геологы кім?
10. Апақ Байжанов

«РАФТ» әдісі

Рөл - оқушы


Аудитория – депутат

Форма – ұсыныс хат

Тақырып – пайдалы қазбалардың зияны

Қорытынды

Тест тапсырмалары

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді? 


А) 2 
Ә)3 
Б) 4 
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? 
А) тас көмір, мұнай, газ 
Ә) мұнай, гранит, мыс 
Б) газ, тас көмір, қорғасын 
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады? 
А)газ 
Ә)құм 
Б)металл 
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан? 
А)Өскемен, Семей 
Ә)Қарағанды, Екібастұз 
Б)Маңғыстау, Атырау 

5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді? 


А)тас көмір, мұнай 
Ә)қорғасын, алюминий 
Б) мұнай, газ 

6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда? 


А) Шығыс Қазақстанда 
Ә)Орталық Қазақстанда 
Б)Солтүстік Қазақстанда 

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады? 


А)тұз, фосфорит,әктас 
Ә) мұнай, гранит, тұз 
Б) фосфорит, газ, металл 

8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны: 


А)Кентау 
Ә)Соколов-Сарыбай 
Б)Өскемен 

9. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады? 


А) фосфорит, мәрмәр 
Ә) бензин, газ, жанармай 
Б)жанғыш газ, әктас 

№ 16 лицей-мектебі


Дүниетану

4 «В» сынып

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Өткізген: А.Ш. Катпина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет