Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру



Дата25.08.2017
өлшемі38,58 Kb.
#26817
түріСабақ
Дүниетану пәні

3-класс


Сабақтың тақырыбы:Пайдалы қазбалардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Пайдалы қазбалар жайлы білімдерін толықтыра отырып,пайдалы қазбалар түрлерімен таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың білім дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыту.Пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік,ізгілік қарым-қатынасқа,Отанын сүйуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,тест,сәйкестендіру тесті,мақал-мәтелдер.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,электронды оқулық,карта,қима-қағаздар.

Сабақтың барысы.

Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен сәлемдесу.

Ә)Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбер құрылады.

Қоршаған орта табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю,қорғау,парасат.

Білейік мұны жамағат.

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Үйге тапсырма сұрау.

-Үйге не берілді?

-Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы.

А. Тест алу арқылы үй тапсырмаларын тексеру.

Жауаптары: 1.Б 2.Ә 3.Б 4.Ә 5.А 6.Б 7.Ә 8.Б.

Ә.Ойын Кім тапқыр. Интерактивті тақтадан балаларға суреттер көрсетіледі.Балалар суреттердің қандай қазба байлықтардан жасалғанын айтуы керек.

Жауаптары: фосфорит,әктас,көмір,мұнай,құмтас,гранит,саз.

Жарайсыңдар,балалар!Біз бұл ойында көптеген пайдалы қазбаларды айттық.Енді осы пайдалы қазбалар бірнеше топтарға бөлінеді екен.Оны білгілерің келе ме?

-Күн жадын жазу.

Жаңа сабақпен жұмыс.

А. Тақырыпты хабарлау.

Ә:Мақсатымен таныстыру.

-Біз өмір сүріп жатқан Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Ендеше, айтыңыздаршы Қазақстан несімен бай?(Жері кең,тілі,діні,халқы көп,қазба байлығы көп,егін шаруаш.мал шаруаш. Т.б.)

-Өте тамаша!Біздің елімізде балалар,пайдалы қазбалардың 6000-нан астам түрі бар екен.Пайдалы қазбалар бірнеше топтарға бөлінеді екен.

Пайдалы қазбалар

Жанғыш пайдалы қазба Кенді пайдалы қазба Кенге жатпайтын пайдалы қазба

Таскөмір,мұнай,газ. Темір,мыс,қорғасын,т.б. Тұз,әктас,мәрмәр,гранит,құм,саз т.б.

Картамен жұмыс.

Маңғыстау,Қарағанды,Жезқазған кен орындарын тақтадан көрсетіледі.Аталған қалалар жайлы мәліметтер беріледі.

Демек, балалар, біздің еліміздің қазба байлықтары ьөте көп екен. Біз елімізбен мақтанамыз ба? Осындай елде өмір сүріп жатқандарыңа қуанасыңдар ма?Ендеше сергіту сәтін өткізіп жіберейік.

Сергіту сәті.

Бекіту.

-Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді екен?



-Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?

-Кенді пайдалы қазбалаға нелер жатады?

- Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады?

Сәйкестендіру тесті.

1.Тығыз тау жыныстары 1.құм

2.Жанғыш пайдалы қазба 2.темір

3.Бос тау жыныстары 3.тұз

4.Кенді пайдалы қазба 4.гранит

5.Кенге жатпайтын пайдалы қазба 5.мұнай

Суреттерді ажырату.

-Тақтадан суреттер көрсетіледі.Оқушылар оның қай пайдалы қазба түріне жататынын ажыратады,әңгімелейді.

Газ-жанғыш,лампочка-кенге жатп. Велосипед-кенді,ұшақ-кенді,қарындаш-кенге жатпайт,кастрюль-кенді,т.б.

Пысықтау кезеңі.

Оқушыларға қима-қағаздар таратылып беріледі.Онда жазылған қазба байлықтарды тиісті топқа орналастырады.

Жанғыш пайдалы қазба Кенді пайдалы қазба Кенге жатпайтын пайдалы қазба

Мұнай,резеңке,газ қорғасын,мыс,тік ұшақ әктас,цемент,кварц,тұз,қайрақ

Мақал-мәтелдермен жұмыс.

-Балалар,пайдалы қазбаларды түрлеріне қарай ажыраттық.Елімізде көптеген пайдалы қазбалар бар екен. Енді ел,жер, Отан туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

-Өте тамаша!Балалар бұл айтқан мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсініп өскейсіңдер.Елімізді қорғайтын,табиғатты аялай білетін азамат болғайсыңдар!

Үйге тапсырма беру.

Пайдалы қазбалардың түрлері тақырыбын оқу.

Бағалау.


Қорытындылау.

-Бүгінгі сабағымызда не өттік?

-Өзімізге не алдық?

-Пайдалы қазбаларға нелер жатады екен?

Саржансай орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері



3-класс

Өткізген: Елемесова Ш.М.



2016-2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0a01
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a01 -> Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы қорытынды кеші
0a01 -> Сабақтың атауы Жануарлардың алуан түрлілігі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет