Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберхана технологиясы Жоспар


Педагогикалық шеберхананы құру принциптері



бет2/4
Дата09.01.2022
өлшемі40 Kb.
#110622
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4-сабақ. ЖПТ. СБМ-31. Педагогикалық шеберхана технологиясы.

Педагогикалық шеберхананы құру принциптері:

1. Педагогикалық шеберханадағы жұмыс адамның рухани құндылықтарына негізделуі тиіс.

2. Шебер мен қатысушылардың теңдігі, қатысушылардың өзара теңдігі.

3. Шеберханаға қатысушыны іс-әрекетке мәжбүрлемеу.

4. Баға, жарыс деген болмауы керек.

5. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстардың өзара түсіністік негізінде алма кезек ауысуы.

6. Нәтиже қандай құнды болса, шеберханадағы үрдіс сондай бағалы, құнды.

Педагогикалық шеберхананың құрылым бірліктері, қадамдары:

1. Өте жақсы нәтиже беретін кезең – индукция кезеңі. Қатысушыны сабаққа психологиялық дайындау. Шеберхананың осы бөлімі ең маңызды және шешуші рөл атқарады. Тақырыпты ашуда индуктор кез-келген зат не құбылыс болады. Мысалы, сөз, зат, әрекет, құбылыс, үнтаспа үні, сурет, тіпті, бір нүкте осы шеберхананың бүтін мән мағынасын ашатындай және ойландыратындай болуы шарт. Оқушылар оқу тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болады. Индуктор неғұрлым сәтті таңдалса, соғұрлым шеберхана да сәтті болады.

2. Екінші кезең – деконструкция кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар сызбаға немесе тірек схемасына сүйеніп, жұмыстарын жалғастырады. Оқушылар кластер құрап, ойларын жинақтайды. Мысалы, тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады ( өз біліміне, өз тәжірибесіне сүйеніп) немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып білімдері кеңейеді.

3. Үшінші кезең – реконструкция кезеңінде балалар дайын сызбамен немесе мәтінмен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушыларды бағдарламадан тыс қосалқы мәтінмен жұмыс жасау өте қызықтырады. Аяқталған мәтінді топ ішінде талдап, өз ойларын көршілес топтың ойларымен салыстырып, негізгі ойды табу арқылы мәтінге ат қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет