Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберхана технологиясы Жоспар



бет4/4
Дата09.01.2022
өлшемі40 Kb.
#110622
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4-сабақ. ЖПТ. СБМ-31. Педагогикалық шеберхана технологиясы.

6. Афишалау кезеңінде әр бала немесе топ өздерінің жұмысын қорғайды, көпшілікке таныстырады, хабарлайды, жеткізеді. Осы кезеңді ұжым мүшелерін біріктіретін, ынтымақтандыратын кезең деуге де болады.

7. Соңғы кезең – рефлексия кезеңі. Рефлексия кезеңі әр оқушыға шеберхана барысындағы ішкі сезімін, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың жан дүниесінде болған өзгеріс, ұсыныс, пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алып, қорытынды жасалады. Тіпті, мүлдем тұйық деген баланың өзі де бір-екі сөйлем болса да міндетті түрде айтады.

Педагогикалық шеберхананы бастамас бұрын ең алдымен ұйымдастыру кезеңіне көп көңіл бөлу керек. Ұйымдастыру кезеңі дұрыс ойластырылып өткізілсе, кез келген сабақ нәтижелі болады. Ең алдымен оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізу керек. Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-бірінің қолынан ұстасып, бір-біріне жақсы- жақсы сөз, жақсы лебіз немесе тілек айтқызуға немесе баланың сол күнгі көңіл күйін көтеру үшін күннің суретін салғызып, оның шуақтарын әр түрлі ашық түстермен бояуды тапсыруға болады. Мұндай іс-әрекет оқушылар арасында өзара сыйластық, түсінушілік, достық қарым-қатынасты туғызады, ал бұл шеберхана барысындағы жұмыстың қызық да дұрыс өтуіне негіз болатын бірден-бір қажетті адамгершілік қасиет. Шеберхана барысында оқушыларға толық ерік беріледі.

Педагогикалық шеберхана технологиясын пайдалану арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:



  • Сыныпта бірлескен ұжым қалыптасады;

  • Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • Үлгерім сапасы артады;

  • Сабаққа деген қызығушылық пайда болады;

  • Уақыт үнемделеді;

  • Оқушыларда ізденушілік, шығармашылық қабілеттер дамиды.

Мұғалімге педагогикалық шеберхана бойынша сабақ өткізу төмендегідей жеңілдік туғызады:

  • Мұғалім тек бақылаушы, жетекші;

  • Барлық көрнекі құрал оқушы қолымен шеберхана барысында жасалады;

  • Уақыт тиімді, үнемді пайдаланылады;

  • Оқушылармен қарым-қатынас, түсіністік, сыйластық принциптерінде құралады;

  • Шәкіртіне дәріс беруден тек ләззат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет