Пәні
|
Информатика Тексерген
|
Күні
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Пернетақта
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларды пернетақтамен, оның негізгі батырмаларымен, және олардың міндетімен таныстыру.
|
Сабақтың міндеттері
|
1. Білімділік : Оқушыларға пернетақтақның ұрылымы және қызметі жайлы толық түсіндіріп, жұмыс жасауды үйретіп, олардың ой-өрісін жетілдіру.
|
2. Тәрбиелік: Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу.
|
3. Дамытушылық. Оқушылардың білім білік, дағдысын қалыптастыру ой өрісін дамыту, біліммен біліктілікке үйрету.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б).
Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру(практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн-ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т.б»).
Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану(әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі))
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)
Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)
|
Сабақтың әдісі:
|
1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме,оқу материалымен өзіндік жұмыс
2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау,практикум,бағдарламаланған оқыту,дағдыларды жаттықтыру.
3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау,жартылай ізденушілік,зерттеушілік, миға шабуыл
4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас,диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі»,жобалар әдісі,тұсаукесерлер.
5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын,рольдік ойын,ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар,аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс-стади)
|
Сабақтың түрі:
|
Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:
1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде
әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
4.Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.
|
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы
|
арнайы дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, моноблоктар, электронды оқулықтар.
|
Пәнаралық байланыс
|
математика, дизайн
|
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.
3. Оқушының субъектілік тәжірибесін өзектілеу кезеңі
4. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін зерделеу кезеңі
5. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін алғашқы тексеру кезеңі 6. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі
7. Сабақты қорытындылау кезеңі
8. Рефлексия кезеңі
9. Білімді бағалау кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі: (қызығушылықты ояту)
|
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
|
Жаңа сабақ
|
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда 101 немесе 102 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)
-функционал пернелер: F1-F12
-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
-сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосымша NumLock пернетата арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
|
Бекіту сұрақтары:
|
Пернетақтаның блоктарын айт.
Негізгі пернелердің қызметі қандай?
|
Үй тапсырмасы:
|
Пернетақта
|
Достарыңызбен бөлісу: |