Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Тышқан (маус) құрылғысы. Монитор. Сабақтың мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі290,27 Kb.
#81996
түріСабақ
Байланысты:
Бекітемін 5


«Бекітемін» І топ________________________
ІІ топ_______________________
ІІІ топ______________________
ІҮ топ______________________
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Тышқан (маус) құрылғысы. Монитор.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды монитор, пернетақта, маус, джойстик құрылғыларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды керекті ақпараттарды өздері іздей отырып, оны өңдеу, сақтау білуге дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін дамыта отырып, жүйелі сөйлеуге үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, модульдік оқыту технологиясының элементтері.
Көрнекілігі: ноутбуктер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу.

Модульдік оқыту технологиясының оқыта-үйрету ойындары:
«Ішіне-сыртына» стратегиясы
«Оқушы-мұғалім»


Сабақтың барысы.



  1. Ұйымдастыру кезеңі



Сергіту «Тілек айту».
Бүгінгі сабағымыз қызықты және жемісті өтсін!


Сабақтың мақсаттарын оқушыларға анықтау.


ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Жүйелік блок, ақпаратты шығару және енгізу құрылғылары.
2. Сұрақ-жауап:
1. Жүйелік блок не үшін қажет?
2. Жүйелік блоктың түрлерін атап беріңдер.
3. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылары орналасқан?
4. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында не орналасқан?
5. Процессор ол қандай құрылғы?
6. Компьютердің ішкі жады қандай міндет атқарады?
7. Ішкі жадтың қандай түрлері болады?
8. Тұрақты жадтың жедел жадтан қандай айырмашылықтары бар

Ә. Суретте көрсетілген адам әрекетінің қай салаларында компьютерді пайдалануға болады? Жауапты дәлелдеп беріңдер.



Б. «Ішіне-сыртына» стратегиясы
Берілген құрылғылардың қайсысы енгізу және шығару құрылғыларына жататынын анықтаңдар:
Принтер, пернетақта, тышқан, дисплей, джойстик, графиксалғыш, сканер.


В. Информатикалық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар:


    1. Компьютердің басты құрылғылары - ..., ..., ... .

    2. Монитор, пернетақта, жүйелік блок компьютердің басты құрылғылары болып саналады, себебі ... .

    3. Компьютерге ..., ..., ..., ... сыртқы құрылғыларды қосуға болады.

    4. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен ... немесе ... арқылы жалғасады.



ІІІ. Жаңа сабақ
«Оқушы-мұғалім» оқыта-үйрету ойыны
Оқушылар екі топқа бөлініп, мәтінді мұқият оқиды, керекті ақпараттарды дәптерлеріне жазады.


ІV. Өткен тақырыпты бекіту


1-ші топ оқушыларға қойылатын сұрықтары:
1. Дисплей құрылғыны қалай басқаша атауға болады?
2. Дисплей не үшін қажет?
3. Дисплей құрылғы неден тұрады?
4. Монитордың қандай түрлері болады?
5. Пиксель дегеніміз не?
6. Монитордың ажырату қабілетіне не кіреді?
7. Алғашқы түрлі түсті мониторлар қай жылы жасалды және олар қалай аталатын?
8. Қазіргі кездегі компьютерлер қандай мониторлармен жабдықталған?
9. Дисплейдің басты бөлігі не болып саналады? Ол не үшін қажет?
10. Түрлі түсті дисплейде түстер палитрасы қандай түстерден құралады?
11. Экран алдында неліктен көп отыруға болмайды?
12. Джойстик құрылғы не үшін қолданылады?


2-ші топ оқушыларға қойылатын сұрықтары:
1. Пернетақта құрылғы не үшін қажет?
2. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында неше пернелері болады?
3. Пернелер қандай блоктарға бөлінеді?
4. Символдық пернелерге не кіреді, олар не үшін қолданылады?
5. Функционал пернелерді атаңдар. Олар не үшін қажет?
6. Меңзерді экранда басқару пернелер не үшін керек?
7. Пернетақтада қандай арнайы пернелері бар?
8. Тышқан құрылғыны қалай басқаша атауға болады?
9. Маус құрылғы не үшін керек?
10. Маустың қандай түрлері болады?
11. Мауспен жұмыс істеген де резеңке кілемше не үшін қолданылады?


Тапсырма: Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны анықтаңдар:



V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VI. Үй жұмысы
Эссе келесі тақырыпқа: «Компьютер құрылысын мен беске білемін!»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет