Сабақтың тақырыбы Пирамиданың көлемі Мақсаты Пирамиданың көлемін есептеуді үйрену



Дата17.10.2019
өлшемі20,01 Kb.
#50193
түріСабақ
Байланысты:
fd5gd1s4f
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, fd5gd1s4f
Зеленов ауданы Көшім ауылы

Көшім ЖОББМ-балабақшасы

Пән мұғалімі: Сагынгалиева М.С.

Қысқа мерзімді жоспар



Сыныбы: 11

Күні: 26.02. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

Пирамиданың көлемі



Мақсаты

Пирамиданың көлемін есептеуді үйрену

Күтілетін нәтиже

А) Пирамиданың көлемін есептей алады.

В) Пирамиданың көлемі арқылы басқа элементтерін анықтай алады.

С) Пирамиданың ауданы арқылы көлемін анықтайды.


Керекті жабдықтар

Геометрия 11 сынып В.Гусев, Ж.Қайдасов, электронды оқулық, кері байланыс парағы, бағалау кестесі, интерактивті тақта, бағдаршам.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Cұ «Математикалық лото», «Ойлан.Бірік.Бөліс.» әдici, «Пилот және штурман» «Өзіңді тексер!»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сыныпта ынтымақтастықты ұйымдастыру «Шаттық шеңбері» тренингі. Топқа бөлу: «Геометриялық фигуралар»

Үй тапсырмасын тексеру: № 123,124

Математикалық лото:

Sпрб.б. = 6а2

Sпрт.б. = Sтаб.*H

Vпр. = 2(ав+вс+ас)

Vпар. = 4а2

Sкуб.б.б. = P*H

Sкуб т.б = Sб.б.+2 Sтаб.

Sпар.т.б = авс

Ауызша есептер:

а=4 а=5

в=2 V=?

с=5 Sб.б.=?

V=? Sт.б.=?


Әр оқушы геометриялық фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын көршілерімен алмастырып тексереді.

Топ басшысы бағалау парағына оқушыларды бағалап отырады.

Оқушылар интерактивті тақтадыағы формулаларды каорандаш арқылы жылжытып, дұрыс орналастырады.




Тұсаукесер

Әр елдегі пирамидалармен, әртүрлі тастардан жасалған пирамидалармен таныстыру.

Әлемнің жеті кереметін ата. Тас пирамидаларды салу үшін қанша тас керектігін қалай анықтаймыз? – ия тас көлемін анықтауымыз қажет. Бүгінгі сабағымызда пирамида көлемін анықтауды үйренеміз.



Оқушылар Хиопс пирамидасы туралы айтып береді.

Негізгі бөлім

«Ойлан.Бірік.Бөліс.» әдici бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар электронды оқулықтан жаңа тақырыпты меңгереді.

І топ: Пирамида көлемі

ІІ топ: 1 мысал

ІІІ топ 2 мысал

Қадам: Әр оқушы электронды оқулықтағы есептерді шығарады.

«Пилот және штурман» әдісі:

№ 9,10,11,12

Интербелсенді тақтада мына есептер суретімен беріледі.

Өзіңді тексер!

1 - есеп. Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7 см, ал табанының қабырғасы 8 см. Бүйір қырын есептеңдер.

2 - есеп. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 12 см, ал табанының қабырғасы 10 см. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

3-есеп. Дұрыс үшбұрышты пирамида табанының қабырғасы 14 см, пирамиданың биіктігі 30 см. Оның көлемін есептеңдер.

4 есеп. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір жақтары-тең қабырғылы үшбұрыштар. Табанның қабырғасы 8 см. Биіктігі 6 см. Пирамиданың толық бетін табыңдар.

Тест тапсырмасын электронды оқулықтан орындайды.



Осы әдіс бойынша оқушылар жұмыстанады, кластер қорғайды. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы топтар бір-бірін бағалайды

Шығара алмаған есептерді көмек пернесін басу арқылы әр қадамын шығарып үйренеді.

Бірі шығарған есебін тақтаға шығарады, екіншісі түсіндіреді.

Әр оқушы жеке орындайды. Бірінші болған оқушы тақтаға есептерін шығарады.

Дәптерлерін алмастырып тексереді.


Қорытынды

Бағалау


Рефлекция

Үйге тапсырма: № 110,112

Топ лидеріне сөз беріледі.

Кері байланыс парағын толтыру

Бағалау кретерийі бойынша қорытынды бағалау жүреді.



Кері байланыс арқылы бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін, тапсырма орындау кезіндегі қиындықтарымен бөліседі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет