Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу арқылы дәнекерлеу Дайындаған педагог: Р. Чайканов


Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу арқылы дәнекерлеу



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#189349
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
boppps пішімдеу арқылы дәнекерлеу
Ұлы Жібек жолы, Ұлы Жібек жолы, эпидеми, Кестелі биология І бөлім Өсімдіктану оқу құралы by Усенбекова А, Кытап, Урбанизация, психология Өтесбекова Қ, Жасыл бақ, Электронды кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану, 13. ӘНХ Информатика, document name
Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу арқылы дәнекерлеу
жалғанатын материалдардың қыздыру жолымен атомаралық байлыныстармен қосылысы, олар балқу және дәнекерлеумен сулау арқылы және саңылауға дәнекерлеменің енуі, содан кейін оның кристалдануы жолымен іске асады. Дәнекерлеме – дәнекерленетін материалдарға қарағанда балқу температурасы төмен дәнекерлеу мен қалайылау үшін арналған материал.

Дәнекерлеу – балқу температурасына байланысты өте жеңіл балқитын (<4500C), жеңіл балқитын (>4500<4500C), орташа балқитындар (>4500<11000C), жоғары балқитындар (<1100<18500C) , баяу балқитындар (>18500C) деп бөлінеді. Төменгі температурада және қатты емес соққы күшінде жұмыс істейтін дәнекерленген қосылыстардың пайда болуы үшін, мысалы, ток өткізетін бөліктердің, жылу алмастырғыштардың, машинист кабинасының жылу қондырғысының радиаторларының жиналмаған контактілі қосылыстарын жөндеу кезінде жеңіл балқитын қалайы-қорғасынды дәнекерлемелерді қолданады. (МЕСТ 21937-76).

Жоғары температураны ұстайтын мықты дәнекерленген қосылыс қажет болған кезінде, мысалы, ток желілерін дәнекерлеу, тоңазытқыш радиаторының секциясын жөндеу кезінде орташа балқитын мысты-мырышты дәнекерлемелерді пайдаланады (МЕСТ 23137-78). Күміс дәнекерлемелерді (МЕСТ 19738-74) жақсы электр тогын өткізгіштікті және дәнекерленген жіктің тұтқырлығын қажет ететін жағдайда, мысалы, күміс немесе металды керамикалық жапсырмаларды электр аппараттарының контактілі-бөлшектерімен қосылысы кезінде, т.б. пайдаланады.

Флюстер – дәнекерлеме мен бөлшектердің дәнекерленген бетінде тотығу қабықшасын еріту үшін және осы беттерді дәнекерлеу мен қыздыру процесінде тотығудан сақтау үшін арналған химиялық белсенді зат. Ток өткізгіш бөліктердің контактілі бөлшектерін дәнекерлеу кезінде тек канифольдық флюстерді қолданады. Қышқылды немесе басқа да компоненттері бар ток өткізуші металдарды бұзатын, дәнекерленген қосылыстарды тозуға әкеп соғатын флюстерді қолдануға болмайды.

Қалайы-қорғасынды дәнекерлемелермен дәнекерлеу кезінде қыздыратын заттар ретінде дәнекерлемені балқытатын қол дәнекерлеуіштерін немесе шомылғыларды пайдаланады, орташа балқитын дәнекерлемелерді пайдалану кезінде дәнекерлеу орнына бөлшектерді газды шілтерлер немесе электр тогы көмегімен қыздырады (индукционды немесе контактілі әдіспен).

Дәнекерлеудің технологиялық процесі бөлшектерді дәнекерлеу орнын дайындау, флюстеу, дәнекерлеуді қыздыру орнын дайындаудан тұрады. Дәнекерлеу орнын дайындау механикалық немесе химия-физикалық әдіспен тазалаумен қорытылады.

Жеңіл балқитын дәнекерлемелермен дәнекерлеу үшін қолданылатын флюстер қайта қыздыру кезінде өзінің флюстік сапасын жоғалтады. Сондықтан да флюс дәнекерлеуіштің ұшына емес бөлшектің дәнекерленетін орнына қояды.

Жеңіл балқитын дәнекерлемелермен дәнекерлеу қол дәнекерлеуішімен қарапайым түрде жүргізіледі және ерекше түсініктемелерді керек етпейді. Төменде балқытылған дәнекерлемеге батыру әдісімен жеңіл балқитын дәнекерлемелермен дәнекерлеу процесі қарастырылған. Әдістің маңыздылығы алдын ала дайындалған және бөлшектердің флюспен жамылған дәнекерлеу орнын балқытылған дәнекерлемеге жайлап батырады да, біраз уақыт өткен соң одан алып тастайтындығымен түсіндіріледі.

Дәнекерлеудің аталған әдісінің сапасы дәнекерлеу орнында қалған дәнекерлеменің температурасы және ауырлық күшімен анықталынады. Балқытылған дәнекерлемеге батыру әдісімен генераторлар мен тартым электр қозғалтқыштарының зәкірлерінің орамдарын ауыстыру кезінде электр контактілі қосылыстарды дәнекерлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет