Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен



Дата25.08.2017
өлшемі57,28 Kb.
#26309
Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы.

Сабақтың мақсаты: Күй құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс- салты туралы мағлұмат беру; сыни ойлау арқылы білімдерін тереңдету.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік нәтиже: тақырып мазмұнын меңгерту, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейі артады;

жүйелік–әрекеттік нәтиже: өнерге деген қызығушылығы артып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдері дамиды;

тұлғалық нәтиже: күй өнерін, әдебиетті сүйе біледі;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «болжау әдісі», диалог, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка

Сабақтың көрнекілігі: автордың ,күйшілердің, қазақ халық аспаптарының суреті , (презентация)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.

3. Үй тапсырмасын талдау.

«Аңыз арнасы» аңызы бойынша жұмыс жүргізу.

  • Аңыз дегеніміз не?

Топтық жұмыс бойынша талдау.

І топ: Қырғыз батырына сипаттама беру.

ІІ топ: Домалақ анаға сипаттама беру.

ІІІ топ:Домалақ ананың сары айғырды алып қалу себебі неде?

  • Осы аңыздың мағынасына сай қандай мақалдар айтар едіңдер?

І. Қызығушылықты ояту:

-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Күйді қандай аспапта ойнайды?

-Күйді кім шығарады?

- Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? (музыка сабағына саяхат) (презентация)

-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
Топтарға бөлу

І топ «Жазушылар»

ІІ топ «Ақындар»

ІІІ топ «Суретшілер»

Топбасшыларын сайлау (бағалау парағын тарату)



ІІ.Мағынаны тану:

  • Балалар, бүгін сендермен Меңдібай Әбілұлының «Құпия әуен» атты әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

-Күй» дегеніміз не?

«Күй – көне музыкалық шығарма» 

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды.

«Болжау әдісі» бойынша мәтінді оқу, талдау.

І топ «Жазушылар» - «Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,-депті бір жоңғар тізерлей кетіпі» деген жерге дейін оқиды, мазмұнын айтып береді.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІ топ «Ақындар» - « Мұны естіген қолбасшы» деген жерге дейін оқиды, мазмұндайды.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІІ топ «Суретшілер» - «Мәтінді соңына дейін оқиды»

  • Балалар, мәнін мазмұны біз ойлағанмен сәйкес келді ме? Өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: «Әлқисса» (балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды)

Топпен жұмыс

«Жазушылар»  тобы: Күй тыңдау барысынада көз алдарына елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп, эссе жазу.

«Ақындар» тобы: «Күй» сөзіне «бес жолды өлең» құрастыру.
«Суретшілер»    тобы: «Құпия әуен» естігендегі жоңғарлардың әрекетіне топтастыру жасау.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Бірін-бірі «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісімен бағалайды.



ІІІ.Ой толғау:

Құрманғазының «Адай» күйін көздерін жұмып тыңдау .

Күйді тыңдап , не туралы екенін әңгімелеу

-Біз тыңдаған күймен қандай байланысы бар?




Күй әсері


«Күй әсері» сөзіне топтастыру жасау

Бағалау: топ басшыларының бағалауы,мұғалімнің жиынтық бағалауы; жетістіктер мен кемшіліктерді атап өту.

Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, күй туралы қосымша деректер жинақтау.

Рефлексия:- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Менің қолымнан келді...

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының

№3 Явленка орта мектебі» КММ



Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы.
Онлайн сабақ

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Исмағұлова Р.С.



2015 – 2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет