Түр (Вид) менюінде Бейнеүлгі (Образец) командасын, ал содан кейін Слайдтардың үлгісін (Образец слайдов) таңдаңдар.
Нобайлардың сол жағына слайдтардың немесе титулдық слайдтардың керекті бейнеүлгісін ерекшелеңдер.
Суретті слайдтардың немесе титулдық слайдтардың таңдалған бейнеүлгісіне үстемелеңдер.
Нұсқаулар
Суретті кірістіру орнын шертіңдер.
Келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:
Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасында файлынан Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.
Керекті сурет бар қапшықты таңдаңдар, ал содан кейін сурет файлын ерекшелеңдер
Келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:
суретті ендіру үшін Кірістіру (Вставка) батырмасын басыңдар;
қатқыл дискіде сурет файлымен байланыс жасау үшін Кірістіру батырмасымен қатар жебелікті шертіңдер, ал содан кейін файлмен Байланыстыру (Связать) командасын таңдаңдар. Суретті тікелей сканерден немесе сандық камерадан үстемелеңдер. Осы процедураны орындау үшін құрылғы TWAIN- немесе WIA-үйлесімді болып саналатынына және компьютерге қосылғанына көз жеткізіңдер. Сондай-ақ құрылғының орнатылған бағдарламалық жасақтамасы TWAIN немесе WIA-ны қолдайтынына да көз жеткізіңдер.Суретті сканирлейтін құрылғы,а орналастырыңдар. Кірістіру (Вставка) менюінде сурет (Рисунок) командасын, ал содан Сканерден немесе камерадан (Со сканера или камеры) командасын таңдаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |