Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Пп дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру



Дата25.08.2017
өлшемі52,2 Kb.
#27308
түріСабақ
3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі


Ашық сабақ:

П дыбысы мен әрпі.


Бастауыш сынып мұғалімі:

Ильясова Актоты Даулеткалиевна

2013-2014 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:

Пп дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.


Күтілетін нәтиже: Пп дыбысы мен әрпін ұғынады, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөз ойлайды, сөзге сөйлем құрай алады. Сөз ішінен «Пп» дыбысы нешінші буында, сөздің қай жерінде тұрғанын анықтайды. Мәтінді өздері оқып, мазмұнын ашады. Логикалық тапсырмалар орындайды. Буындық диктант жаза отырып каллиграфияны естен шығармауға, тазалыққа, жылдамдыққа үйренеді.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік ойын, топта жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Пайдаланылатын көрнекі-құралдар: электронды оқулық, кеспе әріптер, текшелер, сөздік ойын, суреттер, үлестірмелі топшамалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық

Жақсылықты жақтаймыз,

Әріптерді жаттаймыз.

Кітаппенен дос болып,

Сенімдерді ақтаймыз.
2 Өткенді қайталау


  • Қорап ішіндегі тырсыл. Балалар не естіп тұрсыңдар?

  • Дыбысты не істейміз?

  • Әріпті не істейміз?

  • Дыбыстан не құралады?

  • Буыннан не құралады?

  • Сөзден не құралады?

  • Сөйлем қалай жазылады?

  • Өткен сабақта қандай дыбыстың таңбасымен таныстық?

  • Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? Ү дыбысы жуан ба, жіңішке ме?

- Үйге не берілді, кім айтады?

1 топ: Ү әрпіне байланысты жаңылтпаштар айту

2 топ: «Сен бақытты ұлансың» мәнерлеп оқу

3топ: Берілген суретке тірек сөздерін байланыстырып сөйлемдер

құрып, мәтінге ат қою.


3 Жаңа сабақ

Жұмбақ

Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. Ол не ? (Піл)


  • «Піл» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Пп әрпін көрсету. /Баспа түрі және жазба түрі/

- Пп дыбысын 3 рет айтады. Жеке –жеке айтып шығады..

Ерніміздің бір- біріне тиюі арқылы айтылып тұр.



  • Пп дыбысын қалай айтып тұрмыз?

(Ерніміздің бір- біріне тиюі арқылы айтылып тұр. Қысқа, кедергімен,

қатты естіліп тұр, яғни дауыссыз қатаң, көк текшемен белгілейміз. )



  • Электронды оқулық №5

/әрбір суреттің атауларынан П-ны тауып, тиісті

сандықшаға сал, буынға бөл, п дыбысы нешінші буында, буынның қай

жерінде тұрғанын айт./

4 Оқулықпен жұмыс

а/ «Парта» сөзіне дыбыстық талдау

ә/ Берілген буындарды оқиды

б/ Сөздерді оқып, мағынасын түсінеді.

в/ «Кітап» мәтінін өз бетімен оқиды.


  1. Мәтін қалай аталады?

  2. Мәтінде қанша сөйлем бар? 6

  3. Кітап кімнің досы? Нешінші сөйлем, тауып оқы? /3/

  4. Жазушылар мен ақындар кітапқа не жазады? Нешінші сөйлем? /5/

  5. Кітап қай жерде басылып шығады?



5 «Ой толғаныс»

Эссе «Менің құралым»

/Адасқан әріптерді орнына қойып, сол сөзге эссе құрады./

1 топ «Кітап» 2 топ «Дәптер» 3 топ «Парта»

П,і,а,т,к Р,т,ә,п,е,д А,а,т,р,п


Тапқышбек тапсырмасы:

Бір дәптер болса – дәптер, бірнеше дәптер болса-дәптерлер дейміз.



6 Дәптермен жұмыс

/ Пп әрпінің жазылу үлгісін тақтаға жазамын.

Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды орындайды./

Сергіту сәті

Бұл, бұл — піл, Доп деп,

Бұл бір ірі піл. Дөп теп.


7 Оқулықпен жұмыс

-Тірек сөздерді оқиды, суретті тірек сөздермен байланыстырып сөйлем құрайды. Абай, Шоқан, Ыбырай туралы қысқаша түсінік алады. Мәтінге ат қояды.

-Сұрақ- жауап

1.Шәріп қайда келді?

2.Ол нешінші сыныпта оқиды?

3.Қандай кітаптарды ұнатады?

4.Кітаптарды қайда жинап қойған?

5. Мәтінге ат қой.


8 «Қай топ жылдам?»

1 топ: Буындардан сөз құрайды

2 топ: Текшемен сөздер жазады

3 топ: Әріптерден сөз құрайды


Буындық диктант

По, пе, ба, пи, пу, бе, па, пі


Қорытындылау:

Слайд №4

  1. «Б- П» дыбыстарының айырмашылығы мен ұқсастығын айтады.

«Өз орнын тап!» ойыны арқылы Б-П әріптері бойынша берілген суреттерді орнына тінтуір арқылы қояды.
Слайд №6

  1. а/«Пп» дыбысы бар сөздерді тінтуір арқылы белгіле


Слайд №7

ә/ П әрпін тиісті сандыққа сал.

3. «Сандықсөз» 3 топқа тапсырма беріледі.



1

2

3

4

1

2

2

1

1

2

А

Н

Т

П

Н

А

Н

А

Н

А

1

3

1

1

4

1

А

Т

А

А

П

А

4. Рефлексия жасайды. «Ыстық орындық» сыныптағы жақсы оқитын оқушының бүгін не меңгергенін тексереді.

5. Сұрақ- жауап.

Мадақтау, смайлик арқылы топты бағалау.



Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту, П дыбысына байланысты жұмбақтар, жаңылтпаштар жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет