Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Архимед заңын тексеру» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Архимед заңы»



Дата31.12.2019
өлшемі293,5 Kb.
#54454
түріСабақ
Сыныбы: 7

  • Пән атауы: физика

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Архимед заңын тексеру»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Архимед заңы» тақырыбын түсіндіре отырып, білімдерін толықтыру.

Сабақтың міндеті:


  • Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәелділігін үйрету

  • Архимед күшіне тәжірибе жасап, есеп шығара білуге үйрету.

  • Топта бірлесе, ынтымақтастықта , белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету.

Күтіліетін нәтиже:

  • Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәелділігін үйренеді

  • Архимед күшіне тәжірибе жасап, есеп шығаруды үйренеді.

  • топпен жұмыс жасауды үйренеді, қорытынды жасауға дағдыланады

р\с

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті




Ұйымдастыру

(5 мин)


  • Сәлемдесу, түгендеп назарларын сабаққа аудару;

  • ??????№№№№арқылы топқа бөлу;

  • ОЖТ : «???????» тренингі

Мұғаліммен амандасады. Дөңгелек шеңбер құрып «Мен кіммін» тренингі жүреді. Оқушылар бір біріне деген көзқарастарын білдіреді.




2.Үй тапсырмасын тексеру

(10 мин)


ОЖТ: «Пицца» әдісін ұйымдастырып «Қысым тарауын» қайталап, анықтамалар мен формулаларды еске түсіруге жағдай жасау.

«Физикалық диктант»





Әр топ оқушылары пиццанын суретін салып, бес бөлікке бөліп, әр бөлікке тарау бойынша сұрақтар жазып, басқа топ оқушыларына береді. Пиццанын артындағы сұрақтарға жауап береді. Көшбасшы оқушыларды бағалау парағына кретери бойынша топ мүшелерін бағалайды.




3.Жаңа сабақ

кіріспе


(5 мин)


4 топқа тәжірибелерді карточкада үлестірп беріледі



Оқушылар таныстырылымнан тарау бойынша анықтамаларды, формулаларды естеріне түсіреді, тест жұмысын орындайды. Тест жұмысын көршілерімен алмастырып, жұмыстарын тексеріп, шкала бойынша бағасын қойып береді. Топ басшылары бағалау парағына бағаларын қояды.




4. Есептер шығару
(15 мин)

ДБЖ: күрделі, кеңейтілген, жеңілдетілген тапсырмалар беріледі.

Оқушылардың тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексеру



Сапалық есептер:
1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.
2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .
3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

1-есеп
Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

 

 

 

 

 


2-есеп.
3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

 


Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.
3- есеп
Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

4-есеп.
Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егерρтығын=240кг/м3 болса.


Әр топтың топ мүшелері болып жұмыстанады, тақтаға есептерін шығарып түсіндіреді. оқушылар дәптерлеріне көшіріп жазада. Әр топтағы көшбасшы өз топ мүшелерін кретерилер бойынша бағалайды




5.Қорытынды

(5мин)


СТО: Жуан-жіңішке сұрақтар қойылу арқылы сабақты бекіту.


Барлық оқушылар түгел қатысады, қойылған сұрақтарға тез дұрыс жауап береді, Әр топтағы көшбасшы өз топ мүшелерін кретерлер бойынша бағалайды.




6.Бағалау.

  1. мин)



ОҮБ: Мұғалім бағалау парағындағы бағаларды жалпы қорытынды жинақы бағалайды

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне әр бөлім бойынша бағалау парағына жинақтап баға қояды. Мұғалімге тапсырады.




7.Үйге тапсырма

(1 мин)


«Қысым тарауын қайталау»

Қысым тарауы бойынша формулалар мен анықтамаларды қайталап келу




8. Рефлексия.

(2мин)


Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Нені үйрендіңдер?

- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма?



Оқушылар стикерлерге

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады.

- Нені үйренгендерін

- Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.






Түрлі-түсті стикерлер.

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Психологиялық жаттығу.

- Жақсы көңіл-күйде болатын жағдай жасайық. Көршіңізге бұрылып, оның көзіне күле қарап және онымен бірге, менің берген белгім бойынша «Саламатсың ба, көрші!» деп айтамыз.

- Бір-бірімізге күле отырып, біз бойымыздағы қолайсыздықтанқұтыламыз, бір-бірімізге тек жақсылық тілейтінімізді білдіреміз және айналамызда жақсы көңіл-күй тудырамыз. Рахмет!

2. Интеллектуалды гимнастика (4 мин)

     P – қысым, Па манометр.

F – күш, Н, динамометр.

V – көлем, м3, мензурка.

t – уақыт, секундомер. 

р – тығыздық, кг/м3.

m –масса, кг, таразы.

3. «Кім шапшаң?» ойыны. Викториналық сұрақтар мен ауызша тапсырмалар беру. (4 мин)

- Паскаль заңын тұжырымда.

- Газдың қысымы қалай пайда болады?

- Атмосфералық қысым дегеніміз не?

- Қалыпты атмосфералық қысым деп нені айтамыз?

- Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымдарды өлшейтін құралдар?

- Сызғыштың бөлік құнын анықтаңдар.

- Мына денелерді сұйыққа батырса, қандай құбылыс байқалады?

- Мұз ойылып, суға батқан адамды құтқару тәсілі неге негізделген?

4. Физикалық диктант. 2 нұсқаға, 5 сұрақтан (5 мин)

 

 І-нұсқа.



1) Тығыздық бірлігі ...

А) м/с            Ә) м3           Б) сағ              В) кг/м3

2. «Көптің күші – бірлікте» деген аталы сөзде  ...  ұйымы қолданылады.

А) күш            Ә) уақыт           Б) масса              В) инерция

3. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш -  .... күші деп аталады.

А) ауырлық күші            Ә) серпімділік күші

          Б) қысым күші              В)  үйкеліс күші

4. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің .... да тәуелді. 

А) қысымына            Ә) көлеміне

          Б) ауданына              В) ұзындығына

5. Атмосфераның қысымы тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ... деп аталады.

А) альтиметр            Ә) барометр           Б) анероид              В) барометр-анероид

 

ІІ-нұсқа.



1) Қатаңдықтың өлшем бірлігі:

А) м3            Ә) км/сағ           Б) кг/м3              В) Н/м

2) Нормаль қысым күшін ... әрпімен белгілейді.

А) N           Ә) µ           Б) R             В) p

3) Гук заңын өрнектейтін теңдеу ...

А) Fa=mg            Ә) F=µN           Б) F=kx             В) p=m/V

4) Газға не сұйыққа түсірілетін қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің заңы:

А) Ньютон            Ә) Паскаль           Б) Аристотель              В) Гук

5) Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеу үшін ... қолданылады.

А) барометр         Ә) манометр           Б) сфигмоманометр            В) анероид

 

5. Жаңа сабақ. Архимед күші.



Ауада әрең көтере алатын тасты біз судың ішінде оп-оңай көтереміз. Егер тығыңды суға батырып тұрып, қолымыздан шығарып жіберсек, ол қалқып су бетіне шығады. Бұл құбылыстарды қалай түсіндіруге болады?

Біз ыдыстың түбіне және қабырғаларына сұйықтың қысым түсетінің ал оның ішіне бір қатты дене қойылса, оған да қысым түсіретінін білеміз. Ішіне батырылған денеге сұйық тарапынан әсер ететін күштерді қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әсер ететін күштер өзара тең. Бұл күштердің әсерінен дене тек сығылады. Ал дененің үстіңгі және астыңғы 

 



  1.    Үй  тапсырмасын  тексеру: “Табиғатқа  саяхат”.

Оқушылар сіздердің үй тапсырмасына қаншалықты дайындалып келгендеріңізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасайық: яғни қыздар гүл теріп, ұлдарымыз балық ауласын:

Көк гүлдің сұрақтары:

  1. 1 – суретте барометр – анероидтың сыртқы түрі кескінделген. Құралдың көрсетуі:

а) 746 мм.сын.бағ.       b) 756 мм.сын.бағ.

  1. Резеңке шарды ауамен үрлеп толтырып, байлады. Атмосфералық қысым ұлғайғанда шар ішіндегі ауа қысымы қалай өзгереді?

а) азаяды                      b) ұлғаяды

Ақ гүлдің сұрақтары:

  1. Бетке әсер ететін қысымды қай формула арқылы есептейді?

а) р=ρgh              b) p=F/S

  1. Атмосфералық қысымды өлшеудің тәсілін қай ғалым ұстанды?

а) Паскаль           b) Торричелли

Қызыл гүлдің сұрақтары:

  1. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қандай?

а) Па (Паскаль)   b) Н (Ньютон)

  1. Қалыпты жағдайдағы (теңіз деңгейімен алғанда) атмосфера-

лық қысымның мәні неге тең?

а) 1 Па                 b) 760мм.сын.бағ.



Қызыл балықтың сұрақтары:

7.Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал:


а) манометр        b) альтиметр
8. Барометр қай тілден енген сөз
а) латын              b)  грек

Жасыл балықтың сұрақтары:

9. Қысым айырымын өлшеуге арналған құрал – манометр.

а) иә                             b) жоқ

10. Белгілі бір бетке түсірілген күш:

а) ауырлық күші          b) қысым

Ақ балықтың сұрақтары:

11. Атмосфера  қабатының  биіктігі жоғарылаған сайын  қысым…


а) азаяды                      б) артады
12.Қан қысымын өлшеуге арналған құрал:
а) Сфигмоманометр     б)Бурдонманометр

Қара балықтың сұрақтары:

13.Атмосфералық қысым әрекетіне негізделген құрылғы:


а) Торричелли  қондырғысы                  б) Сорғылар
14. Қалыпты атмосфералық қысым:
а) 105 Па                                         б) 133,3 Па

Сары балықтың сұрақтары:

  1. 1мм.сын.бағ.=?
    а) 1,33 гПа          б) 105 Па
    16.  Екі жағы бұрандалы металл түтік:
    а) поршень                  б) нипель

 

  1. III.             Жаңа сабақ: “Архимед  заңы”.

Оқушылар алдымен Архимедтің өмірбаянымен танысайық:

Ежелгі грек математигі, механик, физик, астроном және әскери инженер Архимед Сицилия аралының оңтүстік жағалауында орналасқан Сиракуз қаласында дүниеге  келген. Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Александриядағы атақты математика мектебінде оқыған Архимед Сиракуз қаласына оралғаннан кейін өзін математика мен механикаға арнайды. Оның құрастырған аппараттары мен машиналары замандастарына техника ғажайыбындай болды. Ол көтеру механизмдерінің теориясын зерттеді. Оның ашқан жаңалықтарының ішінде – Архимед бұрандасы арқылы су, құм т.с.с. материалдарды жоғары көтеруге болады. Архимед өзі зерттеген рычаг туралы «Маған белгілі бір нүкте  берсеңіздер, мен барлық әлемді төңкеріп тастар едім» деген екен.                                                                                                         212жылы римдіктер Сиракуз қаласына шабуыл жасаған кезде, Архимед бір сарбаздың қолында қаза болды.                                                                                              Есептеп қарасақ, Архимедтің туғанына биыл шамамен 2300 жыл.

Ал енді Архимед заңын тұжырымдамас бұрын, осы заңның мағынасын түсіну үшін мынадай тәжірибе жасайық:          (Сонымен қатар, тәжірибелерді датчикпен де көрсетуге болады)                                                                             №1 Тәжірибе:                                                                                                      Қажетті құрал – жабдықтар: ДИНАМОМЕТР, ҚАНДАЙ ДА БІР ДЕНЕ, СУЫ БАР ЫДЫС.                                                                                                       Нәтиже:  Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.

№2 Тәжірибе:                                                                                                   Қажетті құрал – жабдықтар: ДИНАМОМЕТР, ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ДЕНЕ ЖӘНЕ ОДАН КІШІЛЕУ ЫДЫС.                                                                                          Нәтиже:  Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді (Архимед заңы).                                                                                                                                Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті Архимед күші деп, оны Fдеп белгілейміз:              FA=rcgVд

Материалды пысықтау:                                                                                                  а) тәжірибелер:

№3 Тәжірибе:                                                                                                             Қажетті құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшалар-сыз), Екі  дене:  m1=m2=100г, V1, V2, Суы бар екі ыдыс.                    Нәтиже:Егер  екі  денені де суы  бар  ыдыстардың  ішіне  батырсақ, таразының  тепе – теңдігі  ………  .

№4 Тәжірибе:                                                                                                   Қажетті құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы, (табақшалар-сыз), Екі  дене:  m1=m2 , V1 =V2, Суы бар ыдыс, Кез  келген  сұйық  құйылған ыдыс.                                                                                                            Нәтиже: Егер  бір  жүкті  суы  бар  ыдысқа, екіншісін  басқа  сұйық  құйылған  ыдысқа  батырса, таразының  тепе – теңдігі  ………  .

ә) есептер:

1. Суға көлемі 100см3 болатын дене  батырылған. Осы денеге  әрекет  ететін    ығыстырушы  күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы  1000кг/м3.

2. Мына  денелердің  қайсысына су ішінде  көбірек  ығыстырушы күш  әрекет  етеді?  Егер осы денелерді  керосинге  батырсақ, онда  ығыстырушы  күштің         шамасы  өзгере  ме?  Неліктен?

3. Керосинге  массасы  500г темір  кесегі  батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар (темірдің  тығыздығы – 7900 кг/м3, ал  керосиндікі – 820 кг/м3).

 

ЖАУАПТАРЫ:



 

№1 есеп

1 Н.

№2 есеп

№2 дене;

Fы өзгереді.



№3 есеп

0,5 Н.

 

 


  1.    V.            Уақыт  қоры:  “Ой  толғау”.

Герон патша Архимедке мынадай тапсырма беріпті: ”Менің патшалығым басқа патшалықтан асып түсуі үшін сарайдың ортасында фонтан ағып тұрсын. Сарай сол фонтанның астында су тимейтіндей болсын” деген екен.

Архимед іске кірісіп, сарайды сала бастайды. Бәрін бітіріп, фонтанды іске қосқанда, фонтан көтерілмей қалған.

Архимедтің жіберген қателігі неде?

 

ЖАУАБЫ:



Атмосфералық қысымды есепке алмаған, бірақ ол кезде атмосфералық қысым әлі анықталмаған еді.

 


  1. VI.                  Үйге тапсырмалар: §55.Архимед  заңы.

29 – жаттығу (4).

  1. VI.                  Бағалау. (Бағалау парағының көмегімен).

  2. VII.            Қорытындылау:       

    1. Дененің батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең күш?

(Ығыстырушы күш).

  1. 2.     Батырылған денені ығыстырып шығаратын күш? (Архимед күші).

  2. 3.     Архимед күшінің таңбалануы?                                      (FA).

  3. 4.     Архимед заңының математикалық өрнегі?                   (FA=rcgVд).

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет