Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы



Дата01.04.2017
өлшемі44,38 Kb.
#13331
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Тана мырза орта мектебі КММ

Физика пәнінің мұғалімі Отарбаева Айман Тұрсынқызы
физика 7-сынып Күні: 27.11.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, алған теориялық  білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру


Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабылетін дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай білуге өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, бағалау парағы,  таратпа материалдар



Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезең:    а) Сәлемдесу. ә) Оқушыларды түгендеу.  

Психологиялық дайындық. «Сабақ алдындағы көңіл – күйім»

Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Әр түрлі ауылдарға саяхат жасап әр ауылдың тапсырмаларын орындауға тырысамыз. Автобуспен саяхатқа шығу үшін бізге билет керек. Ендеше мен сіздерге билет беремін, сонда жазылған номер бойынша 2 топқа бөлінеміз.

II.Үй тапсырмасын тексеру   

1.Есепті тексеру

2 Сұрақ – жауап.

Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс теңдеуінің өрнегін жаз.

2. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс теңдеуінің графигі қандай сызық?

3.Бірқалыпты қозғалған екі автомобильдің қозғалысының графигі көрсетілген. Ол графиктердің айырмашылығы.

4. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс теңдеуінің өрнегі, математика пәніндегі қандай теңдеуге ұқсас.



ІІІ Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын айту

Автобуспен «Ойшылдар» ауылына келдік.

І.Ойшылдар ауылының тапсырмасы: Мына таблицаны толтыр.

 Физикалық шаманың аты

Белгіленуі

СИ жүйесінде өлшем бірлігі

Формуласы

Жылдамдық

 

 

 

Жол

 

 

 

Уақыт

 

 

 

Теңдікті түрлендір

7км = .......  м

54  км/сағ =….. м/с

45мин = ......с

ІІ «Алғырлар» ауылының тапсырмасын орындау



1.Түлкіден інге дейінгі арақашықтық 150м.Інге дейін қоян 12,5с-та , ал түлкі 15с-та жетеді. Жануарлардың жылдамдығын есепте. Нәтижесінде түлкі қоянды қуып жете алама?

2. Орманда адасқан Қызыл телпек батысқа қарай 20 м, оңтүстікке қарай 30 м, шығысқа қарй 50 м, солтүстікке қарай 25 м жүрді. Оның жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар.



3.Есептер жинағынан №

ІІІ. «Тапқырлар» ауылының тапсырмасы

1) Біз саяхат жасау үшін ақша төлеп, билет алдық. Ақшаны не үшін төледік жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?

2) Саяхаттап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсеткіші 300 км-ге артқанын байқады. Бұл нені білдіреді?

3) Саяхат жасаған ауылдар мен үйдің арасы 150км. Саяхатқа барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүрдік? Орын ауыстыруы неге тең?

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»-деп бугінгі сабағымызды қорытындылап, саяхатымызды аяқтаймыз.



«Өзінөзі бағалау» парағы

Үй тапсырмасы

Ойшылдар

Алғырлар

Тапқырлар

Жалпы ұпайы

Бағасы








































































Бағалау.

Жиынтық ұпай

Баға

4-ден 10

Орташа

11-ден 25

Жақсы

26-ден 30

Өте жақсы

Қолымыздағы стикерге саяхаттан алған әсерімізді жазып, «Блоб» ағашына жапсырайық.

Үйге тапсырма беру.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет