Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу, жағымды психологиялық ахуал тудыру (Оқушылар шеңбер құрып ортаға тұрады, көздерін жұмып, әркім өзіне ішінен жақсы тілек тілейді. Мұғалімнің нұсқауымен әр оқушы өзіне тілеген тілегін қасындағы көршісіне тілейді. Бұл кезеңге мұғалім де қатысады.
- Оқушыларды түгендеу (журнал толтыру)
ІІ.Сабақтың мақсат-міндеттері қою Білімді өзектендіру. Оқушыларға сұрақ: Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, сынып туралы мәлімет жазу керек, оның ішінде: оқушылар тізімі, жасы, адресі және телефоны болу керек. Бұл ақпаратты жазған кезде, қандай түрде жазған ыңғайлы?
Оқушылардың жауабынан соң бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Венн» диаграммасы арқылы Ворд 2007 және ВордПад программасының айырмашылықтарын анықтап келу.
Топта жұмыс істеу. Оқушылар Түрлі-түсті дискілер ді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді . Әрбір дискінің артында Техника қауіпсіздігі, кесте бойынша сұрақтар болады. Дискі әріптеріне сәйкес, топтың аттары да белгілі болады.(«Баған», «Кесте» топтары).
Карточкамен жұмыс
Баған
Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін: Конструктор және Макет бөлімдерін қосады. Конструктор кестені әрлеуді өзгертуге арналған, ал Макеттің қызметі – кестенің құрылымын түзету (1 –сурет).