Сабақтың тақырыбы Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу



Дата17.06.2018
өлшемі280,38 Kb.
#43058
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы

Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу.

Мақсаты

  1. PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету.

  2. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу.

  3. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

  4. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.

  5. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.




Күтілетін нәтиже

PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйренеді, программаның негізгі мүмкіндіктері және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыра отырып, PowerPoint бағдарламасын қолдана біледі.

Түйінді идеялар

(кілтті сөздер)

Ақпараттық сауаттылығын арттыру.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

  1. Психологиялық амандасу тренингі

  2. Топқа бөлу

Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болғалы отыр. - Балалар қазақ елінің қандай мерекелерін білесіңдер? Оның ішіндегі ең маңыздысы, үлкен мереке болып тойланатын қандай мереке? Әрине осылардың ішіндегі ең маңыздысы Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі.Наурыз қазақша жаңа жыл, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл күн күн мен түннің теңелген күні. Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың әр үйінде өзгеше той болады. Бұл мерекеде ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындар ойналады. Ал сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер? ...

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Көкпар» ойыны

Тартысайық көкпарды,

Кімнің тобы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен?

Енді осы ұлттық ойындарды сабағымызда нұсқау ете отырып, сабағымызды бастайық.

Ал енді үй жұмысын жақсы оқып келсек, көкпар ойынын бастайық.

1.Microsoft Word дегеніміз не?

2.Microsoft Word программасын іске қосу жолдары?

3.Microsoft Word терезесінде кесте құру тәсілдерін атаңыз?

4.Microsoft Word мүмкіндіктерін ата?

5.Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтайды?

6. WordArt не үшін қолданылады?

7. SmartArt не үшін қолданылады?
(дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

Әр дұрыс жауапқа

1 асықтан беру бойынша бағалау.


Интерактивті тақта



Тұсаукесер

Жаңа сабақты ашу. «MS Office»ассоциациясы









Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру. «Бәйге»

(Ойлан-жұптас-бөліс)

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екенінді тағы таныт.

Бәйгеге аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық.

Ақпаратпен жұмыс. Әр топтан бір-бір оқушы қорғайды.

1-топ: Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы

2-топ: Программа интерфейсімен танысу

«Көктем» тақырыбына кішігірім слайд құрастыру.



Үш шапалақ

Оқулық,

А3 қағаз,

маркер

Интернет ресурстары, компьютер



Қорытынды

Теңге алу” ойыны тағы бар,

Қызықтырар жұрттарды қайда да.

Кім екен мерген дәл қазір,

Қызықты ЭВМ сабақта.



  1. Power Point программасын іске қосу үшін қандай команда орындалады?

  2. Қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерту қалай жүзеге асады?

  3. Слайдты құрайтын объектілер?

  4. PowerPoint бағдарламасының кеңейтілімі?

  5. PowerPoint дегеніміз не?




От шашу




Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу. «Армысың, әз Наурыз» тақырыбына слайд дайындап келу.

Рефлесия

  1. Бүгін мен .................................. білдім.

  2. ...................................... қызықты болды.

  3. ....................................... қиын болды.

  4. Мен ...................................... үйрендім.

  5. Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.

  6. ......................... мен орындай алдым.

Енді мен .............................істей аламын

Әр оқушы сабақ туралы өз пікірін бір сөйлеммен айтып, жазып тақтаға іледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет