Пән атауы Информатиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі
Оқытушы Ныгызбаева П.Т.
Курс 4 топ К-49
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану. Оқу-тәрбие үрдісінде программалық жабдықтарды пайдалану.
Программалау –хабарларды есептеуіш машиналарыдың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару.
Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың бұйрықтары компьютерге түсінікті 1 және 0 символдарының тізбектерінен тұратын. Әр бұйрыққа сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программалаушыға қиын болғанымен, машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап қоймады. Сондықтан олар жүйелік программаларды, драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы. ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін ассемблер типті программалар құрылды. Айнымалы шамалар символды аттармен белгіленіп, әр бұйрықтың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды. ЭЕМ-ді қолдану көпжақты болғандықтан аранйы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Процедураға бейімделген тілдің мысалы ретінде FORTRAN (Фортран) (50-жылдардың ортасында пайда болған) тілін айтуға болады. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын программалау тілдерінің бірі.
Есептеуіш математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады. Нәтижесінде күрделі программалардың тиімді құрылуы – берілгендердің дұрыс қолдануын бақылау екендігі анықталды. Бақылау компиляция кезеңінде де программаны жүргізу кезінде де жүзеге асырылуы тиіс. Әйтпесе, тәжірбие көрсеткендей күрделі программалық жобаларды құрудың қиыншылықтары артады. Бұл мәселені шешудің нәтижесінде Алгол-60, кейінірек Паскаль, Модуль-2, Си және т.б. программалау тілдері жетілді.
Жалпы барлық программалау тілін берілген сызбадағыдай топтастыруға болады:
Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді.
Программалау тілдерінің 4 үлкен класы
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
программалауға үйретуші;
жалпы мәнді;
проблемалық-бағытталған;
параллель программалаушы.
Достарыңызбен бөлісу: |