Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
6 сынып
|
Күні:
|
19.10.2021
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
|
Оқу мақсаты:
|
6.1.2.10
бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;
|
Бағалау критериі:
|
Тақырыптың негізгі және жанама ақпаратты анықтау;
Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;
Өз көзқарасын сенімді және еркін жеткізе алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
|
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздерме!
Өткен сабақты еске түсіру
Бүгін, рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;
|
|
|
|
8 мин
|
Жаңа сабақ
|
Координаталық түзудің көмегімен 2 санына 3 санын қосу үшін координатасы 2-ге тең нүктені оңға қарай 3 бірлікке жылжыту керек. 5 санынан 3 санын азайту үшін координатасы 5-ке тең нүктені солға қарай 3 бірлікке жылжыту керек.
+3
О Е
▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪
0 1 2 5
-3
Сондықтан, координаталық түзуде нүктені оңға қарай жылжыту оң сандармен ал солға қарай жылжыту теріс сандармен белгіленеді.
Демек, егер 4 саны 2 бірлікке өзгерсе, онда А(4) нүктесі оңға қарай 2 бірлікке ауысады. Еегер 4 саны -2 бірлікке өзгерсе, онда А(4) нүктесі солға қарай 2 бірлікке ауысады. Сондықтан 4+2=6 және 4+(-2)=2.
a санына b санын қосу a санының b бірлікке өзгеруін береді.
Кез келген санға оң санды қосса, онда ол сан артады, ал теріс санды қосса, онда ол сан кемиді.
Координаталық түзудің көмегімен a рационал санына b оң рационал санын, мұндағы b>0
(-b теріс рационал санын, мұндағы b>0), қосу үшін координатасы а-ға тең нүктеден оңға (солға) қарай b бірлікке орналасқан нүктеге көшу керек.
Екі қарама-қарсы санның қосындысының мәнін есептейік. Ол үшін координатасы 3-ке тең нүктеден сол жақта 3 бірлікте орналасқан нүктеге, яғни координатасы 0 нүктесіне көшеміз. Сонда 3+(-3)=0.
Екі қарама-қарсы рационал сандардың қосындысының мәні 0-ге тең.
а+(-а)=(-а)+а=0
Рационал сан мен нөлдің қосындысының мәні нөл мен рационал санның қосындысының мәніне, яғни сол санның өзіне тең.
Кез келген а рационал саны үшін а+0=0+а=а теңдігі ақиқат болады.
|
Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
|
|
Презентация
Слайд
|
15
минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
Тапсырма:
№1.1) -6+2=-4 2) -3+8=5
3) -7+5=-2 4) -5+(-1)=-6
1) -2+5=3
3) -5+6=1
5) -5+0=-5
2) -3+7=4
4) -4+4=0
6) -2+6=4
№4. 1) -12+20-26=-18 2) 6-18+24=12
3) 9-23+18=4 4) -12+26-19=-5
№2. 1) 5-9+3=-1 2) -6+11-8=-3
3) -4+10-14=-8 4) 3-8+12=7
5) 4-10+14=8 6) -3+8-12=-7
7) -2-5+12=5 8) -1-4+13=8
9) -1-7+11=3
10)-5+9-11=-7
11) -4-5+10=1
12) 6-11+8=3
Оқулықтан №355, №356.
|
|
.
Дескриптор:
Тақырыпқа қатысты есептер шығарады, талдайды.
-Таңбалар ережесін пайдаланып, орындайды.
Дескриптор:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
|
Слайд
|
10мин
|
Жеке жұмыс
|
№357
|
Тапсырманы орындайды
|
Мониторинг
|
|
5 минут
2 мин
|
|
Бүгінгі сабақта:
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Қарама-қарсы сандардың қосындысы
Кез-келген санды нөлге қосқанда сан өзгермейді.
Қорытынды.Тақырыптық сұрақтар беру.
Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?
a санын b санына қосуды қалай түсінесің?
Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Үйге тапсырма. №357, №360
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
|
Презентация
Оқулық 11 бет
|