Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзуде кескінделуін пайдаланып салыстыруды үйрету.Теріс сандарды салыстыра білуді.Оң санды а ˃ 0, теріс санды а˂0 түрінде жаза білуге дағдыландыру.
Білімділік: Оқушының жаңа сабақ бойынша алған білімін тереңдету, жинақтау, жүйелеу
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды саналы сезімге, еңбектенуге және адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, тарих
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа материалдар, кестелер, бағалау парағы, карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сынып тазалығы, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Өткен теориялық материалды кесте толтыру әдісімен тексердім.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Жиын , ішкі жиын, бос жиын, оң сан , теріс сан, санның модулі т.б.
|
Рационал сандарды салыстыру, оң сан 0-ден үлкен болады, теріс сан 0 -ден кіші болады,теріс сандарды салыстырғанда модулі үлкені кіші болады т.б.
|
|
|
|
|
№353 есеп
47- сурет бойынша 4 оқушыдан сұралды.А(-6), В(-2),С(2),Д(6).Осы сурет бойынша санның модулінің анықтамасы тұжырымдалды.
ІІІ .Жаңа сабақ меңгерту кезеңі
а)Жаңа материалды өткенмен байланыстыру.
Біз өткен сабағымызда санның модулі тақырыбын өткен болатынбыз.Теріс санның модулі оған қарама -қарсы сан, оң санның модулі сол санның өзіне тең болатынын білеміз. Және 0 санының модулі 0-ге тең.
Жаңа сабағымды халықтық педагогикамен байланыстырып мысал айтып өтемін.
"Жарлы байымай ма?
Жас өспей ме" - деген мақал алайық.Жарлы болса да,бай болса да олардың екеуі де адам,тек қана айырмашылығы әлеуметтік жағдайында. Сол сияқты оң санның да , теріс санның да модулінен оң сан шығады.Оң сан мен теріс санның таңбалары ғана әр түрлі, бірақ негізі бірдей сан. Жас бала мен ересек адамның табиғаты - адам , олардың ерекшелігі жастарында.
Енді әрі қарай осы сандарды қалай салыстыруға болатынын қарастырайық.
1)Координаталық сәуледе кескінделген сандардың оң жақтағысы сол жақтағысынан үлкен болатыны белгілі.
2)Кез келген оң сан нөлден үлкен.
3)Кез келген теріс сан нөлден кіші.
4) Кез келген оң сан,кез келген теріс саннан үлкен.
5) Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен болады.
Анықтама айтылып, мысалдар келтіріледі.
ә)Жаңа сабақты қорытындылау
ІY.Жаңа сабақты пысықтау.
Бұл сәтке Қазақстан картасын пайдалана отырып, есептер шығартамын.
Елбасымыздың жолдауында айтылғандай Қазақстанның бәсекеге қатысушы 50 елдің қатарына кіруі үшін біздің алдымызға қиындықтар тұр.Осы қиындықтарды жеңсек қана біз дамыған елу елдің қатарына кіре аламыз.Ол қандай қиындықтар? Ол қиындықтарды жеңу Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңда.Қазақстанды гүлдендіріп, оның дамыған елдер қатарына қосылуына өз үлестеріңді қосадыдеп сенеміз.Осы қиындықтардың не екенін тауып көрейікші.
Карта бетіндегі деңгейлік тапсырмалар шығартылды.
Y.Жаңа сабақты қорытындылау.
1-5 жаңа сабақтағы ережелерді оқушылардың өздеріне айтқызу арқылы біліктері тексерілді.
YІ.Бағалау.
YІІ.Үйге тапсырма беру.№366
Достарыңызбен бөлісу: |