Санау әдісі арқылы Сократ шеңберіне тұру.
3D нысандарын құру кезеңдері: Объект – бұл зат, оқиға процесс, табиғат құбылысы т.б.
Модель – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету үлгісі.
3D редактор – бұл үшөлшемді модельдеу, анимациялау және визуализациялауға арналған программалық орта.
Модельдеу - үш өлшемді объектілер құру.
Өрнектеу — модельге әртүрлі суреттерді еңгізу (ағаш, мрамор, металл және т б.)
Жарықтандыру — орнату және жарық көздері.
Түсіру — таңдау нүктелерін түсіру камераларын орнату.
Рендеринг (визуализация) — шынайы фотосуреттер немесе анимация құру.
«Анимация» және «Модель» деп топтарға біріктіру. (Осыдан екі топқа бөлінеді, алтын ережемен таныстырып өтемін).
Миға шабуыл: Өткен тақырыпты қайталау.
Сұрақ:
Екі өлшемді және үш өлшемді графиканың айырмашылығы қандай?
3D графикасымен жұмыс жасайтын бағдарламаларды білесіз?
AutoCAD
3DStudio Max
Blender
Sketchup
Сұрақ: 3D модельді жасау үшін қандай құру кезеңдерін білесіздер?
Сыныпта өткен тақырыпты талқылау жаңа сабаққа көшеміз
Жаңа тақырып зерттеу
Жұмыс дәптері
А4 парағы, стикер, маркер
Сабақтың ортасы 30 минут
Оқушыларға Sketchup бағдарламасы қалай іске қосылатының көрсетемін.
Тапсырма.(Оқулықпен жұмыс)
Жұптық жұмыс. Оқушылар Sketchup бағдарламасының интерфейсіне зерттеу жүргізіп, берілген кестеге құралдардың атауы мен мүмкіндігін толтырылады.
SketchUp – бұл үшөлшемді объектілерді құру, өңдеу үшін арналған бағдарлама. Жобалар SketchUp *.skp форматында сақталады.