Сабақтың /тақырыбы:Реттік сан есім Сабақтың /мақсаты: Білімділік: Сан есімдерге сұрақ қоюға, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табуға үйрету.Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетінін білдіру, олардың мағыналарындағы өзгешіліктерді байқату. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жазу. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдау. Дамытушылық:топпен жұмыс істеу дағдылары мен танымдық қабілеттерін дамыту.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыру,сараптама қорытынды жасауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын дәл және тиянақты жеткізе білуге үйрету. Әдісі: сұрақ-жауап, «Модульдік» әдіспен өткізу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, қима қағаз, кластер, рефлексия. Сабақтың/ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық: Оқушылар екі топқа бөлініп,20 секунттің ішінде бір-бірімен амандасып шығу керек. ІІ. Үй жұмысы: Өткен сабақта қандай тақырып болды? -Оқушылардың жауабы.
Есептік сан есім ІІІ.Жаңа сабақ: Біз --------------- сыныпта оқимыз.
--------- мамырда Соғыс ардагерлерін құттықтаймыз.
Қандай сөз жетіспейді? Нені байқадық? Түсіндіріңдер?
Үшінші, тоғызыншы. Үш түбір, інші қосымша,тоғыз түбір ыншы қосымша қосылып тұр. Нені білдіреді? Санның реттін білдіреді. Қандай сұраққа жауап береді? Нешінші. Бүгін сабақтың тақырыбы «Реттік сан есім» Білемін Білгім келеді Үйрендім ІҮ.Фигуралар бойынша топқа бөлу. І топқа. Сөз тіркестерін оқы. Сан есімдерді тап, түсінік бер.Сөйлем құрастыр. Екінші қатар. Үшінші сынып. ІІ топқа. Сөз тіркесін оқы. Сан есімдердің қосымшасын тап.Дәлелде. Бесінші сабақ, жетінші пәтер, тоғызыншы күн, алтыншы жарыс. ІІІ топ. Сөз тіркесін оқы.Қосымшасын тап, түсіндір. Алтыншы пәтер,оныншы номер. Ү.«Кубизм» ойыны. Бір-біріне кубикті лақтыра отырып, сан есімдерді есептік сан есімнен реттік сан есімге,реттік сан есімнен есептік сан ,есімге айналдыру. ҮІ.Оқулықпен жұмыс: 1 оқушы тақтаға шығып жазады. Ал, қалғандары өз бетінше орындап, жұптардың дәптерлерін алып, тақтадағы оқушымен тексереді. ҮІІ.Жұппен жұмыс:
ҮІІІ. Қима-қағаз: І нұсқа: Мәтіннен реттік сан есімдерді тап. 1.Ауылда бәйге жарысы болды. Елеместің атасы қосқан ат мәреге екінші болып келді. Бірінші, екінші келген ат иелеріне ақшалай сыйлық берілді. 2. Үш реттік сан есіммен сөйлем құрастыр. 3. Сан есімі бар мақал- мәтел жаз. ІІ нұсқа: Мәтіннен есептік сан есімдерді тап. 1.Шортан, бекіре балықтары жүз жыл жасайды деген сөз бар. Сазан мен жайын қырық, қырық бес жыл жасайды. Құстар сағатына жүз километр қашықтыққа ұшады. Олардың ұшу биіктігі тоғыз мың метрге жетеді екен. 2. Үш есептік сан есіммен сөйлем құрастыр. 3. Сан есімі бар мақал- мәтел жаз.
С/қорытындысы: Тақтада ағаш діңі, жапырақсыз. - қай мезгілде дің жапырақсыз болады? Егер сендерге сабақ ұнаса онда ағаштың діңін жасыл түсті жапырақпен, орташа сары түсті жапырақпен, нашар қызыл түсті жапырақпен киіндіріңдер. -Ағашымызда қандай жапырақтар көп? /егер жасыл, сары көп болса, ағаш жазғы, күзгі, біздің көңіліміз де жаздағыдай, яғни сабақ ұнады. Үй жұмысы беру, бағалау