7-8 минут
1 мин
5 мин
02:30 –
03:00
Жаңа сабақ
|
РНҚ рибонуклеин қышқылы- нуклеин қышқылының бірі.
РНҚ көптеген органоидтардан (ядро ядрошы-ғынан, хроматиннен, цитоплазмадан, пластидтерден, митохондирия мен рибосомалардан) табылады.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады
РНҚ молекуласының құрылысы
РНҚ полинуклеотид тізбегі, полярлы болып келеді, яғни оның 51 және 31 ұштары болады.
РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылықтары:
1) ең негізгі айырмашылығы РНҚ молекуласы қосширатпалы емес бір ширатпалы. Оның 3 себебі бар.
а) біріншіден, РНҚ молекуласындағы пентоза (қант) дезоксирибоза емес, қосымша гидрокси тобы бар, рибоза болып табылады. Ал, қосымша гидрокси тобы қос ширатпалы құрылымның түзілуін тежейді.
б) екіншіден, РНҚ молекуласында негізіне азоттық негіздерден тиминнің орнына урацил кездеседі (А, Г, Ц, У). Урацил тиминнен 5 метил тобының болмауымен ерекшеленеді. Осыған байланысты А-У арасында гиброфобтық әрекеттесу күші А-Т-ға қарағанда әжептәуір әлсіз болады. Ал бұл тұрақты қосширатпалық құралымның түзілу мүмкіндігін төмендетеді.
в) РНҚ молекуласында (әсіресе т РНҚ-да) өзгерген, модификацияланған минорлық негіздердің және нуклеозидтердің мөлшері өте көп. Олардың ішінде –дигидроуридин (урацилде 1 сутектік байланыс болмайды, яғни 3 сутектік байланыстың орнына 2 болады); псевдоуридин (урацил рибозамен ерекше байланысқан); диметил-аденин және диметилгуанин (азоттық негіздерде екі қосымша метил топтары болады). Бұл негіздер комплементарлы әрекеттесуге қабілетсіз. Осының бәрі қос ширатпалы құрылымның пайда болуына кедергі келтіреді.
|