Сабақтың тақырыбы Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды



Дата09.08.2017
өлшемі113,36 Kb.
#23021
түріСабақ
Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:4А бөлімі –Рим империясының гүлденуі.

Күні:

Сынып: 5

Мектеп:М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні:Тулеубаева Санибаш

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.2 – басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін талдау;

5.3.1.1 – ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау;




Сабақтың мақсаты

- Бiлiмді шығармашылық тұрғыда қолдана білу мақсатына бейімделген тапсырмалармен жұмыс жасайды;

- Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында дәлелдер мен фактілерді анықтап, білімін көрсетеді.



Бағалау критерийі

  • Картамен еркін жұмыс жасай білуі;

  • Тарихи деректермен жұмыс істеу

  • Суреттермен жұмыс істеу кезінде берілген белгілер бойынша ақпаратты дұрыс ретпен орналастыру;

  • «Анықтаңдар» деген айдардағы тапсырманы орындаған кезде оқушылардың ойлау қабілетінің тереңдігі, олардың қорытынды жасау қабілеті.

Қорытынды тапсырмада дәлелді қорытынды жасау, дәлелдер мен фактілер келтіру қабілеті.

Тілдік мақсаттар

Термин сөздердің мағынасын пайымдау: Республика-халық игілігі, қоғамдық іс; Империя-император басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі; түсіну, талдау.

Құндылықтарға баулу

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

-өмір бойы оқуға дайын болу


Пәнаралық байланыс

География(картамен), бейнелеу өнері


Алдыңғы білім

3С бөлімі «Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті» тақырыбы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:-2мин

Ұйымдастыру кезі.

А) Топтарға бөлу.

Ә) Бағалау бетшелерін тарату

1. «Бес сұрақ» тәсілі. Тақырыбы: «Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті»

Сұрақтар:

1. Ежелгі Грекияның жеріндегі білім беру жүйесі туралы не білесіңдер?

2. Мектеп неше басқыштан тұрды?

3. Қандай грек ғұламаларын білесіңдер?

4. Ежелгі Грекия мектебінде қандай білім негіздері оқытылған?

5. Ежелгі гректердің қыздар тәрбиесі қандай бағытқа бейімделген?




Суретті мозайкалап қию, топта жұмыс істеуге арналған карточкалар, «Мәңгілік қала» көрсетілген түрлі – түсті басып шығарылған суреттер; флипчарт; 5 сынып оқулығы ЕДТ, мұғалімге арналған нұсқаулық



Сабақтың ортасы-28мин

Қызығушылықты ояту

  1. Бейнебаянды көру.

Мұғалім: «Тарих ...мәңгілікпен жанасады»-деп тарихшы Карл Ясперс жазғанындай Римнің, яғни «мәңгі қаланың » тарихына оның айтқан сөздеріне дәлел бола алатындығын ескертеді де,Рим қаласының құрылуы жөніндегі аңызды,яғни Рим туралы не білетіндерін сұрау.

Дескриптор: Оқушылар бейнебаянан көргенін мұғалімнің сұрақтары арқылы ашу, талдау. 1 дұрыс жауап үшін 1 балл.

Сабақтың алғашқы деңгейі оқушылардың білім деңгейін оқулықтан алудан басталады.

2. ДЖИКСО әдісі

Топ атаулары:

1. «Мәңгі қала»

2.Ежелгі Римдегі билік

3.Ежелгі әлемнің ұлы әскері

Әр топ өз атауларын қорғайды және талдайды.

«Мәңгі қала» туралы мәтінмен және 1-суретті қарастырып жұмыс жасау.


  1. Колизейдің Римнің күш - қуатын қалайша айқындай алатынын анықтау.

3. Мұндай құрылыстар салу үшін мемлекет қандай болуы тиіс?(сипаттау)

4.Колизей не мақсатта салынды?(саралау)

5.Ол қалай тұрғызылды және кімдер тұрғызды деп ойлайсыңдар? (болжау)

6.Тиберийдің бесаркалы көпірінің құрылысы қандай және оның басқа көпірден өзгешелігі қандай деп ойлайсыңдар?(проблемалық сұрақ)

Дескриптор: Мұғалім оқушылар жауабынан кейін,тақырыптың толық меңгерілуі үшін практикалық жұмыс ұсынды.( суретпен ) Оқушылар сурет арқылы тақырыптың мазмұнына түсінді,білді.Практикалық жұмысты толық меңгерді.Жеке жұмыс жасау іздену қабілеті артты.

1. «Мәңгі қала» 1 дұрыс жауап үшін 1 балл.



2 топ.Ежелгі Римдегі билік туралы мәтінді оқып,саяси жүйенің түрлері туралы тапсырманы орындайды.

1.А. Патшалық кезең

Б. Республикалық кезең

Тұжырымдар:

1.Билік ұрпақтан ұрпаққа берілді

2.Патша заңдар шығарып,олардың орындалуын бақылап отырды.

3.Сенат басшылығында патша отырды.

4.Сенат жұмысын консулдар басқарды.

5.Заң жобалары халық жиналысында талқыланды.

6.Заңдар сенат бекіткеннен кейін күшіне енген.

7.Заңдар тәртіп ережелерін реттеді.

8.Басқарудың мұндай түрі б.з.б VIII-VI ғғ болған.

9. Басқарудың мұндай түрі б.з.б VI-I ғғ болған.

10. Басқарудың мұндай түрі б.з.б I ғ.- б.з.V ғ. болған.

2.Оқушылардан қандай заң адам құқықтарын қорғайтыны туралы сұрақ беру.

-Басқарушы қабылдаған заң ба әлде талқылау арқылы қабылдаған заң ба және Рим тұрғындарының басым көпшілігі үшін басқарудың қай түрі қолайлы болды?

Мынадай критерийлер сүйене отырып негіздейді

1.Билік кімнің мүдделерін айқындады?

2.Патшаның билігі қандай болды?

3.Халық басқару ісіне қатыса ма?

Республикалық басқару:

1.Көпшіліктің мүдделерін қорғайды

2.Патша билігі жоқ

3.Халық заңдарды талқылайды

Империялық басқару:

1.Императордың билігі қасиетті болып саналды

2.Ол құдайға теңелді

3. Жаулап алу нәтижесінде Рим империясының шекарасы өзгерді

3.Мұғалім:3 сурет бойынша Штандарт ұғымының мағынасын сұрайды.Сонымен қатар «сенат» және «еркін халық» ұғымы қатар қолданылады?Бұл ұғымдар арқылы Рим мемлекетінің тәуелді немесе еркін болғанын анықтауға бола ма?

Дескриптор: Зерделеген ақпаратты қолдана отырып, Ежелгі Рим империясының саяси,құқықтық жүйесінің мазмұнымен танысты, карточкалық сұрақтарға жауап берді.

1дұрыс жауап үшін 1 балл.

3.топ.Ежелгі әлемнің ұлы әскері

1.«Бұл қызық айдар» мәтінмен жұмыс.

2.Римдіктердің қару-жарақтарының түрлерін сурет арқылы талқылау,қару-жарақтарының атауларымен танысу. Рим жауынгерлерінің түрлі санаты үшін қаруланудың қандай түрлері ортақ болғанын анықтау.

3. «Рим жауынгерлерінің әскери жабдығы қандай сыр шертеді» деген эссе жаздырту (30 сөз )

4.Римнің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде,Ұлы империяға айналуына қандай тарихи оқиғалар себеп болды?(Ганнибалдың іс әрекеті, көрген қиындықтары, Пирр жеңісі,Пуни соғыстары,Карфагеннің қирауы)мәтінмен,картамен жұмыс, тұжырымдау

1. «Жеңіліске тән жеңіс»деген Пиррдің тұжырымы туралы ойланыңдар.

2. Пуни соғыстары нәтижесі мәтінін оқып,1-картадан Рим,Карфаген,Македония,Грекия,Испания елдерін салыстыру.

3. Римнің Карфагенді жеңу себебі

4. Ганнибал әскерінің Альпі арқылы өтудегі қөрген қиындығын елестетіп көруді сұрау.Олар не себепті осындай қауіпті жолмен баруға ұйғарғанын айтқызу.

5.Рим империясындағы Цезарьдің билігі

Дескриптор: Оқулықтағы деректерді пайдалана отырып,тақырыптың мағынасын аша білді, материалдарды оқушылар оқыды, талдады, бір-біріне түсіндірді, (оқулық) эссе жазды,тұжырым жасады,түйіндеді.

1дұрыс жауап үшін 1 балл.


Бейне баян

топта жұмыс істеуге арналған карточкалар, «Мәңгі қала» көрсетілген түрлі – түсті басып шығарылған суреттер;

флипчарт; 5 сынып оқулығы ЕДТ, мұғалімге арналған нұсқаулық

5 сынып оқулығы ЕДТ, мұғалімге арналған нұсқаулық

Карточкалар

А4 парақшасына шығарылған қару-жарақтардың суреттері

Ежелгі дүние картасы


Сабақтың соңы-15 мин

1.Оқушылар кесте толтырады.

Римдегі әлеуметтік топтар кестені толтырыңыз:






патша

Импе

ратор


Консул

Әскери топтар

құлдар

Қоғамдағы рөлі

Ақсақалдар кеңесі

нен құрал

ған сенат бағын

ды


Заң шығарды

Сенат

тың жұмысына басшылық етті



Жаулап алу саяса

тын ұстанды,империя аумағын кеңейтті



Қара жұмыстың бәрін атқарды,Колизей салуға қатысты

Дескриптор: Оқушыларға Рим империясы туралы тарихи тың мәліметтер берілді.Картамен жұмыс жасау арқылы,Рим империясының жаулап алған елдері туралы мәліметтер алды.АКТ- ны қолдану арқылы Рим империясының паташалық,республикалық,империялық билік кезіндегі саяси- әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет алды және тақырып мәні толық ашылды.

1дұрыс жауап үшін 1 балл.

Үйге тапсырма:Бұрынғы Рим империясы мен қазіргі Италия мемлекетінің саяси құрылымындағы ұқсастықтармен, ерекшеліктерді Венн диаграммасы арқылы салыстыру.


Флипчартқа салынған кесте

Флипчарқа салынған

Венн диаграммасы

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау көрсету:

Сабақ мақсатына жетуде оқушылар саралау әдісіне қатысты тапсырмалар орындау арқылы жаңа тақырыпты меңгерді.



Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерийлері бар бағалау парақшаларын шығару.



Сергіту сәті

Қакіпсіздік ережесі туралы тұжырымға сәйкес оқушыларга күнделікті сабақта ескертіп отырамын

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?


Сабақ мақсаты бағдарламаға сәйкес қол жетімді болды.



Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?










Сұрақ жауаптар әдістері,

Салыстыру

(әр бір дұрыс жауап 1 ұпай)




Бейнебаян

Бейнетаспадан көрген материалдан түсінгенін жеткізу (әр бір мәлімет 1ұпай)


ДЖИКСО

(әр бір дұрыс жауап 1 ұпай)




Қосымша мәліметті талдау

(әр бір дұрыс жауап 1 ұпай)




Кестемен жұмыс. Кестедегі берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

(әр бір дұрыс жауап 1 ұпай)



Картамен жұмыс.

Картамен дұрыс жұмыс жасауы.

(әр бір дұрыс жауап 1 ұпай)




1



















2



















3



















4



















5



















6






















Қорытынды ұпай

















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет