Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау. Сабақтың мақсаты



Дата08.01.2017
өлшемі352,82 Kb.
#6461
түріСабақ
Қазақ тілі пәніннен сабақ жоспары

Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлемді  қайталау.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.

Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу.

Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

Сабақтың түрі: қорытынды шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі:СТО, талдау, салыстыру, іздендіру.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.

Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.

1.      Кез келген адамда  қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын  жеткізу үшін  құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...

2.      Адам  өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің  пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам  ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...

3.      Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

 

Сергіту сәті:Өмірлік  ұстанымыңды анықта:



Өмірлік ұстаным:

Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді.

Қарсылықты салалас: Ғалым болу  - міндет емес, білімді болу - парызың.

Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.

Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.

«Ой жалғау» сатысы

І.  Қайталау – білім анасы,

ІІ. Талдау – табыс кілті,

І. Қайталау – білім анасы.

Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.

 

2. «Графикалық сызба»  бойынша мағыналық түрлерін анықта.



Құрмалас сөйлемнің түрі

Мағыналық түрі

Жасалу жолы

 

 

 


1.      Салалас құрмалас сөйлемдер:

Түсіндірмелі салас:

 Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

 Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.

 Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

 Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра

 Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)

Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)

Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)

Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).

 

«Кім жылдам?»   Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).

      Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)

    Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза,  мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне  Тәкежанның шарасы  болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)



ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге  толық синтаксистік талдау жаса.

                    Синтаксистік  талдау:



1.      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

2.      Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

3.      Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы);   құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )

4.      Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.

5.      Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.

6.      Сөздердің байланысу түрі:(қиысу,  меңгеру, матасу, жанасу, қабысу

7.      Байланысу тәсілі: интонация,   жалғаулар, шылау, орын тәртібі)

«Ойтолғау» сатысы

І. Шығармашылық – білімді адам жететін шың.

Әр топқа суреттер таратылады.

Тапсырма: Суретті  сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып,

 қорытынды ой шығар



(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын)

  «Ми»  суреті



Жауап:Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.

«Алтыбақан»суреті

Жауап: Адамның өмірі  алтыбақан сияқты қимыл -қозғалыс пен  іс-әрекет тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы  адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.

«Сағат»Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.

Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»

ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»

            Бағалау кезеңі:



.  

 

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.

  Сабақтың мақсаты: Асан қайғы туралы деректерді білу,

                                        ақын - жыраулық  дәстүрін тану.

                                      Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу..

                                      Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.



Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр     жырлайды»  І том, слайд  «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».

Сабақтың әдіс-тәсілі:талдау, СТО, шығармашылық, сөз әдісі,

Сабақ барысы:

Интербелсенді тақтаға  мына өлең жолдары жазылады:

                                       Қамын ойлап халқының,


                                       Қайғы жұтқан қария.
                                       Жайлы қоныс іздеген
                                       Қазақ деген халқына.
                                       Әділдікті жырлаған,
                                       Ел бақытын ойлаған,
                                       Желмая мініп шарлаған
                                       Жерұйық іздеп жалғанда...


Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.

Сабақ барысы:

  1. Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап)

  2. Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

  1. Сергіту сәті

  2. Ақын айнасы... (Толғауларын талдау)

  3. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)

1.    Кіріспе бөлім: Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап).

Тақтаға  Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы  Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар  үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).

2.        Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)



Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.

1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.

Алматыны көргенде:

Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”



Шымкент, Сайрамды көргенде:

Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”



Семейтауды көргенде:

Төс табаны төрт елі



Атан жүрер жер екен.

Төсегінен түңілген

Адам жүрер жар екен”

Шідертіні көргенде

Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”



Үшқараны көргенде:

Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.



Ерейментауды көргенде:

Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”



Терісаққанды

Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”



Баянды көргенде

Баянға жаймай, қой семірмес...”



Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.

Талас өзенін көргенде:

Екі Келес, бір Талас,

Бал татыған жерін-ай,

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай.

Желмаяға өңгертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыймаған соң алдыма,

Әттең, дүние, дедім-ай! -

депті.

Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.

Қорытынды сөз:

Аңыз бойынша  Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке  іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.

2-топ.     2- көрініс:

     Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:

  Таза мінсіз асыл тас,

   Су түбінде жатады.

  Таза мінсіз асыл сөз,

  Ой түбінде жатады.

   Су түбінде жатқан тас,

  Жел толқытса шығады.

  Ой түбінде жатқан сөз,

  Шер толқытса шығады, -



деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Жамандардың белгісі,

Жауға қарсы тұрмаса;

Залымдардың белгісі,

Бейбіттің малын ұрласа.

Надандардың белгісі,

Білгеннің тілін алмаса.

Шамаңша шалқып көре бер,

Қабірге әзір қоймаса.

Артыңда қалар атақ жоқ,

Тіріде данқың болмаса,-

деп термелепті.

 

3- топ. 3-көрініс:



Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ туындапты:

Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

Бұ заманда не ғаріп?

Ақ қал алы боз ғаріп.

Жақсыларға айтпаған,

Асыл шырын сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар шын ғаріп.

Қадірін жеңге білмесе,

Бойға жеткен қыз ғаріп.

Ел жағалай қонбаса;

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп.

Мүритін тауып алмаса,

Азғын болса пір ғаріп.

Ата жұрты бұқара

Өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

Ғалымды хатим еткендер,

Мақсатына жеткендер,

Жас көрілер отырып,

Алдынан сабақ алмаса,

Қарамаса жүзіне,

Ғалым да болса ол ғаріп, -деп термелепті.

Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсің?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген,

Жер қадірін не білсін?

Көшсе кона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылына көнбеген,

Жұрт қадірін не білсін?-деп тура ханға айтқан екен.

Сергіту сәті:

 Асқар биік тауларды,

 Алыс-алыс белдерді,

 Арнасы кең көлдерді,

  Ойлы, қырат жерлерді,

  Желмаямен ол кезді.

  Оңды-солды шарлады,

  Жерұйықты іздеді.

  Жұмақ болар мекенді

 “Қазақ жері” деп білді.



(Өлеңді қимылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)

3.      «Ақын айнасы»Оқушыларға Асан қайғының толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып, тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді.

  1. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады.  (Шығармашылық сәт)

Оқушыларға екі сауал қойылады.

1.      Қазіргі заманың Асан қайғысы...

2.      Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...

Бағалау кезеңі:

Суреттер сөйлейді.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады.

Ақын айнасы.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: “Жерұйық болған мекенім...” эссе жазу
Мүмкіндік деңгей:
“Асан қайғы толғауларының философиялық мәні” реферат жазу.

                                                                № 22 орта мектебінің

                                                                    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                             А.А. Баяхметоваова.

 

 

Әдебиет пәні сабағынан сабақ жоспары



 

Мақсатым:  Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлықоқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылуда. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым -  әр сабақта оқушыларды оқуға  қызықтыратын,қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оныңнегізгісі оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардыңойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

 

Сабақтыңтақырыбы:«Қорқыт ата кітабы» – ұлт мәдениетініңбас кітабы.



Сабақтыңмақсаты:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау  барысында Қорқыт туралы білім-біліктерін арттыру.

Оныңөмірі мен күй өнерініңөзара байлансы, күйлерініңжазылу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.

Қорқыт шығармаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, күй өнері  туралы пікірлерін анықтау.

Сабақтыңтүрі:ізденіс сабағы

Сабақтыңәдіс-тәсілі:СТО стратегиясыныңэлементтері, талдау, салыстыру, пысықтау.

Сабақтыңкөрнекілігі:Қорқыт ата портреті, қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі.

Сабақтыңөзектілігі: Өнер – өшпес,өлмес  мұра.

Сабақбарысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Қорқыттанушылар», 

                                                                     ІІ топ«Күйтанушылар».



«Ой қозғау»сатысы.Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлеңшумақтарын жазамын.

                                       Жыраудыңүлкен пірі Қорқыт ата.

                                       Бата алған таман бақсы асқан ата.

                                       Таңқалып жұрттыңбәрі тұрады екен.

                                       Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Осы кезде «Қорқыт» күйі ойналады. Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерін ортаға салады. «Күй» және «Қорқыт ата» деген сөздерге тірек ойларын жазады.

  Мысалы, Қорқыт ата – күй атасы, жарау, сұңғыла дана, асқан абыз , т.б.

                   Күй – өнер, асыл мұра, адамныңішкі дүнисінің  сыры, рухани азғымыз, т.б.

«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға  Қорқыт туралы мәлімет таратылады.

Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

І топ «Қорқыттанушылар»

Зерттейтін мәселелері: Қорқыт ата туралы аңыздардыңсыры

 ІІ топ. «Күй танушылар»     



Зерттейтін мәселелері: Күйдіңшығу тарихы.

Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.

  «Қорқыттанушылар» тобы



Аңыз бойынша:Дүниеге келуі

Қорқыттыңдүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланныңжаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде   жерігін әреңқойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Жыл сайын бір рет толғаққысыпты. Дүниегее келерінде арасы тоғыз күн  көз шырымын алмай толғатқан. Үш тәулік  тастай қараңғылықбасқан. Жаңбыр жауып, дауылдатқан. Сөйтіп, жарықдүниеге Қорқыт сөйлеп туыпты-мыс. Кейбіреулер Қорқытты қу терісін жамылған перініңқызынан немесе аққудан туды дейді.

Есімініңқойылуы

Қорқыт есімінің  қойылуы да бір аңыз  екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында  үш тәулік қараңғылықжер бетін басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдіңбарлығы қорқыпты. Осы оқиғаныңсебебінен нәрестеніңатын «Қорқыт» деп қойса керек.

Зерттеуші Ә. Марғұлан пікірі:

«Ол- бір туар ақын, әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті  сыйғызады.   Демек, Қорқыт – «керемет иесі», ұлыстыңұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау».

Қорқыттыңөліммен күресуі туралы аңыздар көп.

М. Әуезов былай дейді: «Аңызда тамыры қурап қалған бәйтерек ; «мені тапқан ажал сені де табады» дейді Қорқытқа. Айдалада өсіп тұрған   шөпте осыны дәлелдейді.  Қаусап құлағалы тұрған құз-тас та Қорқыттыңажалы  таяп қалғанын дәлелдейді». Енді бір аңызда: «20 жасқа жеткенде , түс көріп, түсіндегі   ақкиімді кісі: «Қырықтан артықөмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді.Сонда қасиетті Желмая желдей есіп    небір шөл даладан тау мен құздардан,  өзендер мен көлдерден   құстай ұшып жердіңбір шетіне келеді. Шексіз мұхиттыңжағалары екен. Желмаясынан түсіп, теңіздіңсуымен жуынып, тынығады. Бір кезде құлағына бір сыбыр естіледі., неткен сыбыр деп соған қарай жөнеледі. Келсе бір жігіт жер қазып жатыр екен.Қорқыт:

    – Жігіт, не істеп жатырсың?  дейді. Жігіт:

   - «Саған көр қазып жатырмын» -дейді. Қорқыт қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?»-деп сұраса, олар: «Бұл-Қорқыттыңкөрі »- деп жауап береді. ». Осыдан «Қайда барсаңда Қорқыттыңкөрі» деген мақал қалыптасса керек.

Қорқыт көр қазушылардыңбәрінен қашып құтылдым деп бір жерге тоқтаған кезде, жанына қараса, тереңкөр жатыр, ішінен сақалы аппақшал шығып:

-            Қорқыт, өлімнен құтылмайсың, көріңдайын, кел, жат! – дейді.Осы кезде Қорқыт есінен танып, ұйықтап кетеді. Сол кезде түс көреді. Түсінде ақсақалы беліне түскен, ақтаяғы көк тіреген әулие қарт : «Е, Қорқыт, өлімнен құтылудыңамалын іздеп жүрсіңбе? Өлімнен құтылудыңбір-ақамалы бар. Ол өлімнен тек саз арқылы ғана құтыласың, ол үшін сен аспап жаса. Аспабыңнар атанныңжілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, ішегі  бесті аттыңқұйрығынан болсын,  аспабыңныңатын қобыз қой. Өлімнен араша болатын тек қана сол қобыз. Тұр, жатпа!» дейді.

«Күйтанушылар»

... Қорқыт шошып оянады.. жалма жан қасиетті тау басында өсіп тұрған  киелі қарағайды шауып, аспап жасауға кіріседі. Аспаныңбиіктігі 6 жасар нар атанныңжілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекеніңмүйізінен тиек жасап, Желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттыңқұйрығынан ішек жасап, қобызын қолына алып Қорқыт:

       Қарағайдыңтүбінен



Қайырып алған қобызым,

Үйеңкініңтүбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяныңтерісін

Шанаққылған қобызым,

Ортекеніңмүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдыңқұйрығын         

Ішек қылған қобызым,

Құлағын да бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын,-дейді

Суда көр қазушы болмас , тереңағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстыңұшуын, самал желдіңсоққанын тиятын   толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуықөмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен. Сонда Қорқыттыңтартқан  күйін тыңдайық. ( «Қорқыт» күйі ойналады).

       Ә. Марғұлан: «Қорқыт туралы аңыздар көп. Қорқыт – бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі адам. Ол жайындағы мәліметтер аңыз болса да, Қорқыт тарихи адам болғанына ешкім таласпауы тиіс.» Қорқыт ата 8-9  ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісініңмазары Қармақшы стансасынан 18 шағырымдай жерде екен.



Қобыздыңтарихы

      Тарихшылар: «Қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, жыраулар, не Қорқыт жолын қуған атақты күйшілер көп. Қорқыт- жыраулардыңатасы, олардыңпірі болып табылады. Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам» - дейді.

      Қобыздыңбейнесі туралы да көптеген пікір-таластар бар екен. Соныңбірі – кейбір ғалымдар қобыздыңбейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.

Ал  Ә. Марғұлан: «Қазақтыңескі дәуірдегі қобызыныңформасы аққудыңбейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудыңқұйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халықаққуды еңсұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудыңдауысы    құлаққа әдемі  естілетін еңсұлу үн,  үшіншіден, аққу – ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.Мүмкін, көне заманда аққу түркі тайпаларыныңбір төтемі болуы тиіс.

Ш. Уалиханов: Өзініңағасы Уалиханов тартқан күйлердіңаттарын ғана жазып алған. Олардыңсаны 14 екен.Олар: «Тәңір күйі»,«Саймақтыңсары өзені», «Қорқыт күйі», «Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Азамат қожа», «Жеті қыз», «Бозінген» т.с.т.

«Ойтолғау» сатысы.

1.      Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт атаныңнақыл сөздері таратылады.

Олар нақыл сөзді оқып өзіндік пікірін ортаға салады.

                                  Қанатты  сөздер:



Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес;

Дәулетті ұлыңболса, ошағыңныңқоры болар,

Дәулетсіз ұл болса, ошағыңныңқоры болар;

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Көңілі пасықерде дәулет болмас;

Қар қаншама қалыңжауғанмен - жазға бармас;

Ата даңқын шығарып, өзініңтегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.

  1. Сабаққорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастырамын,

Өзекті тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?

Бағалау кезеңі:

р/с

Оқушыныңаты-жөні

«Ой қозғау» сатысы

«Ой жалғау» сатысы

«Ойтолғау»

сатысы

«Пікір-талас»

Қорытынды баға

 

 

 


 

 

 

 

 

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: Қорқыттыңнақыл сөздерін жаттау.

Мүмкіндік деңгей: Қорқыт ата күйлерін тыңдап, алған әсерлері жайлы эсее жазу.

 

                                                                                 



.

 

 



 

Сабақтың тақырыбы:    Мақал – мәтелдер – даналық мәйегі.

Сабақтың мақсатыІ Білімділік. Ғасырлар шежіресі, халақ тарижы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл – өнегесімен көрініс тапқан мақал – мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі туралы түсінік беру.

ІІ Дамытушылық. –ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан – жақта дамыту.

ІІІ Тәрбиелік. Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды  сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, картотекалар.

Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың өзектілігі.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Қайталау үшін сұрақтар.

Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не?Тұрмыс салт жырларының  түрлерін ата.

ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру кезеңі.

-Балалар,дәптерлеріңе күн ретін жазыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.

СӨЗЖҰМБАҚ

 

 

М

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

Л

 

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

М

 

 

 

 

 

 

Ә

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

3. Жылқы пірі

4. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.

5. жеке затарға қойылатын атау.

6.Балаға ең қымбат –

7. Білім беретін мекеме.

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра суреттеу.

10. Сиыр пірі.

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

- Қандай сөз шықты? (Мақал - мәтел)

- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы – «Мақал- мәтел» екен.Сендер мақал- мәтел білесіңдер ме?

Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір – бір мақал айтайық.

Топтастыру.

 

 



Мақал

Мәтел

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

Әлін білмеген әлек

Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,

Еменнің иілгені – сынғаны

Көппен көрген – ұлы той

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Көрмес түйені де көрмес

 

Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік. Ой қалай айтылған?

 Венн диаграммасы.

                   Мақал                 Ортақ                 Мәтел

 

 



   

                                 Ауыз әдебиетінің бір түрі



«Керекті сөздерді тап» ойыны

1.     Білгенге....Білмеске.... . 2. Өтірік .... өрге баспас. 3. Сөз...өтеді, таяқ ....өтеді.4. Тоқсан....сөздің тобықтай түйіні бар. 5. Ел үмітін ...ақтар. 6. Жігітті ....таңы. 7. Денсаулық – зор.....

Кітаппен жұмыс. Интербелсенді тақтада орындалады.

Мына мақал- мәтелдердің жалғасын тап.

1.     Тіл тас жарады, ....... .

2.      Кісі елінде сұлтан болғанша, ....... .

3.     Өнер алды - ...... .

4.     Талапты ерге ...... .

5.     Бірлік болмай, ....

6.     Ерді намыс өлтірер,.... .

«Қызықты сұрақтар» ойыны

1.     Қорқақ неден қорқады?

2.     Ердің атын не шығарады?

3.     Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?

4.     Ашу не? Ақыл не?

5.     Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

6.     Тауық түс көре ме?

7.     Көп түкірсе не болар?

8.     Оқу түбі не?

9.     Үйіңе құтты қонақ келсе не болады?

10.                                                                                                Жаманға неге күлме дейді?

Сабақты қорытындылау.

Сабақ «Орныңды тап » ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына тұрып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Бұрын көп айтылмаған бес мақал- мәтел жазып кел, жатқа айту.

 

 



Қазақ тілі

 

Сабақтың тақырыбы:   У әрпінің жазылуы.



Сабақтың мақсатыты:   «У»дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға  

                                   дағдыландыру; ы,і дыбыстарына аяқталған             

                                   сөздерге у әрпі жалғанғанда ы,і әріптерінің түсіп   

                                          қалатынын түсіндіру; сауаттылыққа тәрбиелеу. 



Сабақтың міндеттері:  Сөздерді мағыналарына қарай        

                                         топтастырып,сөздерді буынға бөле                                              

                                          білу білігін жетілдіру.

                                          Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын,жүйелі

                                          баяндау,көркем жазу,сауатты оқу дағдысын

                                         арттырып,танымдық,есте сақтау қабілеттерін

                                       дамыту.

  Сабақтың көрнекілгі: оқулық,интербелсенді тақта,карточкалар

  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,танымдық ойлау,талдау,топтау,

                                      СТО , рефлексия.

 Cабақтың  түрі:   Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:   Білім жетілдіру.

       Пәнаралық байланыс:ана тілі, дүниетану,



Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезең.



Психолгиялық дайындық.

Қайырлы таң достым,    - 1 топ

Қайырлы күн болсын.    -2топ

Сәрсенбінің әр кезі,      -3 топ

Сәттілікке толсын.         -4 топ

Біздің алар бағамыз,      -бәрі

Кілең бестік болсын.     -бәрі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топ «У»  дыбысы туралы ережелерді жаттап, мысалдар келтіреді. (орфография,орфоэпия туралы сұрау)

ІІІ.  Мотивациялық-бағдарлау кезеңі. (Бір оқушы айтады)

-Ерте,ерте ертеде қазақ тілі жерінде,дыбыстар мен әріптер елінде «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде «у» дыбысы және әріпі өмір сүріпті. Олардың дауысты , дауыссыз, жуан,жіңішке түрлері болыпты.Тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.   Бірақ кішкентай  «У»  өзінің қалай дұрыс жазылатының толық ажырата алмаған екен. Өзін- өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У» дыбысы мен әрпі тіпті қашып кетіпті.

- Ал ендеше балалар,бізде «Ертегілер еліне» саяхатқа аттанып «у » дыбысы мен әрпіне өзін тануға  көмектесейік.(шаһардың суреті) Әр топ «У» дыбысына  қолғабыс жасасын / 1  флипчарт /

Ол  үшін тақтадағы сөздерге назар аудар

ІҮ. Жаңа сабақ: интербелсенді тақта   / 2  флипчарт /

- Сөздерді оқытып,салыстыру (қорытынды жасату)

 -Ережені оқыту.(шымылдықпен ашу)  / 3  флипчарт /



- Тау етегінде «Жайлау»бар екен.( жайлаудың суреті) / 4  флипчарт /

-Бүгінгі күнді жазамыз

 Балалар жайлауда жайланып, тапсырманы орындайды ал тапсырма мынадай:



*  Әр топ берілген сөздерге – у - әрпін қосып жазады және қандай өзгеріс болғанын айтады.(ережеге сүйене отырып дәлелдеу.) / 5  флипчарт /

Қатесін түзеп жаз-4 жаттығу  / 6  флипчарт /

      Сонымен у әрпі өзінің қай уақытта қалай жазылатының түсініпті



- Сергіту сәті.

  *  Берілген сөздерге талдау жасау: / 7  флипчарт /



Сауыт, сурет сөздерін буынға бөліп,буынның аттарын жазу, бұзау-фонетикалық талдау жасау, туған жер туралы әңгіме  құрастыру , сөзжұмбақ шешу.    интербелсенді тақтада –аққу /   флипчарт /

    - Қуанып келе жатқан балалар жол жиегінде жайқалған бау-бақшаға кездесіпті.(бау-бақша суреті)



Қарындары ашқан балалар жеміс-жидек жемекші болады.Бағбан атай олардан жөн сұрасыпты.

   Әңгіме үсінде бағбан  ата балалардан  өлең шумағын сұрапты.

 5 жаттығуды орындау /   флипчарт /

- 1 шумағын  өлең құрылысына талдау- дауысты –у- тобы; 2 шумақтың мағынасын түсіндіру- дауыссыз –у- тобы ,зебра туралы білімдерін-жуан –у-тобы айтады, Сауыры- сөзіне түсіндірме сөздікпен-жіңішке –у –тобы жұмыс жасайды.

Балалар атаймен қоштасады.Бағбан атай балаларға жеміс-жидектер береді

(Жақсы жұмыс істеген топ марапатталады)

 интербелсенді тақтада шығармашылық жұмыс: /    флипчарт /



- Торкөздің ішіндегі буындары белгілі бір ретпен құрастырғанда,денсаулық туралы  мақалды оқисың: Дені саудың, жаны сау.

Сөйтіп олар ауылдың сыртына келіпті.

-Балалар бүгінгі саяхатымызды қорытындылайық:/   флипчарт /

1 топ—5 жол өлең

 2 топ- Венн диаграммасын құрады



3 топ- у дыбысы бар мақал мәтел айтады

4 топ-тест

Бағалау.

Үй жұмысы 47 бет, 3 жаттығу

 

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында.

 

Мақсаты: І. Оқушыларға әңгімедегі (үзінді) кейіпкер характерлерін сомдаудағы жазушы шеберлігін таныту.

ІІ. Әңгімені (үзінді) талдай отырып, өнер адамы Біржан сал мен сөз өнерін терең түсінуші Абайдың бейнесін ашу арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.

ІІІ.Дені сау жеке тұлғаны өнер құдіретін, сөз өнерін түсіне білуге, асыл өнерді ардақтап, құрмет тұта білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәтінді талдау,сөз әдісі, логикалық ізденіс, интербелсенді тақта, үлгілеу-жобалау технологиясы.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Көрнекілігі. Интербелсенді тақта, таратпа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

                                 А) сәлемдесу;

                                 ә) оқушыларды түгендеу;

                                 в) сабаққа дайындықтарын тексеру.



ІІ. Мотивация. Оқушыларға бір-бірінің қолдарын ұстатып, көздерін жұмғызу және бір-бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ. Жаңа сабақ

-Мақсат қою

- алдын-ала оқып келу тапсырылған мәтінмен жұмыс.

Жетекші сұрақтар:

-          М.Әуезовтің қандай әңгімесімен таныс едіңдер?

-          Ол әңгіме кім жайында еді?

-          әңгімеде Абайды қай қырынан танып едік?

Шығарманы талдау жұмыстары

Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында

 

-          Мұхтар Әуезовтің «Әжемнің әңгімесі» әңгімесі;



-          Бала Абай туралы;

-          Халық ауыз әдебиетін, ертегі, дастандарға құмар бала.

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

топ «Таным»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 



 

 

 



 

ІІ топ «Зерде»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 



 

 

 



Сергіту сәті

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

М. Әуезов туралы                                         

   Абай мен Біржан арасындағы

 мәлімет      жарастық (инценировка)

«Біржан сал Абай ауылында»

 әңгімесінің мазмұндық құрылымы

 

Біржан сал Абай ауылында

«Абай жолы»                                                         

   Абайдың ән- күйден алған әсері

   туралы . Құлақтан кіріп бойды алар

  «Біржан сал Абай ауылында»

  әңгімесінің кейіпкерлері

 

 



Ән адамды сергітеді,

Ұзартады өмірді.

Ұлылырдың жарастығы,

Өсіреді көңілді.

Ән   мен күйді ұнатамыз,

Тыңдаймыз біз ден қойып.

Өнерменен шындаламыз,

Өсеміз біз сән құрып

 

 


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ топ «Өнер»

Таратпамен жұмыс

 

 



 

 

 



ІҮ топ «Талап»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 



 

 

Қорытынды:



Топтар шығармашылық жұмыстар жасайды

І топ «Таным»

ІІ топ «Зерде»

ІІІ топ «Өнер»

ІҮ топ «Талап»

Үй жұмысы:

 

Бағалау.

 


 Біржан сал Абай ауылында

Біржан сал                                                              

  Әңгімеде орындалған  туралы                                                                     әндер. «Жанбота» әні,                                                                                          шығуы туралы



«Біржан сал Абай ауылында»

 әңгімесіндегі әнқұмар жастар



М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

Портрет. Әңгімедегі                                               

 Әңгімеде белең алған



кейіпкерлер портреті.                                      

  салт-дәстүрлер.



Әңгімедегі тілдік қор.

Ой толғау

Мақала.

Тест құрастыру

« Біржан» сөзіне сөзжұмбақ  құру.

«Әнді сүйсең, менше сүй» ой толғау;

Типтік образ туралы оқып, біліп келу.

 


 

               



 


Каталог: Kaz yaz
Kaz yaz -> Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту Түрі: «Оқу мен жаз арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы
Kaz yaz -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
Kaz yaz -> Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Сабақ түрі : жаңа сабақ /ойын түрінде өткізу/ Әдіс тәсілдері
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: астана өлеңі Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: Не қайда сатылады? Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Тақырыбы: Жарасымды жанұя Сыныбы: 5
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: киім кию туралы Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
Kaz yaz -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан қалалары Сабақ мақсаты
Kaz yaz -> «Атамекен» республикалық бағдарлама Республикалық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет