Күні
|
21.04.16ж
|
Пәні
|
Қазақ тілі
|
Сыныбы
|
8 а
|
Сабақтың тақырыбы
|
Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
|
Сабақтың мақсаты
|
Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата алады,жасалу жолдарын венн диаграммасы арқылы түсіндіре біледі.
|
Оқу нәтижесі
|
1) Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын айта алады.
2) Сөйлемдерден құрмаластың түрлерін ажырата алады.;
3) Өзін-өзі реттейді,ойын нақты жеткізе алады.
|
Сілтеме
|
8 сынып оқулығы, дидактикалық материалдар
|
Әдіс-тәсілдер
|
диалогтік оқыту,талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау .
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
3 мин
Қызығушылықты ояту;
Үй тапсырмасын тексеру: 5мин
Мағынаны тану;
5 мин
|
Амандасу. Бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Оқушылар молекула әдісі арқылы топқа бөлінеді де, құрмалас сөйлемнің түрлеріне қарай партаға жайғасады. Кейін оқушыларға бағалау парақтарын таратып, түсіндіріп өтемін.
Оқушылардан құрмалас сөйлемнің түрлері жайлы білімдерін «Бір өтірік , бір шындық » әдісі арқылы тексеремін.
Жаңа сабақ:
Балалар бүгінгі сабақта құрмалас сөйлемнің түрлері бойынша алған білімдеріңді сынап көрелік.Ол үшін сендер мына карточкаларды таңдау арқылы өздеріңе түскен тақырыптарыңды постерге түсіріп, талқылап , дәлелдеп берулерің керек.
Балалардың жұмыстарын түрлі түсті қағаздармен бағалап жүремін.
Жасыл-керемет, сары-толықтыр, қызыл- ойлан
|
Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып,ізгі ниеттерін білдіреді. Топ басшысын өзара ақылдасып,тағайындап алады.
Өткен тақырып бойынша алған білімдерін сұрақтарға жылдам жауап береді.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындауға кіріседі.Олар венн диаграммасын сызып, оны түсіндіреді.
Оқушылар түстерге орай өздерінің тапсырмаларды қаншалықты дұрыс немесе дұрыс еместігін бақылай алады.
|
Ой-толғаныс;
20 мин
|
Оқулықпен жұмыс: 154-жаттығу
1-тапсырма : Мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар. Мәтіннің бір бөлігін бірінші топ, екінші бөлігін екінші топ белгілейді.
2-тапсырма: Сыңарын тап: Слайдта берілген сөйлемдерді аяқта, сөйлем түрлеріне қарай ажырат.
3-тапсырма: Берілген схема бойынша құрмалас сөйлемдер құрастыру.
( шығармашылық жұмыс)
|
Әр топ өздеріне берілген мәтінді бірлесе отырып талдап шығады.
Оқушылар слайдта берілген тапсырманы орындап, саралап түсіндіреді.
Бұл тапсырманы балалар өз қабілеттеріне орай орындайды.
|
Бекіту: 3мин
|
«Ойлан ,жинақта, дәлелде» Тақтада берілген тірек сөздерді екі топ
бірлесіп, флипчартқа орналастырады.
|
Оқушылар салалас,сабақтас,аралас түрлеріне қарай тірек сөздерді орналастырады.
|
Бағалау:
3 мин
|
Топ басшылары бағалау парақтарындағы ұпайларды санап, бағалауын түсіндіреді.
|
Топ басшылары бағаларын айтады..
|
Рефлексия
5 мин
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, тақырып бойынша ойларын айтып стикерге жазып тапсырады
|
Стикерлеріне өз ойларын жазады.
|
Үй тапсырмасы
2 мин
|
155- жаттығу, құрмалас тақырыбына тест құрып келу
|
Күнделіктеріне тапсырманы жазады.
|