Роботты жинау
Өзара сұхбаттасып бейнеролик бақылайды
Берілген бейнеролик бойынша өз ойларымен бөліседі.
Оқушылар Лего Құрал-жабдықтарын талдап танысады.
Оқушылар құрал – жабдықтарды сурет бойынша орналастырады.
Оқушылар Лего жинақтамасынан робот құрастырады.
|
Смайликер арқылы бағалау
|
Ресурстар
|
Презентация, интернет-ресурстары
|
4
|
1 мин
|
Одан кейінгі жұмыс, үй тапсырмасы:
|
|
LEGO MINDSTORMS EV3 Құрал - жабдығы
«Робототехника тарихы» тақырыбында кроссворд дайындап келу.
|
5
|
5 мин
|
Сабақ бойынша ескертулер, рефлексия
|
|
Сабақ несімен ұнады? Сабақ үстінде кездескен қиындықтар?
|
Сабақ: №4 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________
Сабақтың тақырыбы: EV3 модулі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: EV3 модулімен таныстыру, қолдануды
үйрету, EV3 микрокомпьютерінің негізгі қызметтерімен,
техникалық спецификация мен ерекшеліктерінің мазмұнын білгізу,
білімін кеңейту, алған білім
жинақтау, мазмұндауға үйрету, қызығушылығын
арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту
Дамытушылық: логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын
дамыту, салыстыра білу қабілетін дамыту,
терең ойлау қабілетін
дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, танымдық
белсенділігін дамыту, ауызша есептеу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік : Елжандылыққа (патриоттыққа) тәрбиелеу, адалдыққа,
еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тілдік-эстетикалық
сезімдерін жетілдіруге, жұмыс істеуге
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих, технология, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, презентация, флипчарт, EV3 модулі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындату, сыныпты сабаққа дайындау (2-3 минут)
Үй тапсырмасын тексеру: тікелей үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Үйге берілген тапсырма: папкаларын толықтыру. 1.3 слайдын үйден оқып келу.
Білімді жан-жақты тексеру: бұрын өтілген тақырыптардың барлығын жан-жақты қайталап өту. Әдісі: сұрақ-жауап, жазбаша түрде.
1. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы не білеміз?
2. Робот техникасының тарихы және болашағы?
3. Курс жабдықтарымен танысу: LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы туралы айтыңыз?
Жаңа білімді меңгертуге дайындық: бүгінгі жаңа сабаққа байланысты оқушылардың бұрынырақ білетіндерін еске түсіру немесе соған ұқсас тақырыптарды еске түсіру.
EV3 дегеніміз не? EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны. «EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны береді.
EV3 Education жинағының құрамы
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 жинағының құрамы
1. Табан шынжырлардың жинағы;
2. Түрлі ұзындықтағы және түрдегі бөренелер;
3. Байланыстырушы сымдар;
4. Декорға арналған элементтер;
5. Түрлі байланыстырушы элементтер;
6. Түрлі көлемдегі тегершіктер;
7. Түрлі көлемдегі дөңгелектердің жинағы;
8. Түрлі ұзындықтағы белдіктердің жинағы;
9. Компьютерге қосылуға арналған USB кабель;
10. Бағдарламасы жазылған CD-диск;
11. Қос иіндер;
12. Қайта қуаттандырылатын Li-Ion аккумуляторлық батареясы;
13. EV3 микроконтроллері;
14. 2 үлкен мотор;
15. Орташа мотор;
16. Ультрадыбысты датчик;
17. Гироскопиялық датчик;
18. Жанасу датчигі;
19. Түс датчигі;
20. Қуаттандыру құрылғысы.
Жаңа білімді меңгерту: жаңа білім төңірегінде толық мағлұмат беру (сабақтың білімділік мақсаты қамтылу керек).
Сонымен, оқушылар алдыңғы тақырыпты қайталай келе бүгінгі жаңа сабағымыз EV3 модулі. Жаңа сабақтың мақсаты: EV3 микрокомпьютері туралы толық мағлұмат алу.
EV3 жұмыстың ми орталығы болып табылады.
Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды.
Негізгі қызметтері:
Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;
EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;
Орнатылған Bluetooth бақылаушы;
Wi-Fi қолдаушы.
Аталмыш бағдарламалаушы микрокомпьютер LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 роботының жүрегі мен миы болып табылады.
Микрокомпьютер қызметі:
микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне арналған өзгеретін түстер қызметі бар алтыбатырмалы интерфейс басқару;
жоғары өткізгіштігімен монохромды дисплей;
орнатылған спикер;
USB порт;
mini SD форматындағы жады картасын оқуға арналған слот;
4 порт енгізу және и 4 порт шығару.
Сонымен қатар, микрокомпьютер USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс ұстап тұра алады. Сондай-ақ бағдарламаланған интерфейс арқылы бағдарламаларды модульдың ішінде жазуға мүмкіндік береді.
Ол мобильді құрылғылармен жұмыс істей алады және қуат көзі ретінде АА батарейлерімен үздіксіз тоқ аккумуляторын қолданылады.
Техникалық спецификация мен ерекшеліктері
Процессор ARM 9 300 МГц жиілігімен.
Linux операциялық жүйесі.
Мәліметтерді енгізуге арналған төрт порты бар. Сұраныстың жылдамдығы 1 кГц.
4 шығу порты бар.
Орнатылған жады, 16 МБ флеш-жады және 64 МБ жүйелік жадысынан тұрады.
Mini SDHC форматының 32 ГБ дейінгі көлемдегі жады картасын оқуға арналған слот.
Алтыбатырмалы интерфейс басқару. Олар микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне қарай өзгеретін түстер қызметімен жабдықталған.
Монохромды дисплей 178 x 128 пиксел рұқсатымен графикаларды және датчиктерден алынған мәліметтерді көруге мүмкіндік береді.
Жоғарысапалы орнатылған динамик.
Микрокомпьютерде бағдарламалау және мәліметтерді тіркеу. Оларды EV3 бағдарламасына жүктей алу.
USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс.
USB 2.0 арқылы микрокомпьютерлерді бірізді тізбекте жалғай алу.
USB флеш-карталарын микрокомпьютерге қосу мүмкіндігі.
Қуат көзі ретінде 6 АА батареяларын және үздіксіз тоқ аккумуляторын (сыйымдылығы 2050 мАсағ) қолдану.
EV3: Батареялар. EV3 қосып жұмысты бастау үшін микрокомпьютерді қуат көзіне қосу қажет.
EV3 қуат көзінің 2 түрінен жұмыс жасай алады:
А. АА үлгісіндегі 6 аккумуляторлық батарея арқылы.
Б. Қуаттандыру құрылғысы және аккумуляторлық батарея арқылы.
Ешқашан әр түрлі типтегі батареяларды қолданбаңыздар (оның үстіне ескі мен жаңаны араластырмаңыз).
Зақымдалған батареяларды қолданбаңыздар.
Толықтай қуаттандырылған батарейкаларды EV3-тен ажыратыңыз.
Аккумуляторды ересектердің бақылауымен қуаттандырыңыз.
Қарапайым батареяны қуаттандыруға тырыспаңыз.
Қуаттандыру құрылғысы және батареялар су тимейтін жерде сақтаңыз.
Қуаттандыру құрылғысын қосу.
Аккумуляторлық батареяны ажыратыңыз. Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру құрылғысына қосыңыз. Қуаттандыру құрылғысын тоқ көзіне қосыңыз.
EV3 модулін қосу. EV3-ді қосу үшін ортада тұрған ОК батырмасын басыңыз.
Батырманы басқаннан кейін батырмалардың астында қызыл индикатор жанады және жүктелу мәтіні көрінеді. EV жүктелгенше күтіңіз. Бұл шамамен 20 секунд уақыт алады.
Индикатор жасыл түсті болған кезде, сіздің EV3 модуліңіз қосылды және жұмыс жасауға дайын дегенді білдіреді!
EV3 модулінің сөндірілуі. Жұмысты аяқтау терезесі шықпақанға дейін «Артқа» батырмасын басамыз.
«Иә» жауабын таңдау үшін «Оңға» дегенді білдіретін батырманы басамыз.
Ортасындағы «ОК» тетігін басамыз.
Батырмалардың астындағы жарықтың сөнуін күтеміз, сол кезде ғана EV3 толығымен сөнеді. EV3 сөнді!
Достарыңызбен бөлісу: |