Жанабаева Кунслу Куандыковна
Ақтөбе қаласы,
М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»
Сабаұтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің сюжеті мен композициялық ерекшелігіне қарай талдау жұмыстарын жүргізу, мінездеме, диалог туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу барысында өз ойын тиянақты, дәлелді жеткізе білуге төселдіру, диалог арқылы сөйлеу мәнерін дамыту;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға баулу. Шоқан бойындағы асыл қасиеттерді оқушы бойына сіңірту.
Сабақтың түрі: Іздендіру, зерттеу.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабаұтың көрнектілігі: Слайд, бейнежазбалар.
Ресурс: Маркер, парақшалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Топқа бөлу:
Балалар, айтыңдаршы, қазақ тарихындағы тұңғыштарды кім атайды?
Ыбырай, Абай, Шоқан.
Ендеше, үш топқа Ыбырай, Абай, Шоқан болып бөлініп отырайық.
І. Қызығушылықты ояту:
Оқушылар Шоқан Уалиханов туралы бейнебаянды тамашалайды.
Еркін жауап стратегиясы: (Жіңішке және жуан сұрақтар)
Не байқадық? 2. Фильм не туралы? 3. Бала Шоқан қалайша ғалым Шоқанға айналды? Оның бойындағы қандай қасиеттерді өзің үлгі тұтар едің?
Осы бейнебаяндағы Шоқан мен біз оқыған бала Шоқанның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?
(Оқушылар ойларын айтып, диалог құрайды)
ІІ. Мағынаны тану:
Үй тапсырмасын сұрау: «Алты қалпақ» әдісі.
Әр топ өздері қалаған қалрақтарды таңдап, олардың астына жасырылған тапсырманы орындайды.
«Ақ қалпақ» :
С. Бегалин «Бала Шоқан» хикаясын қалай жазған?
«Бала Шоқан» хикаятындағы Шоқан өмірі туралы не білесіз? Әңгімедегі кейіпкерлердің тарихтағы орны, қызметі мен еңбегі жөнінде не айта аласыз?
«Жасыл қалпақ»: Әңгіменің өзіңе ұнаған бөлімін сахналап көріңіздер. Шоқан мен Мысықтың, әкесі мен Шоқанның диалогін қарастыр.
«Сары қалпақ»: Әңгімедегі Шоқан мен Мысық. Әкесімен мен Шоқан және анасы мен Шоқан диалогтерінен Шоқанға мінездемеберіңіздер. Өзің өнердің қай түрін ұнатасың? Кім болғың келеді?
«Қара қалпақ» :
Әңгімеде саған ұнамаған, көңілді жабырқатқан оқиға немесе кейіпкер бар ма?
Ал сондай оқиға не адам біздің ортамызда кездесе ме?
Біздің заманымызда адам бір-бірінен несімен ерекшелінеді? (Жақып пен Мысық туралы)
Ол біздің қоғамымызда кездесе ме?
Біздің заманымызда адамдар бір-бірінен несімен ерекшелінеді?
Түйіндеу сөз (слайд):
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым , ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақ.
Ой сергіту: «Сұрақты ұстап ал» ойыны
Ішіне кәмпит толтырылған қалташа бір топқа лақтырылады. Топ қағып алып, жауап беру керек. Жауап бере алмаса, келесі топқа лақтырып жібереді.
Әңгіме авторы кім?
С. Бегалиннің 10 тілге аударылған шығармасының аты?
Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды? Оның негізгі ермегі не?
Шоқан үйінде Мысыққа бейтаныс көрінген не?
С. Бегалин қандай жазушы?
Шоқан қандайат мінген?
Тайдай тазы мен көк қаршыға бізге нені аңғартады?
Мысық мүсіндерін неденжасады?
Атқосшы жігіттің атыкім?
Пәуеске деген не?
Шоқан Мысыққа кетерінде не сыйлайды?
Шоқанға Мысықтың қандай қасиеті ұнады?
Жұптық жұмыс:
Шығармадан теңеулерді теріп жаз;
Көнерген сөздерді табыңыз.
Сабақты қорытындылау:
Түйінді сөздерді табыңыз:
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақтың түйінін жасайтын да кезге келдік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісіп, «Шоқанның тілегі» деген тақырыпта ой толғау жазып көріңдер.
Бағалау: Топтық бағалау
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма:
Шоқан, Абай, Ыбырайдың балалық шағы мен өміріндегі ұқсас және өзгеше жақтарын тауып, салыстырмалы талдау жасаңыздар. (Венн диагаммасы).
Достарыңызбен бөлісу: |