ІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Байтасова Гулзат Куандыковна
Өз тәжірибесі мен мектептегі әріптестер тәжірибесіне өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарауға себепші болуда. Бағдарламаның басты мақсаты: мектептегі әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеу мен көшбасшылықты дамытудағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру (МАН-6 бет). Мұғалім қандай болу керек және оқушыға не үйрету керек деген сауалды өзіме қоя отырып, жаңашылдыққа жету жолдарын бірінші «Бетпе –бет» кезеңінен алған білімім арқылы өз мектебімде практика кезінде қолдануды ұйғардым. Жеті модулді тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктіре отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жоспарладым. Модульдердісабақтарында ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің шеберлігі артса, оқушылардың ой-өрісі дамиды. Сол себептіде, бір орында тоқтап қалмай ары қарай даму үшін жаңашылдыққа ұмтылу қажет. Дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім түсіндіріп, ал оқушылар тыңдаушы ретінде сол алған біліммен ғана шектеліп, түсінгенін қайта айтып беретін. Сындырлы оқыту кезінде оқушылар өз ойларын еркін айтуға, өзін және бір-бірін оқыта отырып ойларын анық жеткізе алатын, алған білімдерін өмірде пайдалануға жол ашатынын түсіндім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға – мұғалім. (Strong, Ward & Grant, 2011). Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі. (МАН- 9-бет) Қазіргі заман ағымына сай дарынды, зерделі, саналы, білімді, интелектуалды дамыған оқушыларды оқытып, тәрбиелеп шығу үшін оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай, дүниетанымдарын кеңейтуде сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту әдістерін сабақта қолданудың маңызы зор. Себебі диалогтік оқыту сабақтың табысты да тиімді өтуіне зор ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдауға, ойларын дамытуға пайдасы зор.
Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдер болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. «Оқытуды үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету бар. (МАН,39 бет). Мен тәжірбие кезінде тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуді 5-сыныптың қазақ тілінен «Тіл дыбыстары. Дауыссыз дыбыстар » тақырыбында төрт сабақ өткіздім. Алғашқы сабақ өткізуімде оқушыларымның өзгертілген сабаққа үйрене алмағандарын байқадым. Себебі, бұрын топқа бөлініп, топпен, жұппен жұмыс жасап көрмегендіктен, уақытты үнемдеу жағынан қиындықтар туындады. Келесі сабақта оқушылардың біршама төселіп қалғандықтары байқалды. Өйткені оқушылар топқа бөліну кезінде өз ұсыныстарын айтып отырды. Әр сабақ өткізерде сыныпты топқа бөлуде түрі тәсілдерді қолданып отырдым. Соның нәтижесінде оқушылар бір-бірін құрметтеуге үйренді және бірін-бірі тыңдау дағдылары айтарлықтай қалыптасты. Сабақ өткізу барысында оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуде ақпараттық технологияны, яғни ғаламтор желісімен жүмыс жасауды, интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары-ның артқанын байқадым. Алайда бірден өзгеріс енгізу оқушыларға қиындық тудырды. Барлық бала бірдей емес, кейбіреулерінің білімі жоғары болса, кейбіреулерінің білімі төмен. Сол себептіде тапсырма беруде қиындықтар туғызды. Өзгертілген сабақтың арқасында топпен және жұппен жұмыс жасату арқылы білім деңгейі төмен оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы артты. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгірімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үрдісіне уақытылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді ( МАН-117 бет) сондықтан да сабақ арасында оқушыларға бірін-бірі бағалауда «Бас бармақ», «Үш рет шапалақтау», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «От шашу» т.б. бағалауларды көбірек қолданылдым. Себебі, сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай бағалауларды жиі пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынталарының, талпыныстарының, белсенділіктері мен қызығушылықтарының артатынын аңғардым. Сабақ соңында оқушылардың бірін –бірі бағалауы, бір –біріне кері байланыс жасау арқылы өтетіндігі қатты ұнайтындығы байқалып тұрды. Сонымен қатар оның кемшілк тұстарына асыра бағалаушылық пен жоғары бағалаушылық кездесті. Кейін осы мәселені шешу барысында оқушылармен баға қоюда шынайы және әділ баға қойылуы қажет екендігі аталып өтті. Өткізілген әр сабағымда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» бойынша диалогтік оқытуды көбірек қолданылдым. Мерсер мен Литлтон (2007) диалогтік оқыту сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейініғ өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. (МАН -82 бет) Сол себептіде де ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, осы тәсілді сабақтарымда жиі пайдаландым. Өткізген төрт сабағымнан кейін оқушылардың топта жұмыс жасауда ынтымақтастық атмосферасының қалыптасқанын, өзгелермен пікір алмасуға, өз ойларын ашық айта алатындарын, бірін-бірі бағалауда және кері байланыс жасауда өздерін еркін, ашық сезінетіндерін байқадым. Әр сабағымда «Білемін, білгім келеді, ұсыныс» әдісін қолданып отырдым, соның нәтижесінде оқушылардың сабақ барысында нені білетіндерін, нені білгісі келетіндерін біліп отырдым және келесі сабақты өткізуде өз ұсыныстарын жасап отырды. Осы ұсынысты жүзеге асыруды келесі сабағымда қарастырып, жүзеге асуын мақсат еттім. Білім тек дәріс арқылы берілсе оқушылардың алған ақпаратты сақтауы төмен деңгейде болатынын ұғындым. Алған ақпараттарын, білімдерін көрсету, талқылау, талдау арқылы қолданса, материалды терең меңгеруге қол жеткізе алатыны белгілі. Сол себептіде оқушыларға білімді тек мұғалімнің айтуымен ғана емес, өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілетін дамытуына жағдай туғызатындай тапсырмалар үнемі қолданып отыру қажет. Сол кезде диалогтік оқытуда оқушылар берілген ақпараттың негізінде ойланып, талдап, пікірталасуға үйреніп, әртүрлі пікірлермен танысып, шешім қабылдай алады. Алдағы уақытта оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі әдіс- тәсілдерді молынан қолдануды және уақытты тиімді пайдалануды жүзеге асырамын. Келешекте оқушыларымның өздерін шығармашылыққа баулып, келесі сабақта қандай ресурстарды қолдану керектігін өздері шешіп келетіндей, бір-бірін бағалауда, кері байланыс жасауда қателікке бой алдырмауын қадағалаймын. Қорыта келе, оқушыларымның білім алуына жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануы, өз –өздерін бағалауы, өз ойларын анық та еркін жеткізе алуы, оқуға деген құлшыныстарының артуы, бір-біріне деген сенімділіктің жоғарлауы, бір-біріне деген қарым-қатынастары дамыды.
Коучинг үрдісі тәлімгерлік үрдісімен байланысты: коучинг нақты тақырап бойынша әріптестерінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталған дағдылары мен жетістіктерін жетілдіру болып табылады (МАН-117 бет) .
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды (МАН-83 бет) Мектептегі тәжірбие кезінде мүғалімдермен «Диалогтік оқытудағы сұрақ қоя техникасы» тақырыбында коучинг өткіздім. Мұғалімдердің ішінде жаңа бағдарламамен оқыған ұстаздар болмағандықтан коучингке қатысуға бірден келісімдерін берді. Себебі, жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып білу заман талабы. Мектебім шағын жинақталған болғандықтан коучингіме тек бірлестік мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар мектептегі барлық ұстаздарды қатыстырдым. Мектеп ұстаздары да жаңашылдыққа құмар жандар. Алдымен мұғалімдерді коучинг жоспарыммен және оның мақсатымен таныстырдым. Жоспарланған күні коучингімді өткіздім. Алдымен мұғалімдерді «Мозайка» әдісі арқылы «Ашық сұрақтар» және «Жабық сұрақтар» деп екі топқа бөліп алдым. Содан кейін барып, «Мюстенберг» әдісі арқылы тақырыпты аштырдым. «Барлығы өз қолыңды» бейне жазба көрсету арқылы әр топ бес- бестен бейне жазба бойынша сұрақ тар құрастырды. Ұстаздар өз ойларын ашық айтып, постер құрып, оны қорғауда белсенділік танытып отырды. Бір-бірін «Айналмалы бекет» әдісі арқылы бағалады. Мұғалімдердің коучинг барысында қызығушылықтары байқалып отырды. Себебі, берілген әр тапсырманы орындауға белсенділік танытты. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Жексенбіні қалай өткіздің?» бейне жазба көрсете отырып, жұппен жұмыс жасатым. Жұппен жұмыс жасауда өздерінің ойларын бір-біріне ашық айтып, өз ойларын ортаға сала отырып, «Галлереяға саяхат» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалады. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш –жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серкітестер болып табылады. (МАН-83 бет) Сондықтанда ұстаздар бір-бірімен топтаса, жұптаса отырып жұмыс жасады. Сауылнама жүргізу арқылы мұғалімдердің бүгнгі коучингтен алған әсерлерін «Ия, жоқ» әдісі арқылы талқыладым. Коучинг соңында мұғалімдермен кері байланысты «Алақан» әдісі арқылы қорытындыладым. Ұстаздардың берген ұсыныстарына тоқталар болсам, болашақта осындай коучингтер басқа тақырыптар бойынша өткізіліп отырса және де тың әдіс –тәсілдер көрсетілсе. Болашақта ұстаздардың берген ұсыныстарын жүзеге асыруда жұмыс жасаймын. Өз сабақтарына керекті мәліметтерді алғандарын, оны іс жүзінде сабақтарында қолданатындарын да айтып өтті. Сонымен қатар коучинг барысында көрсетілген әдіс-тәсілдер өздерінің дәстүрлі сабақпен салыстыра отырып өзгертілген сабақтардың тиімді екендігін де атап өтті. Коучинг нәтижесінде мұғалімдер ұжымы бағдарлама мақсаты және мазмұнымен тереңірек танысып, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби кеңестерімен бөлісті. Жоспарлаған коучингім көңілге қонымды дәрежеде өтті деген ойдамын.
Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым –қатынас үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірбиелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлісмгерлік жұйелі қолдау көрсетуді көздейді. (МАН-120 бет) Мектепте тәлім алушы ағылшын пәні мұғалімі Қ. Р-ны таңдап алған болатынмын. Қ.Р. еңбексүйгіш, жаңалыққа жаны құмар, ізденгіш, өте зирек жас маман. Алдымен Р-ны өз тәлімгерлік жоспарыммен және мақсатымен, міндеттерімен таныстырып алдым. Жоспарға сәйкес тәлім алушы Р-ның 6- сыныпқа өткізген күнделікті дәстүрлі сабағына қатыстым. Сабақ басталмас бұрын мұғалім үй тапсырмасын тексерді, бір-екі оқушыдан сұрады. Қалған оқушылар үндемей отырды. Содан кейін мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, тақтаға жазып қойды. Сабақты өзі түсіндіріп, жаңа сөздерді тақтаға жазды, оқушылар оны көшіріп алды. Мәтін бойынша жұмыс жасады, тапсырма соңындағы сұрақтарға жауап беруде оқушылардың белсенділіктері байқалмады. Жаттығу жүмыстарын орындауда оқушылар оқулықтан көшіріп алып, қазақша аудармасын айтып шықты. Сабақ бір сарында өтті. Сабақта тәлім алушыға не керектігін, нені өзгерту керектігін бақылап отырдым. Сабақтан соң тәлім алушымен сұхбат жүргіздім. Алдымен тәлім алушымды орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспарларды қалай құру керектігімен таныстырып өттім. Оқу мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен, тізбектелген сабақтар топтамасына 7 модульді қалай кіріктіру керектігін айтып түсіндірдім. Не үшін өзгертуім керек? деген сұрақты басты назарға ала отырып, тәлім алушымды өзгертуде алдыма мынандай мақсаттар қойып алдым: тәлім алушымның педагогикалық ұстанымын, көзқарасын, іс-әрекетін өзгерту; сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту; жұмысқа деген белсенділігін арттыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін алдымен тәлім алушыма өзімнің тізбектелген сабақтарыма қатысуды ұсындым. Сабағыма қатысу барысында мұғалім оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстаулары, бірлесіп топпен жұмыс жасаулары, өз ойларын еркін және ашық жеткізудері, өз-өздерін бағалауларығы, бір-біріне кері байланыс жасаулары көңілінен шықанын айтты. Кейін өзінің өзгертілген сабағының жоспарын құрып, тексертіп алды. Мен слайд арқылы сабақты өткізу, түрлі тренингтер пайдалану тиімді екенін айтып өттім. Сабақта қандай ресурстар пайдалану керектігін де атап көрсеттім. Қалыптпастырушы бағалаудың кейбір түрлерімен таныстырдым. Мәселен, «Бағдаршам», «Бас бармақпен бағалау», «Смайликтермен бағалау» . Жоспар бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан бір сабағына қатыстым. Сабақ барысын түбегейлі өзгерткенде оқушылардың бірден үйрене алмағандығы байқалды. Себебі, бұрын оқушылар күнделікті дәстүрлі сабаққа қалыптасып қалғандықтан, оқушылар бойынан қорқыныш сезімі байқалып тұрды. Алайда ұстаздың шеберлігі арқасында сабақта оқушыларды топқа бөлуі, топ басшыларын сайлауы, үй тапсырмасын сұрауы, шығармашылық тапсырмалар орындатып, постер құрату, семантикалық картамен де жұмыс жасатуы, бірін-бірі бағалатуы, сабақ соңында кері байланыс жасатуы барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артқаны байқалды. Сабақ соңында оқушыларға стикерлер таратылып берілді, не ұнады? не ұнамады? Қандай ұсыныстарың бар деген сұрақарға оқушылар «топпен жұмыс жасау ұнады», «сергіту сәті ұнады», «кері байланыс жасау ұнады», әсіресе, «постер құрау ұнады» деп жазыпты да, өз ұсыныстарын білдіргенде барлық оқушылар осындай сабақтардың жиі болса деп ұсыныпты. Сабақ барысында оқушылаырдың білім көрсеткіштерінің сәлде болса артқаны байқалады. Тәлім алушымның «Дәстүрлі сабақта мұғалім ғана сөйлеп, сабақта жақсы оқитын оқушылар ғана көзге көрініп отыратын. Берілген тапсырманы бір сарында орындап келетін. Ал өзгертілген сабақ барысында оқушыларымның топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасап, ынтасы төмен деп санап жүрген оқушыларымның өзі жақсы жақтарымен көзге көріне бастап, сабақта белсенділік танытып отырды. Шығармашылық тапсырмалар орындату, постер құрату оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай дағдыларын дамытатынын байқадым. Алайда уақытты тиімді пайдалана алмадым. Сол жағы қиындау болды» деді. Осы кемшіліктерді жою үшін не істер едің? деген сұраққа тәлім алушым болашақта оқушыларымды сыни тұрғыдан жылдам ойлап, тапсырманы орындауда тез әрі шапшаң қимылдауға, соның нәтижесінде уақытымды тиімді пайдалануға, күнделікті сабағымды өзгертілген сабақ жүйесінде өткіуді алдыма басты мақсат етіп қойдым. Сонда ғана кемшіліктерім бірте –бірте жойылады деп ойлаймын, - деді. Келешекте тәлім алушыммен қарым-қатынасымды одан әрі дамытып, бірлесе жұмыс жасаймын. Білімдегі болып жатқан өзгерістерге ілесе отырып, өзімді де тәлім алушымды да өзгертуге тырысамын.
Рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар өрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үрдісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. (МАН-47 бет).
Мұғалімнің басты мақсаты- өз оқушысының сапалы білім алуын қадағалау. Қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған, білімді, заманауи қалыптасқан оқушы тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі де білікті де білімді болуы шарт. Осы мақсатта оқытылып жатқан курс бағдарламасы мұғалімнің заман талабына сай өзгеріп, сол өзгерісті оқушыларына беру керек деп санаймын. Өзгеріс енгізуде оқушыларға еркіндік беру, олардың идеяларын, ойларын, пікірлерімен санасу, еңбектерінің жемісіне қарай мақтап, мадақтап отыру, біліміне сәйкес әділ бағалау керек деп ойлаймын. Сонда ғана олардың жауапкершілік міндеттері артып, білім алуға деген құлшыныстары дамиды. Сабақ барысында жеті модульдерді пайдалану - мұғалім жұмысының өзгеруіне ықпалы зор. Себебі, әр өткізілетін сабағына модульдерді кіріктіру арқылы оқушылардың білімі мен біліктілік дағдыларын дамыта алады. Тізбектелген сабақтарымнан оқушыларымның шамалы болсада өзгергенін байқадым. Сабақ барысында бір орында тұрып қалмай, белсенділік танытуға, жан-жақты дамуға талпыныс жасағандары қуантты. Сабақта шығармашылыққа ұмтылу, ізденіске талпыну, кері байланыс жасау оқушылардың өзгеруіне тигізер пайдасы зор. Оқушының болашақта өзін қоғамға да , мемлекеттке де қай жағынан болсын пайдасы тиетінене көзі жетуі тиіс. Зерттеу көрсетіп отырғандай , оқу- бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтастығы. Оқушының оқуына қажетті және де оларды дамыту үшін мұғалімнің көмегі қажет болатын құзыреттер: ойлануға жүйелі түрде үйрену; өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау; оқу үрдісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. (МАН-68 бет). Міне, бойына осындай құзыреттіліктерді дамыта алған және өзгеріс енгізуге қорықпайтын оқушы өмірде өз орнын таба алатын тұлға болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |